Бөлімі: Жапсыру
Білім саласы: «Шығармашылық»
Мақсаты:
1. Көбелек туралы түсінік беру. Көбелектің тіршілігі. Сәйкестікті тауып 2 бөлікті жапсыру әдісін үйрету.
2. Бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын және жапсыру арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, эстетикалық талғамының қалыптасуына тәрбиелеу
Көрнекілік Көбелектер суреттері, Қанат бөліктері.
Сөздік: Бөлік, денесі, мұрты, қанаты
Жылулық шеңбері: Ұлдар көбелек қанаттарын киеді. Қыздар әр түрлі гүлден тақия киеді. 2 топ «Көбелектер»,«Гүлдер» бір — біріне тілек айтады.
Д/о «Кім тапқыр»
Мақсаты
Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. олар көрмейді екен және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.
Д/о Көбелек қандай ауа райын ұнатады?
Неге?
Барысы. Магнит тақтаға жыл мезгілдеріне байланысты суреттер ілінеді, бала қолына көбелек бейнесі беріледі
Сәйкес суретті тауып орналастырады, түсінік береді.
Көбелек туралы тақпақ білетін балала бар, тыңдап көрелік
Дарын
Көк көйлек, көк көбелек
Көздері дөп дөңгелек
Гүл көрсе күлімдейді
Қолыма ілінбейді
Көк шөптің арасынан
Түр — түсі білінбейді
Айару
Көбелек — ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ойнамайсың күлмейсің
Ұстап сені не керек
Кәусар
Көріп жаздың қызығын
Гүлден — гүлге самғаймын
Гүлдің ерке қызымын
Гүлден өзім аумаймын
Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам
Ал енді балалар осы әдемі көбелектерді өзіміз қағаз бетіне жапсырып, досымызға силық жасайық
1.Ол үшін бізге не жасау керек екенімізді түсіну үшін үлгі керек
Тақтаға үлгі ілінеді.
Тапсырма.
Әр столдағы 4 балаға көбелектің 4 қанаты беріледі, әдемілеп, сәйкестігін тауып, ұқыптылап көбелекті құрастырып, жапсырып шығамыз.
2. Қатты қағаздар, көбелек бейнесі, желім, сулықтар қажет.
Бекіту — рефлекция
Балалар жұмысы тақтаға ілінеді. Қай жұмыс ұнайды?
— Пікірлері сұралады. Неліктен осылай ойлайсың? ӨЗ ойын айтуға мүмкіндік туғызу.
Қимылды ойын «Үшінші артық»
Тапсырма. Сен неге бұл гүлді таңдадың?.
Балалар екі шеңбермен тұрады. Сырттағы бала/көбелек/ ұшып біреуіне қонады Артқы баламен ауысып қонатын орын іздейді.
Білуі керек
Жыл мезгілінің ерекшелігін, көбелектің тіршілік ортасын
Меңгерді. Көбелек мүшелерін, қанаттарының ерекшелігін, жеке бөліктерді біріктіре жапсыруды.
Жапсыру әдістерін үйренді, ұқыптылыққа, ұжымдаса жұмыс жасауға дағдыланды.
Мадраймова Перузия Марленовна
Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
Музыка жетекшісі