Home » Мақалалар » Кәсіптік – техникалық білім берудің маңыздылығы

Кәсіптік – техникалық білім берудің маңыздылығы

 

 

 

 

 

 

 

ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ» деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі–«білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр».

Инновациялық процестерді ендіру өзара байланыс негізінде анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық Білім беруді дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі–Тұжырымдама) мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.

Тұжырымдаманың құрылымы мыналарды қамтиды:

  • ағымдағы жағдай және білім беруді дамытуды тежейтін факторлар;
  • тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері;
  • білім берудің деңгейлері мен мазмұны;
  • тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер;
  • тұжырымдаманы іске асырудың кезеңдері.

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу.

Міндеттері: • білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру;

  • білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;
  • білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;
  • білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;
  • кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру;
  • әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізі мақсаты былайша айқындалады: «Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Болашақтың табысты экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет. Білімге негізделген экономика және қоғам, өмір бойы оқыту – бәсекеге қабілеттілік пен жаңа технологияларды қолдану проблемаларын шешудің, әлеуметтік бірлікті, тең мүмкіндіктер мен өмір сапасын жақсарту тәсілдері болуы тиіс» деп, қазіргі таңдағы қоғам мен мемлекеттің дамуы үшін білімді дамытудың маңыздылығын айқындай отырып, білімді дамытуда бірнеше міндеткерліктер жүктейді. Сондықтан да, соңғы жылдары еліміздің білім жүйесін жаңғырту мәселесі үнемі күн тәртібінен түспей, соның ішінде оқытудың мерзімі мәселесі қозғалып, орта білім жүйесін жаңа технологияға негізделген білім беру стандарттары мен жаңа бағдарламалары, оқулықтар жобасы жасалып, олар барлық деңгейде талданып келе жатыр. Орта білім саласындағы осы өзгерістер педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізіп, педагогикалық оқу орындары білім нәтижелерін осы тұрғыдан қарастыруға бағыт алуда.

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білімді одан әрі дамытуды қажет ететін ауқымды жобалар мен әлем тәжірибесіне негізделген инновациялық білім берілуі тиіс. Оның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тәжірибелік маңызы бар ғылым мен білімді дамытудың басым бағытына сәйкес келетін инновациялық жобаларды іріктеу, аймақтағы ғылыми-зерттеулерді дамыту және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ғылым мен білім жетістіктерін пайдалану болып отыр.

Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестер қарқынды даму үстінде. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына мықтап еніп жатыр. Соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан, білім саласын модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды көздей отырып, кадрлар дайындаудың мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында кәсіптік білімді дамытудың маңыздылығын айқындай келе, білім саласына қатаң тапсырма жүктеген болатын. Осы негізде кадрларды дайындаудың мамандандырылған жүйесін жасауда ғылыми техникалық прогресстің қазіргі деңгейін ескере отырып, білім беру саласына қойылатын жоғары халықаралық талаптарды да қанағаттандыру мақсатында еліміздің мұнайлы аймақтарында, кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе — дуальды оқыту әдісі енгізілді. Осыған орай, қазіргі қоғамға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде, дуальдау оқыту жүйесін ендіру осы салада нақты біліктілігі мен мамандығы бар кадрларға деген сұранысты арттырады деп болжам жасалуда.

Оқытудың «дуальдау жүйесі» дегеніміз не? Соған анықтама берсек. Дуальдау оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру – өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген ірі дамыған мемлекеттерінде мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуальды оқыту жүйесі өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Осыған орай, бұл оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шет елдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу басшылыққа алынды. Сондай-ақ, дуальды жүйенің басымдығы – оқытудың өндіріспен тығыз байланысы орнап, қазіргі таңда елімізге осы жүйе қолданысқа ене бастады.

Дуальдау реформасының жүзеге асырылуындағы негізгі бастама: Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» — деп, бұл оқыту жүйесінің техникалық салада алар орнын айқындап берген болатын. Сондай-ақ, колледждерде дуальды оқыту әдісін енгізу туралы нақты тапсырма да жүктеген. Осыған байланысты елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласында жаңа жүйе жасалына бастады. Дуальды жүйенің негізі – болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқуы. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, оқушы оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай, нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады.

Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы; төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.

Президент Н.Ә.Назарбаев: «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» деп жастарға зор үміт артады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат қандай дегенге тоқталар болсақ: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септігін тигізетін, жаңа технологияны меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу.

 

Сембаев Г.С. Баймуханов А.С.

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институтының қоғамдық -бұқаралық

байланыс және баспа қызметі бөлімінің бас мамандары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.