Home » Жаңалықтар » КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИЛІГІ: МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ БІРІККЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ

КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИЛІГІ: МӘНІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ БІРІККЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ

Қазіргі замандағы жағдайлардағы кәсібиліктің өсуі маман құзыреттілігінің кәсібилік мәселесін ерекше қарастырады. Кәсіби құзыреттілікке- тұлға маманның интегративті сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылады. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды. Құзыреттіліктің психологиялық негізі өз біліктілігін көтеру, кәсіби дамытуды дайындауды қажет етеді. Педагогикалық кәсіп бір уақытта басқарушы және өзгеруші болып табылады. Тұлға дамуын басқару үшін құзыретті болуы қажет.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түсінігі педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындықты және оның кәсіби сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың дайындығының мазмұны қандай да бір мамандық бойынша –педагог құзыреттілігінің нормативті моделі, кәсіби білім, шеберліктер мен дағдылар құрамын бейнелейді. Құзыреттілік сипаттамасы- бұл теоретикалық және тәжірибелік деңгейде талаптарды жалпылау.
Психологиялық- педагогикалық білім оқу бағдарламасымен анықталады. Психологиялық-педагогикалық дайындық әдіснамалық негіз жайлы білім және педагогика категорияларынан тұрады, тұлға дамуы мен әлеуметтану заңдылықтарын; тәрбие мен оқытудың  технологиялары, мақсаттары, мәні; балалар, жасөспірімдердің анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму заңдарын да көрсетеді. Ол мұғалім –тәрбиелеуші ойлауына негізделген. Психологиялық-педагогикалық және арнайы (пән бойынша) білім-қажетті, алайда кәсіби құзыреттіліктің жеткілікті жағдайы емес. Теоретикалық-практикалық және әдіснамалық білім, интеллектуалдық және практикалық шеберліктер мен дағдылардың алдын-алу болып табылады. Педагогикалық шеберлік- бұл теоретикалық білімге негізделген әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктердің мәні ішкі құрылымды түсінуді қажет етеді, яғни әрекеттердің бір-бірімен шарттасқан байланысы деп түсіну қажет. Бұл өз кезегінде педагогикалық шеберліктер мен практикалық мақсатта мүмкіндіктерді ашады. Мысалы: «әңгімелесуді өткізу» шеберлігі бөліктерге бөлінуі мүмкін: тақырыпты анықтау, қызығушылықтарды адекватты бейнелеу, оқушылардың қажеттіліктерін анықтау, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу амалдарын және әдістерін, түрлерін таңдау және т.б. Тура осы сияқты басқа да шеберліктерді анықтауға болады.
Педагогтың әлеуметтік-психологиялық бағыттарының маңызды сипаттамасы педагогикалық центрация болып табылады. Центарция- бұл педагогтың педагогикалық процесстегі әртүрлі жағын көрсететін бағыты. Центрацияның 6 типі бөлініп көрсетіледі: конформды- әріптестерінің ойлары, қызығушылықтарына центарциясы; эгоценрлік-өзінің «Мен» қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына центрация, әдістемелік немесе танымдық центрация. Оқыту әдістері мен амалдыран, мазмұнына назар аудару, администрация талаптарына центрация.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түрлері. Маман кәсібилігі нақты бір кәсіпке байланысты, кәсіби құзыреттілік түсінігі арқылы сипатталады.  Құзыреттілік – адам қабілеттілігі мен шеберліктері арқылы белгілі бір еңбек функцияларына ие болады.  Кәсіби еңбекті орындау жайлы айтқанда, оның жоғарғы деңгейде жүзеге асуы жайлы айтылады.Құзыреттілік- кәсіп талаптарына сәйкес дара сипаттама. Құзыреттілік жайлы адам еңбегінің нәтижелері жайлы айтуға болады. Кәсіби құзыреттілік педагогтың субъективті факторы болып табылады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі түсінігі мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін көрсетеді. Осылайша, педагог құзыреттілігі педагогикалық қызметтің теоретикалық және практикалық дайындығын жүзеге асырады.  Кәсіби құзыреттіліктің әртүрлі классификациялары бар. Жоғарыда аталған классификациядан басқа арнайы- педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, педагогтың ауто психологиялық және дифференциалды- психологиялық құзыреттілік, сол сияқты кәсіби құзыреттіліктің 4 түрі бар: 1. Арнайы құзыреттілік, 2. Әлеуметтік құзыреттілік, 3. Тұлғалық құзыреттілік, 4. Дара құзыреттілік.

Педагогтың арнайы құзыреттілігі деп кәсіби қызметті жеткілікті деңгейде жоғары деңгейде игеру, кәсіби дамуды жобалау. Әлеуметтік дағдылар біріккен кәсіби қызметке ие болу (топтық, кооперативті), сол сияқты кәсіби қарым-қатынас амалдарынқабылдау. Әлеуметтік дағдылар адамдарға қоғамдық өмір ережелерін және нормалар арқылы орындайды. Педагогтың әлеуметтік құзыреттілігі өз кәсіби еңбегінің нәтижесін қабылдау.

