Home » Жаңалықтар » «КӘСІБИ ШЫҢҒА БІРГЕ ӨРЛЕУ»

«КӘСІБИ ШЫҢҒА БІРГЕ ӨРЛЕУ»

«Өрлеу «Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында » Кәсіби шыңға бірге өрлеу » жас педагогикалық отбасылар слеті өтті.

Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың айтқандай «Жастар-болашақ жеңістердің негізі» . Слет Жастар жылы аясында өтті.

Кәсіби қызметінің жоғары нәтижелері мен шығармашылық әлеуеті бар 35 жасқа дейінгі облыстың жас педагогикалық отбасылары бір залда бас қосты.

Қостанай облысының 10 ең белсенді, қызықты, шығармашыл отбасылары «Кәсіби шыңға бірге өрлеу» облыстық слетінде өздерін таныстыруға мүмкіндік алды, өйткені біздің мемлекетке өз ісіне мүдделі, өз жұмысына қызығушылық танытқан жас мамандар қажет. Өмірде өз жолын таңдаған және өз еліне және қызмет ететін іске нақты пайда әкелу үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын адамдар.

Педагогикалық слеттің басты мақсаты жас педагогикалық отбасылардың кәсіби қарым-қатынасына ықпал ету, педагог мамандығының беделін арттыру, кәсіби шеберліктің өсуі, заманауи білім берудің өзекті мәселелерін талқылау болды.

«Мұғалім мамандығы: ұрпақтар сабақтастығы» диалог алаңының жұмысы барысында қатысушылар педагог мәртебесі мен өз отбасыларындағы мұғалім мамандығының маңыздылығы туралы айтып, отбасылық дәстүрлермен бөлісті және олардың кәсіби жолының қалай басталғанын еске алды. Ал педагогикалық әулеттен шақырылған қонақтар өз отбасыларында тәжірибесімен бөлісті.

Интерактивті алаңдар шеңберінде қатысушылар «4К» (сыни ойлау, коммуникация, Коллаборация, креативтілік) формуласы бойынша отбасылық құндылықтар мен кәсіби қасиеттерін жарнамалай,  жас педагогикалық отбасының портретін құрды. Заманауи педагогикалық технологиялар мен тиімді әдістерді көрсетті және өз өмірін шығармашыл жасауға мүмкіндік беретін ұсынымдар тізімін жасады.

«Кәсіби шыңға бірге өрлеу»  жас педагогикалық отбасылар слеті қатысушыларды марапаттау рәсімімен аяқталды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.