Home » Бастауыш » Күз ханшайымы

Күз ханшайымы

Табиғат жаратылысы өзіне тән  жыл он екі ай, төрт  мезгілімен  ұштасады.  Сол жыл мезгілдерінің ішіндегі керемет мезгілі күз деп айтсақ қателеспейміз, себебі  күз – молшылықтың белгісі.

Күз кереметіне байланысты Қарағанды қаласындағы «№ 102 мектеп-гимназия»КММ қабырғасында бастауыш сынып мұғалімдері  Н.Е.Сапаргалиева  және С.Т.Маженова  ұйымдастыруымен 2-сыныптардың арасында «Күз ханшайымы»  сайысы  өтті. Бұл сайыстың мақсаты өсіп келе жатқан кішкентай балдырғандардың талантын ашу, күз айының кереметін сезіну, өз бойынан өткізу.

Сайыстың жүргізушісі Н.Е.Сапаргалиева 2-сыныптың  бес қатысушыларымен  таныстырды. Әділ-қазылар алқасына, көрермендерге  сайыстың түрлерімен  таныстырып, әр сайыс  критерий бойынша бағаланатынын айтты. 1-ші сайыс «Менің ата-тегім», яғни әр қатысушы өзін-өзі таныстырып, ұпайларын  алды. «Кім  ойға жүйрік?» сайысында  қатысушылар шешуі  күз кереметтері  жеміс-көгөніске  байланысты жұмбақтарды шеше алды, жүргізушінің айтқан жаңылтпаштарын  да мүдірмей       айта  біліп, әділ-қазылар алқасы берген өз ұпайларына  ие болды. Келесі сайыста үй тапсырмасы ретінде ата-анасымен бірлесе отырып дайындаған  қолөнер жұмыстарын әділ-қазылар, көрермендер  назарына    ұсынып, қысқаша дайындау жолдарын түсіндіріп өтіп, өз қоржындарына  ұпай салды. «Өнерлі өрге  жүзер» сайысында кішкентай ханшайымдар әсем әнді  шырқата жырлап, сонымен қатар қазақ биін, самбо, гимнастикалық билерімен  көрермендерді тәнтті етті. Әсіресе, 2 «В» сынып ханшайымы Ерғазы Наргиз өзінің «Самбо» биімен  жұртты  таң қалдырды. Соңғы сайыс «Әсем  біздің арулар», яғни сән үлгісін көрсету болатын. Сынып арулары әр түрлі материалдан: газеттен, салфетка, пластикалық стақаннан,гүлдің  күлтелерінен өздеріне сән көйлек тігіп, дефеле көрсетіп, көрермендерді өздеріне қаратты.Әр сайыс аяқталғанда әр ханшайымдардың  қолдаушы  сыныптастары тамылжыта ән шырқап, мың бұрала би билеп, сайыстың сәнін келтірді.

Сайыс  қорытындысын әділ-қазылар алқасы критерий бойынша ұпай сандарын санап, мынадай қорытынды жасады. «Күх  ханшайымы» сайысының Бас жүлдесін Талғат  Айлин иеленді. Қалған  төрт  қатысушы  әр түрлі номинацияларға ие болды.  Сайыс  «Алтын күз» хорын тамылжыта шырқауымен аяқталды.

Осылайша №102 мектеп-гимназия қабырғасында өткен күз мерекесі көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

Н.Е.Сапаргалиева
№102 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.