Home » Баяндамалар » Күрделі тіл кемістігі бар балаларды мектеп алды инклюзиялық білім алуға дайындау

Күрделі тіл кемістігі бар балаларды мектеп алды инклюзиялық білім алуға дайындау

Бұл жұмыста күрделі сөйлеу тіл кемістігі бар балаларға психологиялық, педагогикалық сипаттама беріледі. Пайда болу себептерінің факторлары туралы мәлемет жазылды. Балаларды инклюзивті білім беруге дайындау мәселелері қарастырылады. Бас миының органикалық зақымдануымен байланысты сөйлеудің ауыр бұзылуы жиі жалпы білім беретін мектепте толыққанды оқытуға кедергі жасайды. Осыған байланысты инклюзивтік білім беру жолдарын іздеу туралы мәселелер туындайды, мектепке даярлаудың жолы ұсынылады.

Қазіргі кезде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде 70% жалпы сөйлеу бұзылыстары бар балалар (күрделі тіл кемістіктері, жалпы сөйлеу дамуының тежелуі, фонетико-фонематикалық дамымауы ).

Р. Е. Левина, Г. В. Гуровец, И. Т. Власиленко, Е. М. Мастюкова балаларда кездесетін күрделі сөйлеу кемістігінің психологиялық және педагогикалық процесін зерттеумен айналысты.  Авторлардың берген анықтамасы бойынша,  күрделі тіл кемістіктері — бұл дамуында ауытқушылығы бар бас миының органикалық зақымдалуының салдарынан, есту арқылы қабылдауы бұзылған,  психикалық үрдісінің қалыптасуына әсер ететін айтарлықтай сөйлеу ақаулары бар балалардың ерекше санаты. Күрделі тіл кемістіктері бар балалардың сөз қоры аз, физиологиялық жағынан түрлі кемістіктері болғандықтан сөйлеу қабіеттері шектеледі. Сөйлеу тілінің ауыр бұзылуына байланысты, тілдің дыбыстық, сондай-ақ лексикалық, грамматикалық жақтарын толық қалыптаспағандығы көрінеді. Осының салдарынан осы санаттағы балалардың көпшілігінде ойлау, сөйлеу жалпылауының шектеулілігі, оқу мен жазудағы қиындықтар кездеседі. Балаларда эмоционалды-ерік саласында да ауытқулар байқалады. Оларға қызығушылықтың тұрақсыздығы, төмен байқаушылық, мотивация, тұйықтылық, негативизм, өзіне сенімсіздік, жоғары тітіркенгіштік, агрессивтілік, реніштік, айналасындағылармен қарым-қатынаста, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасауда қиындықтар тән. Осы санаттағы баларларға алалия, афазия, тұтықпа, ринолалия және дизартрияның түрлері жатады.

Қазіргі уақытта  Р.Е Левинанның жіктемесі бойынша  логопедияда сөйлеу бұзылыстарының екі негізгі классификациясы бар: клиникалық-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық.   Бұл классификациялар көбінесе балалардағы сөйлеудің бастапқы бұзылуына қатысты жасалған. Клиникалық классификациясы негізінде сөйлеу жетіспеушілігінің себептері (этиологиясы) мен патологиялық көріністері зерттелінген болатын. Бұл дауыстың бұзылуы (дисфония, афония), сөйлеу қарқынының бұзылуы (брадилалия, тахилалия),  дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу мен оқудың бұзылуы (дисграфия, аграфия, алексия, дислексия).

Күрделі тіл кемістіктерінің пайда болу себептері әр түрлі. Мұндай бұзылыстардың пайда болуына ықпал ететін факторлар арасында жағымсыз ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) болып бөлінеді. Мысалы, құрсақішілік патология ұрықтың дамуының бұзылуына, атап айтқанда, сөйлеу патологиясына әкеледі: құрсақішілік гипоксия, токсикоз, ананың вирустық және эндокриндік аурулары, ұрықтың жарақаттары алкоголизм, темекі шегу, иондаушы радиация, тұрақты діріл және т. б.әсіресе, құрсақішілік даму кезеңінде әсер ететін бірқатар қолайсыз факторлардың үйлесуі (4 аптадан 4 айға дейін жиі).  Көп жағдайда күрделі тіл кемістігі бар балалар қалыпты балалардан инттелектілік жағынан артта қалғандағы көрініс береді. Мұндай кемшілік қалыпты құрдастарымен жалпы мектепте оқуына кедергі келтіреді. Сондықтан ерте жас кезеңінде арнайы мамандар жұмыс жасау негізінде баланың компенсаторлық мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана отырып түзету жұмыс жүргізілуі тиіс.  Күрделі тіл кемістігі  бар балалар міндетті түрде білікті логопедтің көмегін алуы қажет. Мектеп жасындағы балаларға логопедтік көмекті жалпы мектептер жанындағы арнайы пункттерде да алуға болады. Сөйлеу тілінің  күрделі тіл кемістігі  патологиясы бар соматикалық әлсіреген балалар психоневрологиялық санаторийлерде логопедиялық көмек алады, онда оларды 3 ай мерзімге емдеуге жібереді. Бұдан басқа, сөйлеу кемістігі бар балалар үшін арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінің желісі бар. Бұл балабақша, балабақша жанындағы арнайы топтар, арнайы балабақшалар мен мектептер жатады. Күрделі тіл мүкістігі бар балалардың дамуы жағдай әр түрлі болғандықтан қоғамда жеке тұлға болып қалыптасу мүмкіндіктері шектелуде. Осы санаттағы балалар  өз деңгейіне сәйкес емес мекемелерде білім алуға мәжбүр. Алайда, осы балалардың білім мұқтаждығын қалыптастыру мақсатында инклюзиялық білім беру үрдісі қалыптастырылуда.

Қазіргі таңда барлық әлем  назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.

Инклюзивті оқыту – ерекше мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

2002 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетулік қолдау туралы» Заңы [3, 3бет.] күшіне енді, онда тек арнайы білімге ғана емес, олардың қоғамдағы орнына да басқа көзқарасты көрсететін, осы санаттағы балалардың құқығын қорғауға қағида түрінде жаңа — инклюзивті – тәсіл бекітілген. Бұл  заң әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетулік қолдаудың формалары мен әдістерін анықтайды, мүмкіндігі шектеулі балаларға тиімді көмек жүйесін құруға, олардың тәрбиесіне, оқуына, еңбектік және кәсіптік дайындығына, бала мүгедектігінің алдын-алуға байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мекемеде мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн. Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық- педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.

Инклюзивті оқыту — барлық мүмкіндіктері балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен сыныптарына балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК–ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға беруге міндетті. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер – психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофренопедагог, логопед мұғалімдері болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш сыныптың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курыстарына оқытып алулары қажет.  Ең алдымен, мектепте оқуды бастауда  балалардың өздері ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарының психологиялық дайындығын талап ететінін атап өткен жөн, өйткені осы санаттағы оқушылар үшін бірінші сыныпқа көшу психологиялық сипаттағы елеулі қиындықтармен ұштасады. Мысалы, күрделі тіл кемістігі бар балаларда айналасындағылармен байланыс қиын.

Алайда, бұл балалардың ой-өрісін сақтау және сөйлеуді есту қабілеті бар фактіге қарамастан, олар үшін басқа адамдармен, әсіресе құрдастарымен байланыс орнатудың үлкен күрделілігін білдіреді, оларға төмендеген психологиялық мотивация, тұйықтылық, өз мүмкіндіктеріне сенімділіктің болмауы, айқын негативизм, оның ішінде білім беру әсеріне қатысты, сондай-ақ шытырмалылық, жоғары қорлаушылық және көптеген жағдайларда басқа адамдармен, әсіресе құрдастарымен байланыс орнатудың аса күрделілігін көрсетеді. Бас миының органикалық зақымдануымен байланысты сөйлеудің  күрделі бұзылуынан  жалпы білім беретін мектепте толыққанды оқытуға кедергі жасайды. Осыған байланысты инклюзивтік білім беру жолдарын іздеу туралы мәселелер туындады. Инклюзиялық мектепке дейінгі мекемелердегі арнайы мамандар күрделі тіл кемістігі бар балалармен түзету жұмысының мектеп алды даярлаудың  жолы ұсынылады.

Инклюзивті оқытуға дайындау нәтижелері келесі аспектілерде көрінетін баланың психологиялық дайындығымен ұсынылуы тиіс:

  • Мектеп алды кезеңде күрделі тіл кемістігі бар баланы инклюзиялық оқытуға дайындауда  — баланың алдында жаңа мүмкіндіктердің келешегін ашады деген сенімді  қалыптастыру,
  • Баланың ерік-күші мен қандай да бір шешімдерді эмоционалдық аясына қолдану,
  • пайда болған қиындықтарды жеңуге тәрбиелеу,
  • басқа адамдарға қамқорлық жасауға дайындығын болжайтын эмоционалдық дайындық;
  • интеллектуалдық дайындық, яғни оқыту басталған сәтте балада қарапайым білімнің және қарапайым логикалық операцияларға әзірліктің болуы:
  • бала салыстыра білуі, қорыта білуі, талдай білуі тиіс, ұсақ қолдың моторикасы және қимылдарды үйлестіру,
  • сондай-ақ оған бағытталған сөйлеу нұсқауларын түсіну қабілеті дамуы тиіс,
  • қоршаған ортамен (мысалы, педагогтармен және құрдастарымен) қарым-қатынас қызметінің қалыптасуын болжайтын әлеуметтік-психологиялық дайындық);
  • сөйлеу дайындығы-бұл ең басты аспектілердің бірі болып табылады.

Алайда, осы аспектілер көлемінде инклюзиялық мектеп алды дайындық жұмысының жүйелігін құрастырып жасау міндеті әлі шешілмей келеді. Мұның басты себебі, күрділі тіл кемістігі бар балаларды оқыту жұмысы мектепке дейінгі мекемелерде өз жүйесін тапқанмен, инклюзиялық білімге дайындау бағдарламасының құрылмауы,  арнайы мамандардың жетіспеушілі, қоғамдаға ата — аналар арасындағы мүмкіндіктері шектеулі бар балаларға тең құқылы білім беруге қарсылықтары негіз болып табылады.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей алатынымыз сөзсіз.

 

Байрахметова Нургул Есимханкызы,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті дефекталогия мамандығының магистранты 1 категориялы мұғалім-логопед.

Жетекшісі:

Тюлюпергенева Раушан Жомартовна
Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті, психология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Нищева Н.В. Примерная программа коррекционно-развивающей работы в

логопедической группе для детей с общим недоразвитием речи (с 3 до 7) в

соответствии с ФГТ. – СП б.: ООО издательств «Детство-пресс», 2012.

2.Попов А.С., Мусыкаева Ф.В. Актуальные вопросы и инновационные подходы  обучения и воспитания детей с тяжелыми нарушениями речи: сборник методических статей. – М.: 2012. –112 с.

3.Филичева Т.Б., Чиркина Г.В., Туманова Т.В. Программы для дошкольных

образовательных учреждений компенсирующего вида для детей с нарушениям речи. Коррекция нарушений речи – М.: Издательство «Просвещение», 2010.

4.Базисный учебный план специальных (коррекционных) общеобразовательных учреждений V вида (I отделение). – Приложение к приказу Министерства образования РФ от 01.04.2002 г.

5.Сборник «Современные подходы к коррекционно образовательному процессу в школе для детей с тяжёлыми нарушениями речи», М., АПК и ПРО, 2003.

  1. Қазақстан Республикасындағы арнайы және инклюзивті білім берудің жағдайы мен дамуы. Аналитикалық баяндама 2016ж

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.