Мақсаты: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу, ит – жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіру. Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу. Балаларға үй жануарларының бірі күшік туралы мағлұмат беріп, әңгімелеу. Оның әдемілігін, сүйкімділігін сезінуге және қайырымдылыққа баурап, жануарлар дүниесіне қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: демонстрациялық суреттер, жұмсақ ойыншық күшік, слайд, дид/ойындар
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын
Музыкамен залға кіреді.
Келген қонақтармен амандасу.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Адамға серік
Күзетке берік. (Ит)
— Ит қандай үй жануар түріне жатады?
— Иттің төлін не деп атайды?
— Ит ызаланғанда қандай дыбыс шығарады?
— Ит қандай дыбыс шығарады?
— Күшік қандай дыбыс шығарады?
— Қане, ендеше бәріміз күшік сияқты үрейікші?
— Күшік кішкентай кезінде сүт ішеді, ал үлкен болғанда нені жақсы көреді?
Ғажайып сәт. Осы кезде қыңсылаған күшіктің дауысы естіледі.
- Бір дыбыс шығатын сияқты, ненің дыбысы болды екен. Ой, балалар, қараңдаршы мынау кішкентай күшік қой.
— Күшіктің көңіл-күйі қандай?
— Ол неліктен көңілсіз, жабырқаулы деп ойлайсыңдар?
— Күшік – кіп-кішкентай, сүп-сүйкімді, ақылды, құлақтары ұп-ұзын, жүні жұмсақ, бірақ күшік көңілсіз, жабырқаулы?
— Мүмкін ол өзінің атын ұмытып қалған шығар? Қане, оған ат қойып көрейікші.
— Күшік көңілденбеді, әлі жабырқаулы, енді не істейміз?
— Балалар күшікке жылы үйшік керек. Біз күшікке үйшік жасап беріп, қамқорымызға алайық.
Дидактикалық ойын: «Тез құрастыр»
Мақсаты: балаларға геометриялық пішіндерден әртүрлі заттар құрастыруды үйрену.
Ойынның шарты: әр баланың алдына шаршы, үшбұрыш, дөңгелек қиылып таратылады.
Біздің күшігіміз әлі көңілсіз, енді не істейміз? Мүмкін тақпақ айтып берерміз.
Балалар күшігіміздің көңіл-күйі көтерілген сияқты, әрі қарай көңілдендіру үшін күшікке сергіту сәтін жасап көрсетейік.
Сергіту сәті орындалады
Күшіктің көңілі көтерілген сияқты, енді айтарсын не болғанын?
КҮШІК: — Жарайды, мен далада ойнап жүрген балаларды көріп, олармен бірге ойнағым келіп, қастарына барғанмын. Ал олар болса, ойнап жүріп біресе құлағымды бұрады, біресе құйрығымды тартты. Құлағымды қатты бұрап ауыртып жіберген соң, байқаусызда балалардың біреуін тістеп алдым. Олар тас лақтырып қуа бастады, әзер қашып құтылдым.
-Балалар, ол балалардың бұл қылықтары дұрыс болды ма? Иттің құйрығын тартуға, құлақтарын бұрауға, көздерін шұқуға, жүнінен тартқылауға болады ма?
-Әрине, болмайды, 1-ден: олар өздерін қорғау үшін сендерді тістеп немесе тырнап алуы мүмкін, 2-ден: сендер оларды да жарақаттап қоюларың мүмкін. Естеріңде болсың, балалар, тамақ ішіп жатқан иттің қасына жақындап баруға болмайды, олар өз тамақтарын, кеміріп жатқан сүйектерін қызғанады, өзінің асын қызғанып шабуыл жасап тістеп, тырнап алулары мүмкін. Жануарлармен қарым-қатынас жасағанда үнемі сақ болуларың керек.
-Ал балалар күшікпен бірге ойын ойнайық.
«Төрт құбылыс» қимыл-қозғалыс ойыны.
Шарты: балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су»-десе қолдарын шапалақтайды, «ауа»-дегенде жоғары көтереді, «от»-дегенде екі қолын айналдырады, «жер»-дегенде аяқтарын топылдатады. Кім шатасса сол ойыннан шығады.
Сонымен, балалар ит – адамның досы. Ол үйімізді, ауламызды күзетеді. Ал енді мен сендерге күшіктің анасы иттің ерлігі туралы ертегі айтып берейін.
-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
-Ертегіде кімдер туралы айтылған?
-Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде күшіктің көңілін көтердік. Енді күшігімізді ортаға алып, оған арнап жылы сөздерімізді айтайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өз ойын жеткізе білуді;
Нені игереді: Сұраққа толық жауап беруді;
Нені меңгереді: Ит туралы ертегі мазмұнын түсінеді, иттің дос екенін.
Ермагамбетова Шынар Жұмабекқызы
№45 «Алтын бала» бөбекжайының
тәрбиешісі,
Ақтөбе қаласы