Педагогтың тұлғалық құзыреттілігі –бұл тұлғалық өзін-өзі дамыту амалдарын игеру.

Педагогтың даралық құзыреттілігі- бұл кәсіп негізінде даралықты өзін-өзі жүзеге асыру амалдарын игеру. Сол сияқты мамандардың дара құзыреттілігі дара өзін-өзі сақтау қабілеттілігі, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алу. Әртүрлі зерттеулер бойынша кәсіби құзыреттілігі бойынша келесі блоктар бөлінеді:

Арнайы білімдерге қатысты құзыреттілік (арнайы немесе арнайы – педагогикалық және әдістемелік)

—                     Әлеуметтік әсерлермен байланысты құзыреттілік (әлеуметтік құрамына, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік)

—                     Өзін-өзі тану аймағындағы құзыреттілік және басқа адамдардың дара ерекшеліктерін түсіну. (дара немесе дифференциалды- психологиялық құзыреттілік)

—                     Тұлғалық өсу және өзін-өзі жетілдіру қабілеттілігі (тұлғалық немесе аутопсихологиялық құзыреттілік).

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі жайлы оның еңбек процессі және еңбек нәтижесі бойынша талдауға

болады.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің еңбегі- мұғалім еңбегі, бұл жерде педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас, мұғалім тұлғасын жүзеге асыру. Педагог қызметі, педагог қарым-қатынас және мұғалім тұлғасын өзін-өзі жүзеге асыру мұғалімнің еңбек процессін сипаттайды.

Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің компоненттері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғасының педагогика аймағында және психологияда да ғылыми-теоертикалық білім жүйесін енгізеді. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл көпфакторлы құбылыс, оған мұғалімнің теоертикалық білімі және нақты педагогикалық жағдайға қолданылатын амалдар жүйесі, педагогтың құндылық бағдары, сол сияқты оның мәдениетінің интегративті көрсеткіштері кіреді (қарым-қатынас стилі, сөйлеу, өз қызметіне қатынасы және т.б.).

Педагогтың  кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөліп қараймыз: мотивациялық-еріктік, функционалды, коммуникативті және рефлексивті.

Мотивациялық-еріктік компонент: мотивтер, мақсат, қажеттіліктер, құндылық- бағдарлар, тұлғаның кәсіптегі шығармашылығын стимулдау жатады. Функционалды (лат- орындау) компонент білім түрінде көрінеді, педагогикалық қызмет амалдары түрінде көрініс табады.

Коммуникативті (лат. байланыстымын, қарым-қатынас жасаймын) компонент анық және нақты өз ойларын айту, сендіру, аргументациялау, талдау, рационалды эәне эмоционалды ақпаратты беру, тұлғааралық байланысты құру, өз әрекеттерін келістіру, ұйымдастыру және диалогты қолдау жатады.

Рефлексивті (ерте лат.- өткенге қарау) компонент саналы түрде өз қызметінің нәтижесін және өзінің даму деңгейін, тұлғалық жетістіктерін бақылау. Өз бойында креативтілікті, инициативтілікті, өзін-өзі талдауға бейімділікті қалыптастыру. Рефлексивті компонент тұлғалық жетістіктерді реттеу, адамдармен қарым-қатынаста тұлғалық мәнді іздеу, өзін-өзі басқару, кәсіби өсу, шеберліктерді жетілдіру болып табылады.

Шетелдік кәсіби педагогикада құзыреттілікті анықтауда өз бетінше және жауапты әрекет етуге назар аударады. А.Шелтен кәсіби құзыреттіліктің негізгі компоненттерін бөлу болып табылады:

—       Әлеуметтік құзыреттілік- топпен қызмет жасау; өз еңбегі бойынша жауапкершілікті қабылдау, кәсіби оқу амалдарын игеру;

—       Арнайы құзыреттілік-өз бетінші нақты қызмет түрін орындауға дайындау, типтік кәсіби міндеттерді шешу және өз еңбегінің нәтижесін бағалау, мамандық бойынша білім шеберліктерді өз бетінше шешу;

—       Индивидуалды құзыреттілік-үнемі біліктілігін арттыруға дайындық және өзінің кәсіби еңбегін жүзеге асыру, кәсіби рефлексияға қабілеттілік, кәсіби дағдарыстарды жеңу және кәсіби деформацияларды жеңу.

Кәсібилік тұлғаның жүйелік қасиеті ретінде. Кәсіпкер- адамның тұлғасы өте ұзақ теоертикалық оқу және практикалық қасиеттеріне бейімдеу. Психологиялық әдебиеттерде тұлғаның кәсіби қасиеттеріне бірнеше көзқарастар бар. Мысалы, Э.Ф.Зеер кәсіпкер тұлғасында 4 құрылымды бөліп көрсетеді. 1. Кәсіби-маңызды психофизиологиялық қасиет (нейротизм, экстраверттілік, реактивтілік және т.б.). 2. Кәсіби-маңызды сапалар құрылымы. 3. Кәсіби құзыреттілік құрылымы. 4. Кәсіби бағыт құрылымы.

