Home » Баяндамалар » КӘСІБИЛІК: ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІК ШЕШІМДЕРІ

КӘСІБИЛІК: ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ, ТӘЖІРИБЕЛІК ШЕШІМДЕРІ

Ұстаз жолы биік дер ем, ақ бұлттай

                             Сырлары көп таусылмайтын бұлақтай

                                                      Алыстағы армандарға жетелейтін  әрқашан

                                             Қандай ғажап, мен ұстазбын, өкінбеймін ешқашан

           Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады», – деп атап көрсеткен еді. Сондықтан білікті, білімді, бәсекеге қабілетті маман кәсіби жағынан ғана шебер болмауы керек, сонымен қатар өз елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, мемлекеттік тілді де жақсы білуі керек. Қазақ тілі қазіргі таңда барлық салада жүргізіледі, әсіресе қазақ тілін медицинамен байланыстыра өтілетін сабақтардың мазмұны өзгеше. Тілді мамандық тіліне бағыттап оқыту барысында, мәтіндерді мағынасына қарай іріктеп, тіл дамыту жұмыстарына көп көңіл бөлемін. Сабақ барысында мамандықтары бойынша алған білімдерін қазақ тілінде мамандықтарына қатысты жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлем құрауға, айтайын деген ойларын грамматикалық тұрғыдан дұрыс, логикалық бірізділікпен жүйелі жеткізуіне жағдай жасаймын.
Мен ұстаз ретінде байқағаным осы екі мамандақтың дәрігер мен оқытушының арасында  айрықша бір ұқсастығы бар екенін сезіндім. Егер дәрігер баланы тексеріп алмай, диагнозын қоя алмайтын болса, педагог та баланың психологиялық дамуын білмейінше, оқытудың тиісті әдістерін қолдана алмайды. Дәрігер емдеу барысында жаңа диагностикалық апараттарды қолданса, бүгінгі заман талабы да әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Біздің колледж орта буынды медицина қызметкерлерін дайындайды. Олар адам өмірінің арашасы. Бізден кеткен қателік, орны толмас қайғыға әкелуі де мүмкін. Сондықтан өткізілетін сабақтарымның әр бөлігін салмақтап, студенттер санасына жеткізетіндей етіп жоспарлаймын. Теориялық сабақтарымды жаңа технологияларды пайдалану арқылы өткіземін. Көбіне интерактивті оқыту түрлерін қолданамын, шынын айту керек, сабағымның әдемі, көрнекі өтуі үшін  ғаламтордың да  пайдасы өте зор және оқытушының жұмысын біршама жеңілдетеді. Ал тәжірибелік сабақтарымды колледжіміздегі симмуляциялық орталықта өткізуге тырысамын, себебі ондағы медициналық құралдардың атауларын көздерімен көріп  қазақ тілінде айтады. Бұл студенттердің ауруханаларда науқастармен қарым-қатынастың орнауына да оң әсерін тигізері сөзсіз.
          Жалпы мен өз сабағымды былай құрамын:
         Оқытушының  негізгі компонентіне:
Мақсаты — (не үшін үйренеміз?)
Мазмұны — (нені үйренеміз?)
Тәсілдер мен құралдар — (қалай үйренеміз?)
         Негізгі жалпы  мақсатыма:
         Өндірістік оқыту шеберлерінің – кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жаңа технологияларды қолдану.
         Міндеттеріме:
         Оқытудың белсенді түрлерін: — әңгімелеу, көрсету, түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдер арқылы жеткізу.
Қойылған өзекті мәселені әдістемелік тәсілдер арқылы шешу жолдарын жасау.
Осы тәсілдерді қолданудың нәтижелігін дәлелдеу. Қазіргі уақытта оқу орындарына дуалдық оқыту жүйесін  енгізу қарастырылуда. Ол үшін оқу орындарында мамандандырылған орталықтар ашу қажет делінген. Осы орайда  біздің симмуляциялық орталық және келісім шарт арқылы өтетін ауруханалардағы практикалық сабақтар осы дуалдық оқытудың алғашқы элементтері болмақ.
Студенттердің шығармашылық қасиеттерін ашу үшін, мен көбіне мына жұмыстарды көп пайдаланамын.
— ғаламтордан  керекті суреттер;
— деректі фильмдер ұсыну;
— бейнесөз, мағыналы сөздер келтіру;
— электрондық оқулықтармен жұмыс;
— қоғамдағы өзгерістерге байланысты пікір;
— баспасөз материалдарынан шолу;
— аурулар түрлеріне байланысты іс қағаздар үлгілерін жазу;
— ақпарат құралдарын пайдалана отырып, реферат, баяндама жазу;
— оқиғаға қатысты жағдаятты есептерді шеше білу;
Жалпы сабақ өткізу барысында технологияның қандай түрін қолдансақ та, негізгі талап – оқыту процесі арқылы студенттерге білімді меңгерту.
Яғни, болашақ мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету. Мен өзім  сабағымның сатыларын мына 4 деңгейлік шарт бойынша құрамын. Ал бұл кез келген білімді меңгеру үшін  өте тиімді. 1 мен 2 деңгейді теориялық сабақтарда қолданған тиімді, 3 пен 4 деңгейді  практикалық сабақтарда пайдаланамын.
1-деңгей – репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым түрі. Студенттер бұрынғы алған білімдерін пысықтайды, үлгі бойынша  түрлі тапсырмалар орындайды.
2-деңгей – репродуктивтік іс-әрекеттің  күрделі  түрі. Тапсырманы ғылыми теорияларға сүйеніп талдау, тапсырманы белгілі бір алгоритм бойынша орындау.
