Home » Мақалалар » Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс қимылының құқықтық негіздері

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс қимылының құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және қолдауға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамыту және қоғам үшін қолайлы жағдайлар жасауға, кәсіпкерлік бастаманы ынта ландыруға бағытталады. Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясында кәсіпкерлік субъектілеріне қажетті ақпарат қолжетімді және  ақысыз негізде беріледі. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілеріне жол берілмейді.
2017 жылдың басынан бері мемлекеттік инспекторларымен әкелінген 35195,823 тонна, 18 262 267 дана, 5929,19 м.куб. импорттық, әкетілген 75 486,266 тонна, 6734 дана экспорттық карантинге жатқызылған өнім қарап тексерілді. Қарап тексерілген карантинге жатқызылған өнімге барлығы 18 086 карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) актілері берілді. Сонымен қатар, 36 қайтару актісі және нұсқама берілді.
Барлығы 4297 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Берілген фитосанитариялық сертификаттар – 1292 дана, карантиндік сертификаттар – 3005 дана. Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) арқылы 5 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 3-карантиндік, 2-фитосанитариялық сертификат берілді. Электронды түрінде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы 2211 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 1560 – карантиндік, 651 – фитосанитариялық сертификаттар берілді. Қағаз түрінде 2081 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 1442 – карантиндік, 639 – фитосанитариялық сертификат берілді. Барлығы фитосанитариялық сертификат алуға 17 дәлелді бас тарту рәсімделді, оның ішінде 12 бас тарту электронды түрінде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы, 5 қағаз түрінде берілді.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізу кезінде кәсіпкерлермен ҚР «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының бұзушылығы 214 жағдайда анықталды.
Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізеді.

 

         А.Жұпархан,
«ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша
Аумақтық инспекциясы» ММ Өсімдіктер карантині қорғау және
фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің жетекші маманы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.