Кәсібилікті білім, шеберліктер деңгейінің жоғарылығы деп қана емес, психиканың ұйымдастырудың жүйесі ретінде де қарастыру қажет.

Кәсібилікті «кәсіби-бағдарланған» тұлға құрылымымен байланысын қарастыра отырып, кәсіби тәжірибе, кәсіби құзыреттілік және кәсіби жарамдылық негізі болатынын көреміз. Кәсібиліктің даму деңгейінің  келесі кезеңдерін бөлуге болады:

а) кәсібилікке дейінгі, адам жұмыс жасайды, алайда кәсібиліктің нағыз деңгейіне жетпеген, оның нәтижелігі жоғары емес.

б) кәсібиліктің нағыз кезеңі, адам кәсіпкер болады, жоғарғы нәтижелер көрсетеді, бұл кезең фазалардың ауысуымен байланысты.

в) суперкәсібилік кезеңі немесе шеберлік кезеңі- кәсіби жетістікке жетудегі шыңына жақындау.

г)өз-өзін реттеу қабілеттілігі және стресске тұрақтылық;

д) кәсіби біріккен әрекет ерекшеліктері. Нәтижелік критериінің негізінде қосымша көрсеткіштерді қолдану мүмкін. Адамның кәсібилік процессінде белсенді рөлін есепке ала отырып, О.П. Паваренков бөлген 3 жалпылау критерийлеріне сүйенеді:

  1. Кәсіби өнімділік критерийі адам кәсібилігінің деңгейін және оның әлеуметтік-кәсіби талаптарға сәйкестігін сипаттайды. Бұл критерий нәтижеліктің объективтік көрсеткіштерін сипаттайды.
  2. Кәсіби біртектілік критерийі адамның кәсіптегі маңыздылығын және кәсіби қызметке деген қанағаттанушылығын және өзінің дара өсуін сипаттайды. Ол субъективті көрсеткіштер негізінде бағаланады. Адамның кәсіппен біртектенуі кәсіби Мен-тұжырымдамасы жолымен жүреді. Кәсіби «Мен-тұжрымдамасы»  кәсіби ұйым, кәсіби мәдениет, сол сияқты кәсіби норма, ереже, дәстүр негізінде жүзеге асады.
  3. Кәсіби ересектік критерийі, адамның өзіндік кәсіби мүмкіндігін және қажеттіліктерін кәсіби талаптарын жатқызамыз. Мұнда кәсіби өзін-өзі бағалау операционалды –қызметтік және тұлғалық аспектті бөліп қарайды. Біріншісі өзін субъект қызметінің бағасымен байланысты және ол кәсіби шеберліктер деңгейінде көрінеді (шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру). Екінші аспект өзінің тұлғалық сапаларын бағалауда көрініс табады.

Кәсібилік, жүйелік бағыттар жағынан қарауға, статистикалық емес, динамикалық болуы қажет.
Нақты зерттеулердің көрсетуінше, кәсібиліктің құрылымдығы  өзгерістер болады. Бұл процесс уақыт аралығындағы байланысты қосады. Кәсіби қызмет сипаттамасының тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Ксәібиліктің дамуының интенсивтілік даму фазасы. Қызмет дағдыларын қалыптастыруға қарай жаңа элементтерді қосады.
Педагогикалық шеберлік- бұл оқытушылардың кәсіби қызметінің жоғарғы деңгейі. Ол сырттай табысты шығармашылық шешімдер арқылы көрінеді.
Оның нақты сыртқы көрсеткіштері болып: орындаудың жоғарғы деңгейі, оқытушылардың жұмыс сапасын, оқыту нәтижесінің жетістіктері жатады.
Ішкі педагогикалық шеберлікке- білім, дағды, шеберліктер, психикалық процесстер, тұлға қасиеттерінің педагогикалық және ұйымдастырушылық қабілеттер, темперамент көрсеткіштері психикалық процесстер ерекшеліктері, психологиялық дайындық жүйесі жатады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Жолдасбекова С.А. Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін кәсіби даярлау. Алматы: Жаршы, 2008.
  2. Аубакиров С.А. Қазіргі заманғы мұғалім //Қазақстан мектебі. №6. Алматы, 2005.
  3. Рубцов, В. В. Психолого-педагогическая подготовка учительских кадров для новой школы / В. В. Рубцов //
  4. Вопросы психологии. – 2010. — № 3. – С. 57 – 64.
  5. Столяренко, Л. Д. Педагогическая психология: [учеб. пособие для вузов] / Л. Д. Столяренко. – Изд. 6-е; стер. – Ростов н/Д: Феникс, 2009. – 541 с.

Мустафина Арайлым Куандыковна
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,
Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.