3-деңгей – эвристикалық берілген проблеманы өз бетімен шешуге үйрету, іздеп табуына жол сілтеу.
4-деңгей – шығармашылық, студенттер арасынан  дарынды,  таланттыларын анықтау, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын таңдауына түрткі бола білу.
Сабақ соңында әрине өтілген тақырып бойынша мақсатыма жеттім бе? — деген сұраққа жауап беру керек. Ал мақсатқа жету — бұл сабақ нәтижесінің көрсеткіші болып табылады.
Инновациялық сабақ дегеніміздің түпкі мақсаты — оқытушы өз сабақтарында заманауи технологиялардың элементтерін қолдану арқылы жан-жақты дамыған білікті маман тәрбиелеп шығару емес пе? Сондықтан өз сабақтарымда қолданып жүрген жаңа инновациялық технологияларды айта кетсем. Қараевтың «Сыни тұрғыда ойлауға» үйрету әдістерін қолданамын. Оқыту кезінде бұл әдістің тиімділігі берілген тақырыпты үш сатыға бөлу:
1-саты: «Ояту» (алғашқы мәлімет),
2-ші саты: «Жауап іздеу» (негізгі бөлім),
3-ші саты: «Ынталандыру» (бейімдеу).
Сабақты қорыту барысында «Бес бұрыш» әдісі яғни сабақ несімен ұнады, мұнда студент өз ойын еркін айта алады. Бұл технология тек теориялық сабақтарда ғана қолданған тиімді. Мысалы мәтінмен жұмыс барысында өте қызықты.
Ал «Ақпараттық-коммуникациялық» технологиялар элементін пайдалану тиімді, себебі мұнда көрнекіліктер (аурулар туралы деректі фильмдер), компьютер, ғаламтор  арқылы іске асырылады. Бұл әдістің тағы бір жетістігі «коммуникация» — латын тілінен аударғанда қарым-қатынас орнату, байланыс жасау, бір-бірімен араласу деген мағынаны береді. Сондықтан бұл әдісте студенттермен байланыста өтетін сабақтар. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны жиірек қолданып сабақ өткізу қызығушылықтарын арттыру және интерактивті тақтамен жұмыс жасау қазіргі білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі болып есептеледі. Кез келген оқу орындарында талантты, дарынды студенттер болады. «Дарынды балаларды оқыту» түрін  де кеңінен қолданамын. Мен шығармашылық жұмысты  үйірме түрінде өткіземін. Бұл оқыту әр ұстаз өз пәндері бойынша дарынды студенттердің қабілетін одан ары кеңейту, дамыту барысында өте үлкен жұмыс атқарады. Нәтижесі шәкірттерінің түрлі олимпиадаға қатысуы, жүлделі орындардың алуы олардың жемісі болмақ. Бұдан басқа «Оқыту және оқуды бағала»,
«Оқытуды басқару және көшбасшы» әдістерін кеңінен қолдануға тырысамын. Студенттер бір бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою студенттер арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтады. Бағалауда студенттер  өз — өздерін, бір — бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгереді. Сабақта студенттердің білімдерін бірлесе бағалау өте тиімді пайдалы. Оқу мен оқытудағы өзгерістердің бірі сабақ соңында рефлексия жасау. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға үйрету. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз өтуіне байланысты студенттер көңілдерін білдіріп отырады. Осыдан студент  өзіне қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.Ең бастысы студент өз ойын еркін айтып, дәлелдей, түйіндей білуге үйренеді. Осындай оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпалын жасайды. Мұндай әдіс-тәсілдер сабақтың басынан соңына дейін студенттердің  барлығы іс — әрекет жасап, студент  әрдайым ізденісте болуына, сабақты жоспарлау кезінде студенттің өз бетімен білім алуына, әрі талаптың да жауапкершіліктің де күшеюіне, оқу кезінде студенттің  ізденуі, талдау, қорытындылау  қабілеттерінің артуына әсер етеді. Айтарым, әр оқытушы сабақ өткізу барысында оқыту формасын, әдістерін таңдауда көп нұсқалық қағидалар бекітілген, бұл білім мекемелерінің ұстаздарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Осы ұсынылған әдістердің ішінен ұстаз өзіне керекті нұсқаны қолдануға, кез келген үлгімен ,тіпті авторлық өзгертілген үлгімен қарауға мүмкіндік беріліп отыр. Әрбір ұстазға тән қасиет жан-жақты білімді, икемді, шебер, ерекше шәкіртжанды, мейірімді болуы шарт. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», — деген тұжырымы бекерден-бекер айтылмаған. Өйткені, қазіргі жас буын — еліміздің келер күнгі келбеті. Ендеше бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты, байсалды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу заман талабы екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Дәрігер мен педагогтың мақсаты бір – адамның денсаулығы жақсы болса, соғұрлым оның білім деңгейі де жоғары дамыған болады. Дәрігер болсын, не ұстаз болсын оның кәсіби құзыреттілігінің шыңдалуы – өздеріне байланысты. Адам өз тағдырының қожасы.
Сөзімді қорыта келе, білім беру үрдісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттерінің  бірі.

 Амрина Гүлмира Қозыбайқызы
Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің
қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.