Home » Жаңалықтар » Кәсіби білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету

Кәсіби білімнің үздіксіздігін қамтамасыз ету

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» «Мектепке дейінгі оқытудағы жаңа тенденциялар: тәжірибе мен нәтиже» тақырыбындағы облыстық интернет-конференция жұмысын аяқтады.
Конференцияның мақсаты мен міндеттері:
Жаңа білім беру парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі жаңартылған білім беруді қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңартуды енгізу педагогтардан мектепке дейінгі ұйымдарында білім беру үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа бағыттарды талап етеді.
Білім беру қоғамда екі басты функцияны орындайтыны белгілі:
біріншіден, адам өз өмірін төрт ортада сақтауға мүмкіндік береді:  экологиялық  (табиғатта), кәсіби (өндірісте), этикалық (қоғамда), заңнамалық (мемлекетте);
екіншіден, адамды өмірлік табыстарға, жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға – өз орнын табуға әкеледі. Бүкіл әлемдік қауымдастық адамға ертерек білім беру қол жетімді болса, ол соншалықты табыстырақ болатынын танып отыр.
Конференция педагогтарға жаңарту мәселелерін талқылауға және тқрт бағыттағы білім беру функцияларының мәліметтерін іске асыру бойынша тәжірибелерімен бқлісуге мүмкіндік беріп отыр:

  • мектепке дейінгі білім беру саласының заманауи педагогының кәсіби әрекетінің өзгешелігі.
  • мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру кеңістігін ұйымдастырудың әдістемелік бағыттары.
  • Жаңа МЖМБС енгізу кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік бағдарламасы.
  • Жаңа білім беру парадигмасы жағдайында мектепке дейінгі және бастауыш оқыту арасындағы сабақтастық.

Конференцияға қатысқаны үшін Қостанай облысының сексеннен аса педагогы сертификаттар алды.

С.П.Ионова
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ МДБОТТ
кафедрасының аға оқытушысы 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.