Жақында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен кəсіби бағдарлау жұмысы шеңберінде ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсуге үгіт-насихат мəселелерін қарау жəне ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтті.
Оған: Павлодар қаласы аумағындағы азаматтық қорғаныс органдарының офицерлері, əскери бөлімдердің əскери қызметкерлері, қала мектептерінің АƏД пəні мұғалімдері жəне директорлардың тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шара «Оқу орындарында кəсіби бағдарлау жұмыстарының» ұйымдастырылу тəртібіне негізделді.
Айгүл Молдаш
Білім айнасы
Павлодар қаласы