Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында дәстүрге айналған «Кәсіптік білім және бизнес әріптестер сұхбаты» атты облыстық еңбек форумы 2012 жылдан бастап аймағымызда тұрақты өткізіліп келеді.
Аталған еңбек форумы 2017 жылдың 27 қазан күні сағат 10.00-де «Абылай хан» колледжінің базасында өткізілді.
Еңбек форумының негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру саласында аймақтың еңбек ресурстарының баласына сәйкес сұранысқа ие өңіріміздегі жүзеге асырылып жатқан индустриалды – инновациялық жобаларға, сонымен қатар шағын және орта бизнес өкілдеріне қажетті кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстарының нәтижесі баяндалып, қол жеткен жетістіктер сараланып, алдағы жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалып, мақсат-міндеттері межеленетін, бір келісімге келіп ой бөлісіп, пікір алысатын алаңға айналып келеді.
Форум жұмысына меншік нысанына қарамастан Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары қатысты.
Форум аясында 3 секция жұмыс жасады, атап айтқанда:
1).«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы-Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық факторы» тақырыбында директорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы.
2) «Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұның жаңарту жолдары».
Бағыттары: 1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына модульдік-кредиттік технологияларды енгізу жолдары.
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына дуалды оқытудың әдісін енгізудегі ерекшеліктер.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
3) Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тәрбие жұмысы арқылы тұлғаның жалпыұлттық құндылықтарын қалыптастыру.
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік) жастар ісі жөніндегі комитеттерін дамыту жолдары тақырыбында секциялар жұмыс жасады.
Сонымен қатар, 4 байқау өткізілді, атап айтқанда:
1) Оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын бағдарлы байқау» көрмесі;
2) Білім алушылардың «Өнертапқыш — 2017» техникалық шығармашылық жетістіктерінің көрмесі;
3) Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының әдістемелік жұмыстарының көрмесі;
4) Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында «Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым-2017» көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.
Жеңімпаздар айқындалып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған форум жұмысына жалпы алғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының 225 өкілдері қатысты.
Форумның пленарлық отырысына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері қатысты.
Пленарлық отырыс білім алушыларды өндірістік мекемелерде машықтандырудан өткізу жайында колледждер мен әлеуметтік серіктестіктер арасында келісім шарттарға қол кою рәсімімен және техникалық және кәсіптік білім беру саласының үздіктерін, байқау жеңімпаздарын облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттаумен өз жұмысын аяқтады.
Қызылорда облысының білім басқармасы