Home » Білім және өнер » Кәсіби білім берудегі — сапалы біліктілік

Кәсіби білім берудегі — сапалы біліктілік

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бізді әр кез «өздігімізден үздіксіз жұмыс істеуге, өзіміздің білімімізді, кәсіби біліктілігімізді арттыруға» шақыруда. Бұл алға қойылған ауқымды міндеттерді іске асырудағы педагогикалық білім беру мазмұнын жан-жақты жаңғырту, оның сапасын арттыру екені баршамызға аян. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады», — деп А. Байтұрсынұлы айтқандай Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы акционерлік қоғамының ұйымдастырған 2016 жылғы қазанның 17 мен қараша айының 12 аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту сапасын заманауи педагогикалық менеджмент негізінде арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсына қатыстық.

РҒӘО АҚ ұйымдастырған біліктілік арттыру курсы екі кезеңнен құрылып, «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары кадрлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру» курсы 223 бюджеттік бағдарламалар аясында бекітілген ҚР БҒМ 2016 жылғы 10 наурыздағы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагог кадрлері біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» №193 бұйрығы негізінде Шымкент қаласында колледж басшылары, арнайы пән оқытушылары, өндіріс шеберлері біліктіліктерін арттырды. РҒӘО АҚ бас директоры Қалмұратов Бегалы Оразалыұлы, бас директордың орынбасары Камашова Рима Гильманқызы, Бас менеджер Толегенова Зәуреш Нуркеевна, менеджер Усипбаева Балжан Тургунбековна және менеджер Сейткулова Гульзира Калмахановналар курс мазмұнын ашу үшін өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әр тыңдаушы қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етті. Әсіресе, Төлегенова Зәуреш Нүркеевнаға тыңдаушылар тарапынан айтылған алғыс мол болды. Өз ісін өте жоғары деңгейде білетін бас менеджер әр сабақтың маңызды өтуіне ерекше қарап, сала мамандарын дәріс беруге жұмылдырды. Осы орайда техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жасақтауға үлес қосқан «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакова өз қызметкерлерін РҒӘО өтінішін қанағаттандыруға байланысты курста дәріс беруге серіктестік жасауы басшының білімді де, білікті, білім саласында ерекше жауапкершілікпен қызмет атқарып келе жатқандығының тағы бір дәлелін көрсетті. Өзі басқарып отырған институттың «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасы қызметкерлерін ұсынған басшы өз пәндерін жақсы меңгерген жауапкершілігі мол, өз маманының шебері, білімді де білікті бірқатар оқытушыларға тоқтала кетсек: директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Ергешбаева Шынар Нальходжаевна, кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Медетбекова Меруерт Аскарбековна, аға оқытушы, филология

ғылымдарының кандидаты, доцент Рахимжанова Гульфазира Козыбаевна, аға оқытушы Ибраимова Зейне Байменовна, аға оқытушы Егембергенова Маржан Ыбрайханқызы, аға оқытушы Арысбаева Жаркинай Асетуллаевна , аға оқытушы Жангабулова Анар Асилхановна, аға оқытушы Садыкова Гулайм Абиовна, аға оқытушы Болганова Айгул Маликовна, аға оқытушы Байбақ Бибіхан Оңғарқызы, аға оқытушы Нарметова Дильдар Нарметовна, аға оқытушы Турсынбаева Зульфия Патаевналарға мол сенім артып курс тізгінін қолға алуды тапсырды. Сондықтан да «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры п.ғ.д., профессор Лаура Тұрлыбекқызы Искакова мен қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз.

Жалпы біліктілік арттыру курстары Шымкент қаласындағы №5 колледж бен ОҚПГ колледждері ғимараттарында ұйымдастырылды. Курс тыңдаушыларына барлық жағдай заманауи үлгіде жасалған. Кабинеттер талапқа сай жабдықталған. Ақпараттық коммуникациялық технология негізінде дәрістер жүргізілді.

