Home » Ашық сабақтар » Күз сыйы

Күз сыйы

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық».
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»

Мақсаты: Табиғаттың күз  мезгіліндегі өзгерістері  жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту. Балалармен дәстүрден  тыс  әдістер  арқылы  жұмыс  жасай  отырып, логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту. Күзгі табиғаттың  әсемдігін  сезіне  білуге  және  оны қорғауға,адамдардың еңбегін бағалай білуге  тәрбиелеу.
Қажетті  құралдар: Ақ қағаз, майлық шүберек,  гуашь, жапырақ,

мақта таяқшасы,тарелка.
Әдіс — тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, үйрету,әңгімелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Тақпақтар жаттату,суреттер әзірлеу,дидактикалық ойындар.
Билингвальді компонент: Күз-осень,жапырақ-листья,алма-яблоко, алмұрт-груша.

 

«Шаттық» шеңбері.

      Қайырлы таң,көк аспан,

Қайырлы таң,алтын күн.

Қайырлы таң,Жер-Ана!

Қайырлы таң,достарым,

Қайырлы таң, қонақтар.
— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (слайд көрсету)
— Күз мезгілі.

Тіл ұстарту.

Үз-үз-үз-күз,

Са-са-са-салқын.

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Күзде не жауады?

-Құстар қайда ұшып барады?

-Балалар,сіздер күз туралы тақпақ білесіздер ме?

Ерген:

Алтын,сары,қызыл,көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 Тамилла:

Қандай өзі береген,

 

Алмасын-ай,алмасын.

Жемісі көп не деген

Жеп тауыса алмайсың.

Ерке:

Күздің қазан айында,

Алма,алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Айару:

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Имран:

Күз айы тамаша

Ән айттық жаңаша

Би билеп бәріміз

Қуанайық балаша.

Арнұр:

Алақай алақай

Шаттанды балақай

Күз түсті,дән пісті

Айтамыз алғысты.

-Күзде не піседі? (слайд көрсету)

-Жемістер мен көкөністерді айтайықшы.

-Күзде ағаштардан не түседі?

-Балалар, есік қағылған сияқты,біреу келіп тұрған секілді ,кәне бұл кім екенін көреміз бе?

II.-Балалар,бұл кісі Бағбан ата екен.

-Балалар,Бағбан-бұл бақша егетін адам .

-Балалар, Бағбан ата бізден көмек сұрай келіпті.

-Балалар,көмектесеміз бе?

-Сәлематсыздар ма,балалар!

-Иә,балалар мен сіздерден көмек сұрап келіп тұрмын,менің бақшамда алма ағашынан алманы және алмұрт ағашынан алмұртты жинап берсеңіздер?

-Балалар, жинаймыз ба?

-Ендеше,дидактикалық ойын «Жемістерді жинау».

  • Балалар, ағаштың басынан қандай жемістерді көріп тұрсыңдар? (Алманың,алмұрттың).

-Жинау.

— Алманың түсі қандай?

— Алманың пішіні қандай?

— Алмұрттың түсі қандай?

— Алмұрттың пішіні қандай?

— Алманың дәмі қандай?

— Алмұрттың дәмі қандай?

— Балалар,енді сергіп алайықшы,шеңберге тұрайық:

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Бетіме жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

— Балалар,мынау не?

— Жапырақ.

— Жапырақтың түстері қандай болады?

— Сары, қызыл.

— Балалар,қазір біздер жапырақтың суретін саламыз.

— Ол үшін сіздер мені мұқият тыңдаңыздар,маған қараңыздар.

Ол суретті салу үшін бізге ақ қағаз,гуашь,мақта таяқшалары  керек.

Ақ қағазда ағаш бұтақтары салулы тұр.Қалай ойлайсыздар, не жетіспей тұр?

Иә,дұрыс айтасыздар.Жапырақ  жетіспей тұр екен,ол үшін екі түске жапырақты саламыз біреуін сары түске,ал екіншісін қызыл түске бояймыз.Енді осы боялған жапырақтарымызды жаңа салып қойған бұтақтарымыздың үстіне кезек-кезек басып шығамыз.Міне, біздің сурет дайын болды.Енді осы суретті өздерің салуға дайынсыңдар ма?

Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырайын,шешуін табасыңдар ма?

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары

Бұл не?

Жапырақ.

Жарайсыңдар, балалар!

Балалар,бәріміз ойын ойнап жіберейік:

Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Балалар,күн шайдай ашық болып,күн шығып тұрса, «Жарқырап күн шықты»ойнап,билеп,секіріп,көңілденіп  жүреміз,ал егер жаңбыр жауып кетсе, «Жаңбыр жауды» дегенде қолшатырдың астына жиналамыз.

Жарайсыздар,балалар,мен кетейін бау-бақшамда жұмыс көп,сіздерге рахмет,маған алма мен алмұртты жинап бергендеріңізге,менің де сіздерге сыйлығым бар, менің де жемістерімнен дәм татыңдар.

Сау болыңыздар,балалар.

Сау болыңыз, Бағбан ата.

III.Балалар,бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Балалар бізге қонаққа кім келді?

Біздер қандай ойын ойнадық,не жинадық?

Ненің суретін салдық?

Жарайсыңдар,балалар.Егер сіздерге оқу қызметі ұнаған болса күннің суретін,ұнамаса қара бұлттың суретін алыңыздар.

Сау болыңыздар.

Күз мезгілінің ерекшеліктерін игерді,жемістердің атауларын біледі.

Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды меңгерді.

Сұраққа жауап арқылы түсініктері кеңейді.

 

Гулбакыт Серікқызы Кашкынбаева,
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№36 «Балақай» бөбекжайының
ІІ санатты тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.