«Мұғалім рухын бірде-бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да».
Адольф Дистервег
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясындағы «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы үш ай мерзімге жоспарланған біліктілік арттыру курсына қатысып, педагог ретінде ғана емес, адам ретінде мол рухани азық алдым.
Дәрісханалық оқытудың бірінші кезеңінде «Жүректен жүрекке» «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» бағдарламасының түйінді идеялары мен оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесін тыңдап, жаратылыстану пәндеріне интеграция жасап, сабақты жалпыадамзаттық құндылықтармен өткізу тәжірибесінен өттік, рухани-адамгершілік білімімізді дамыту және кәсіби шеберліктерімізді өсіруге ынта қойдық. Әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентация қорғап, топтық талқылауларда өзіміздің жеке және кәсіби тәжірибеміз туралы қайтадан терең ойландық. Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде жеке-дара зерттеулер жүргізіп, мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындадық.
«Түрлі пәндерді тереңдеп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат» КММ базасында көшпелі семинар ұйымдастырып, өзін-өзі тану сабақтарына қатысып, бірлесіп топтық талдау жасадық. Осы жұмыстарды жасай отырып біз:
-Тұлғамыздың рухани-адамгершілік тұрғыда өзгеруіне, ішкі әлеуетіміздің ашылуына мүмкіндік туғыздық;
-Тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік алдық.
Бағдарламаның тұжырымдамалық идеяларын қазіргі таңдағы сабақ жағдайында тәжірибелік жүзеге асыруда, өз бойымызда келесі дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз еттік:
— өзін-өзі тану сабақтарын жоспарлап, өткізуді;
— жеке және кәсіби өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарды тәжірибеге ендіріп, жеке тәжірибемізді талдап үйрендік;
— ата-аналар жиналысын, сабақтан тыс іс-шараларды Бағдарламаның түйінді идеяларын пайдаланып өткізуге бағыт алдық.
Курс барысында рухани-адамгершілік білім аясында тарихи-философиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеп үйрендік. Рухани-адамгершілік білім берудегі республикалық мұғалімдер қауымдастығына белсенді қатысып, ақпарат алмасу дағдысын қалыптастырдық.
Білім беру үдерісіндегі көлемді жаңғырту мәселелерін меңгеріп, дағды қалыптастыруда біздің бойымыздағы шынайылық қасиеттерді шығара білген шебер тренер Нұрова Рыскүл Жұмажанқызына алғысымыз шексіз.
Нағима Бозайқызы ҚАУҺАР,
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі,
курс тыңдаушысы