Курста сабақ берген оқытушылардың дәрістері топ тыңдаушыларының көңілінен шығып, қызығушылығымызды және жауапкершілігімізді арттырды.

Атап айтар болсақ қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан ауқымды өзгерістер мен сабаққа қойылатын талаптар, ҚР ТжКБ білім беру стандарты, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары, модульдік технологиялар, кредиттік технологиялар, дуалды оқыту жүйесі, НЗМ тәжірибелерін тарату мақсатындағы жаңартылған бағдарламалар, корпоративті басқару, менеджмент, корпоративті мәдениет, жан басына шаққандағы ұаржыландыру секәлді дәрістер заман талабына сай оқытылды.

2016 жылдың қазан айының 26 жұлдызында Шымкент аграрлық колледжі базасында ТжКБ ұйымдарында дуалды оқыту жүйесін оқыту бойынша дөңгелек үстел, 2016 жылдың қараша айының 09 жұлдызында конференция ұйымдастырылып өткізілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының колледж басшылары, арнайы пән оқытушылары, өндіріс шеберлері қатысты.

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор , КР АШҒА академигі Д.А. Сыдық өз тәжірибесімен бөлісті.

ОҚО, Шымкент аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушылары Раманкулова Кенжеш Егизбекқызы, Аманкулова Батпа Усенбековналар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу-жұмыс бағдарламаларының заманауи үлгілерін таныстырылым жасап көрсетті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару мен білім беру сапасы» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к Медетбекова Меруерт Аскарбековна «Дуалды оқыту жүйесі барысында оқу үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу», «Жетекші он колледж және он ЖОО-на НЗМ тәәжірибелерін енгізу туралы», «Жаңа тұрпаттағы сабақтарды құрылымдау» тақырыптарында жасалған таныстырылымдар арқылы заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану керектігін айтып өтті.

Конференция соңында ШҚО, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Жанаева Шағангүл Алдамжановна өз сөзінде Мемлекетіміздің, еліміздің өркендеуі соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының 25 жыл бұрынғы Шымкентпен дәл қазіргі жағдайдағы Шымкенттің айырмашылығы жермен көктей керемет дамуы мен өсуі өте тамаша екендігін, бұл Қазақтың құйысқан жері, қазақтың рухы да, мәдениеті де, тәрбиесі де, ең бастысы білім алуы да осы жерден басталып, өркендеп, өркен жаюы тиіс екенін айтып, Рухани күш-қуат алғанын өлең жолдарымен шын жүректен жолдады. Тараз қаласы, Тараз-Ғасыр колледжі директорының оқу-ісі орынбасары Амирова Шахизада Бектурсыновна, Тлеубергенова Алия жүрекжарды тілектерін білдіріп өтті.

Курс тыңдаушылары өз ризашылықтарын РҒӘО АҚ ұйымдастырушыларына, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару мен білім беру сапасы» кафедра қызметкерлеріне, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор , КР АШҒА академигі Д.А. Сыдыққа, ОҚО, Шымкент аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушылары Раманкулова Кенжеш Егизбекқызы, Аманкулова Батпа Усенбековналарға ізгі адал сезіммен, ықыласты көңілмен шығармашылық табыстар тілеп «өте жақсы» баға берді.

Іс-шара соңында курс тыңдаушылары «кері байланыс» жасап, өз пікірлерін ортаға салып, әлі де болса шешімін таппай келе жатқан келелі мәселелер бар екендігін, алдағы уақытта алған біліктіліктерін өз тәжірибелеріне барынша қолданатындықтарын айтып, тарқасты. Сонымен бірге тыңдаушылар тарапынан жеке лекторларға қалдырған пікірлер де өз кезегінде мол болды.

1 2 3 4

Текелі қаласы, Текелі кәсіптік колледжінің директоры Нусупов Дауболат Бейсенбайұлы,
курс тыңдаушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.