Home » Мақалалар » Кәсіби шеберлікті шыңдау курсынан алған жаңа әсер

Кәсіби шеберлікті шыңдау курсынан алған жаңа әсер

Еліміздің кемел болашағы, көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осы жылдың 18 қыркүйегінен 10 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлері мен тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың ұйымдастыру-педагогикалық аспектілері» тақырыбында аралас оқу режиміндегі қашықтықтан оқытудың біліктілікті арттыру курсына қатыстық. Курстың мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектісі бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелері әдіскері мен тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болды. Курстан алған әсеріміз, кәсіби-тұлғалық дамуымыз көңіл қуантады.

Курс барысы бес түрлі модульге бөлініп өтті. Атап айтсақ, нормативтік-құқықтық модуль, психологиялық-педагогикалық модуль, мазмұндық модуль, технологиялық модуль және вариативтік модуль.

Әрбір модульден кейін кәсіби-тұлғалық құзыреттілігімізді көрсете отырып, тыңдаушының өзіндік жұмысы мен тест тапсырмаларын тьютордың тікелей нұсқауымен орындап, порталға жүктеп отырдық. Әр модульдан кейін өткен онлайн кеңес, вебинар, онлайн конференциялар көмегімен онлайн режимінде іс-тәжірибемізбен бөлісе отырып, тапсырмалар орындау, ой-пікірлер бөлісуді қатар жүргізу бізді қатты қызықтырды. Нәтижесінде әр тыңдаушы жеке жұмыс жасай отырып, білім беруге деген жаңаша көзқарасын қалыптастырды.

Сонымен қатар, ерекше зейін салдырған заманауи Blended learning қашықтықтан оқыту курсы контентіндегі дәрістер мен таныстырылымдар әр тәрбиешіге үлкен кәсіби көмек болып, курс барысында тапсырмаларды орындауда қолданылып, материалдар қызықты, пайдалы және өзекті болды.

Курс барысында креативті шығармашылық ойлау қабілетіміз бен педагогикалық шеберлігіміз арта түскенін байқадық. Бұл курс біздің білімімізді кеңейтіп, кәсіби біліктілігімізді арттыруға мүмкіндік берді. Blended learning қашықтықтан оқыту курсы алдарына қойған мақсат-міндеттеріне толықтай жетті деп ойлаймыз.

Соңында айтарымыз, курстың өтуіне барлық қолайлы жағдайларды ұйымдастырғаны үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымына және тобымыздың тьюторы аға оқытушы Саттибаева Рая Мажитовнаға курс барысындағы көрсеткен кәсіби шеберлігі үшін алғысымыз шексіз!

Бакирова Айгуль Жасулановна

«Қуаныш» балабақшасы

Ажибаева Бакытгуль Ермековна

№102 «Айсулу» балабақшасы

Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.