Мақсаттары: Жаттығу жұмыстарын орындау, қос сөздің, біріккен сөздің және жалпы күрделі сөздер туралы алған білімдерін қайталау. Жаттығуларды талдау, тапсырмалар арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Оқушыларға адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, әдемі жазуға, мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелеу.
Әдістері: сұрақ-жауап, жеке жұмыстар, топтық, ойын, көрнекілік әдісі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, «күрделі сөздер» тірек-сызбасы, ойындар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
-Сабақты бастамас бұрын бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Қайырлы күн, достар!
Қайырлы күн, қонақтар!
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Бүгінгі күн ашық болсын,
Сәттілікке толы болсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестіктер болсын.
-Жақсы, балалар, кілең бестіктер болу үшін бәріміз сабаққа жақсы қатысып, дұрыс жауап берулеріміз керек.
Сонымен, балалар, қай пәнге қонақтар келіп отыр?
-Қазақ тілі пәніне.
-Олай болса, сабағымызды тілге деген құрметпен бір шумақ өлеңмен бастайық.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
Топқа бөлу.
-Балалар, енді үстел үстінде жатқан геометриялық фигуралардың ұнағанын алу арқылы топқа бөлінеміз.
«Үшбұрыш» және «Төртбұрыш» деген топқа бөлінеді.
- Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, пысықтау.
-Үйге нешінші жаттығу берілді?
-6-жаттығу, қосарлама қос сөздің астын бір сызықпен, қайталама қос сөздің астын екі сызықпен сызу керек.
-Қане, кім оқиды?
(Жауапарын тыңдау. Дәптер жинау, тарату)
Сұрақ-жауап. I тапсырма. «Ой қозғау».
-Күрделі сөздер туралы не білеміз?
(Оқушылардың жауаптарын тыңдау).
«Үшбұрыш» тобы күрделі сөздің ережесін айтады.
-Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Олар бір сұраққа жауап береді. Күрделі сөздер түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: көркемөнерпаз, Жезқазған, ауыл-аймақ, торы ала, Нұргүл.
«Төртбұрыш» тобы: Қандай күрделі сөздер болатындығын айтады.
Күрделі сөздер бүріккен сөздер, қысқарған сөздер болып бөлінеді.
II тапсырма. «Үшбұрыш» тобы «біріккен сөз», «төртбұрыш» тобы қос сөздер туралы білетіндерімізді мына ақ қағазға жазасыздар.
Топ ішінен шығып тақта алдында қорғайсыздар. Болған топ қолдарын соғу арқылы белгі береді.
III тапсырма. Ауызша сөйлем құрау. «»
«Үшбұрыш» тобының оқушылары біріккен сөздері бар, «Төртбұрыш» тобы қос сөздері бар сөйлем құрайды.
Мысалы: Қараегін ауылында тұрамын. Найзағай жарқ-жұрқ етті.
IV тапсырма. Сөзжұмбақ шешейік.
- Жыл мезгілі. (қыс)
- Ең кіші екі таңбалы сан. (он)
- Екінің кубы (сегіз)
- Зеңгі баба тұқымы (сиыр)
- Ою-… (өрнек)
- Абайдың әжесі (Зере)
- Ұлттық аспап (домбыра)
- 8; 4 (екі)
- Алғыс айтуды білдіретін сөз (Рахмет)
- Қос сөздер – деген сөз шықты.
Біз бүгін қос сөздер туралы білімімізді одан әрі жалғастырамыз.
Жаңа сабақ. Оқулықтарымызды, дәптерлерімізді ашайық. Бүгінгі күнді жазайық.
Тақырыбы: Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер. V тапсырма.
- «Үшбұрыш» тобының тапсырмасы. Мәтінді кезекпен оқып, көшіріп жазу.
Қос сөздерді тауып, қалай жасалғанына көңіл бөлу. Қос сөздердің бірінші сыңарының тұлғасына назар аударту.
Нәп-нәзік, моп-момақан, жұп-жуас. Күшейткіш буын арқылы жасалған.
Бірінші сыңары мағынасыз, екінші сыңарының мағынасы бар.
Шеп-шеп- бір сөздің қайталануы арқылы жасалып тұр.
«Төртбұрыш» тобының тапсырмасы.
2-жаттығу, өлеңді жатқа жазу. Қос сөздердің күшейткіш буынын тауып, астын сызу керек.
(Жап-жасыл, қып-қызыл)
Сергіту сәті. Бейнеоролик.
V тапсырма. «Үшбұрыш» тобы 3-жаттығу ды орындайды. Қарамен жазылған сөздерге күшейткіш буын қосып, сөйлемдерді көшіріп жазу керек.
«Төртбұрыш» тобы 4-жаттығуды көшіріп жазады. Қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қояды.
Ойын: «Кім көп біледі?» Қос сөздерді жасалуына қарай үш топқа бөліп жазады. Қай топ көп жазса, сол топ жеңген болып есептеледі.
Қорытынды. Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Қасенова Айтбала,
Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қараегін ауылы.
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі