Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Күйзелістің алдын-алу жаттығуы

Күйзелістің алдын-алу жаттығуы

/жас мамандармен өткізілген дамытушылық-психологиялық тренинг/

  • Тренингтің мақсат-міндеттерімен таныстыру

Мақсаты: Тұлғаның ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіне алуға үйрету. Тұлғааралық қарым-қатынаста туындайтын эмоционалдық күйселістің алдын-алу. Психологиялық тұрғыдан қолдау. Сенімділіктерін арттыру.

Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:

— Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.

— Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.

— Өзгелердің қызығушылығымен санасу.

— Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.

«Күлімдеу» жаттығуы

Қатысушылар бір-біріне қарап күлімдеп, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады.

Айнаның алдында тұрып, омыртқаңызды тік ұстаңыз, иықтарыңызды жазыңыз, басыңызды паңдана, тәккәпәрлықпен жоғары көтеріңіз. Өзіңізге-өзіңіз нұр сәулелі күлімдеңіз, қастарыңызды көтеріп, тап осы күйде 5 минут тұрыңыз. Жасанды түрде жақсы көңіл күй жасай отырып, бетіңіздің бұлшық еттеріне ықпал ете, сіз өзіңіздің жан дүниеңіздің күйіне тікелей әсер етесіз.

   Ұйқыдан соң сіздің бейсанаңыз ашық болады, сондықтан да бұл жаттығуды таңертеңгілік жасаған жөн. Сонда таңертеңнен кешке дейін жақсы көңіл-күйде боласыз!

   Естеріңізде болсын……

«Күлімдеу кезіндегі бұлшық еттердің жайылуынан» мұрын айналасындағы үшбұрышта «эндорфин» деген деген күлімдеу гармоны бөлінеді екен. Жақсы көңіл-күйдің себебі міне осында болып тұр. Күлімдеу – керемет бір күшпен әрбір адамда бар ішкі энергияның қорын ашады.

…….. Бірнеше секунд көлемінде, көзімізді жұмып, қатты күлген кезімізді есімізге түсіріп көрейік. Күлеміз ……

Күйзелістен арылу «рецебі»

Не нәрсеге болса да қарапайым көзбен, салқынқандылықпен қарау! Бар жан — тәніңізбен күліңіз және Сіздің осы өмірге келгеніңізге, сіздің бар екендігіңізге, кім болғаныңызға, өміріңізде бар нәрсеге Ғаламның қатысы бар екендігіне ризашылығыңызды білдіріңіз. Жарық дүниеден алғысыңызды аямаңыз!

«Мен – жақсы, Мен — жаман» жаттығуы.

Параққа екі бөлікке бөлініп жазылады. Жақсы қасиеттер саны көбейгенше жүргізіледі.

«Проблемаларды қиып тастаймын» жаттығуы

Өзіңізден қарағанда ақ парақтың оң жағына өз проблемаларыңызды шатасқан жіп күйінде сурет етіп салыңыз. Кескіннің төменгі жағына «Менің проблемаларым» деп жазыңыз. Немесе оны нақтырақ атауыңызға болады. Кескіннің сол жағына өзіңіздің суретіңізді бейнелеңіз де есіміңізді жазыңыз. Содан соң проблемаларыңызды қиып тастаңыз. Сіздің көрнекті түрде көзіңіз жетті: проблема жойылып кетті. Өз қолыңызбен бір сәтте оны қиып тастадыңыз. Атап айтқанда, туындаған қиын жағдайды жеңіл шешуге болатындығын дәл осы іс әрекет арқылы жеңесіз.

Есіңде болсын …….

Шыдамды бол!.

Сенімділікті дамыт!

Өзіңді басқа адаммен салыстырма!

Бақытты болуды үйрен!

«Ашығын айтқанда» жаттығуы

Мақсаты: эмоциялық күйреу проблемаларын педагогтардың санаулы мен вербализациясы.

Нұсқау: аяқталмаған сөйлемді ашық жәyе адал аяқтаңыз.

Күтілетін нәтиже: жаттығу педагог өзінің проблемаларын саналауға, оларды айтып жеткізуге, педагогтар тобын шоғырландыруға, педагогтардың барлығындағы проблемалардың бірдей екендігін түсінуге мүмкіндік береді.

«Керемет!» жаттығуы.

Мақсаты: педагогтардың өзіндік бағасын оңтайландыру, эмоцииялық қысымды түсіру.

Нұсқау: Қатысушылар екі шеңберге бөлінеді – ішкі және сыртқы,бір-біріне беттесіп тұрады. Ішкі шеңберге тұрған қатысушылар өздерінің жетістіктерін айтулары керек, ал сыртқы шеңберде тұрғандар олардың жетістіктерін «Ой қандай кереметсің!» деп саусақтарын көрсетеді. Сыртқы шеңбердегілер бұйрық бойынша ауысып, жылжып отырады. Сосын орын ауыстырылады.

Нәтиже: Эмоциялық қысымдарының бәсеңдеуі, педагогтардың өзіндік бағасын көтеру.

«Бақыт калошы» жаттығуы. «Бақыт калошы» ойынына ұсынылатын ситуациялар мен жауаптардың мүмкін болатын варианттары жазылған карточкалар.

Мақсаты: педагогтардың позитивті ойлауын дамыту.

Нұсқау: «Бақыт калошы» деген ойынды ойнауды сіздерге ұсынамын. Бұл ертегідегі сиқырлы әйелге туылған күніне бақыт калошын сыйға тартыпты. Ал ол калошты адамдар бақыттырақ болсын деп соларға беруді жөн көріпті. Осы калошты киген адам ең бақытты жан болыпты. Калош оның кез келген тілегін орындапты, ол басқа уақытқа немесе басқа дәуірге де өте алатын болыпты. Сонымен, мен Сіздерге осы калошты киіп ең бақытты адам болуларыңызды қалаймын. Мен сонымен бірге әртүрлі ситуацияларды оқимын, сіздің міндетіңіз – осы калошты кие отырып, сізге ұсынылған ситуациялардың позитивті жағын тауып алу. Басқаша айтатын болсақ, ситуацияға бақытты оптимист адамның көзқарасы бойынша қараңыз.

Күтілетін нәтиже: ойынға қатысушылар, «бақыт калошын» кие, ұсынылған ситуацияға позитивті кілтпен жауап береді. Позитивті жауап беруге қиналған қатысушыға, басқа қатысушылар өздерінің жауап варианттарын ұсына көмектеседі. Қатысушылар эмоциялық бәсеңсу алады және позитивті күйге келеді.

   «Плюс-минус» жаттығуы

Мақсаты: педагогтарға педагогикалық қызметтің позитивті сәттерін ұғынуға көмектесу.

Нұсқау: жұмысыңыздың минустерін бір түстегі стикерге, ал екінші түсті стикерге – плюстерін жазу. Қатысушылар жазады содан соң жазған стикерлерін ағашқа іледі. Дауыстап оқиды. Педагогикалық қызметтің плюстері көп пе әлде минустары көп пе, қатысушылар талқыға салады.

Күтілетін нәтиже: педагогтар сонда да болса жұмыстың плюстері көп екендігін көрулері керек, яғни педагогтың жұмысы қиын, алайда жағымды, позитивті екендігі туралы нәтиже шығарулары қажет. Сонымен бірге педагогикалық қызметті әр қырынан көре білу, педагогтардың қиналысы ұқсас екендіктерін ұғыну.

«Жан-дүниемнің бау бақшасы» жаттығуы

3- 4 рет терең дем алыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Сіз бір үлкен зәулім қамалдың ішінде серуендеп жүрмін деп елестетіңіз. Барқытпен қапталған биік қабырға мен ондағы ағаш есікті көресіз. Есікті ашқан уақытта, қараусыз қалған баққа тап боласыз. Бұл бақ бұрындарда керемет болатын, ал қазір оны ешкім баптамайды. Өсімдіктер өсіп арам шөптер қаптап, тіпті жер де көрінбей соқпақтардың бар жоғы да белгісіз болып қалған. Бақтың кез-келген жерінен бастап арамшөптерін жұлып, ағаштардың ескірген бұтақтарын кесіп, кейбір ағаштарды қайтадан егіп, оларды суарып, яғни бақты сол баяғы қалпына келтіру үшін бар мүмкіншілікті жасайтыныңызды көз алдыңызға елестетіңіз…. Біраз уақыттан соң тоқтаңыз да, сол тұста өзіңіздің не сезіңгеніңізге көңіл аударыңызшы…

Егер бір нәрсе жасауды бастасаңыз, өмірде оны жалғастырып алып кетуге болатындығын сезініңіз.

Рефлексиялық бөлім: «Жұлдыз болу!» ойын-жаттығуы. Рахмет!!!!

А.К. Крамова,

№177 жалпы білім беретін мектептің

педагог-психологы,

Алматы қаласы, Жетісу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.