Home » Балабақша » Күз сыйы

Күз сыйы

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер! Берекелі, ырысы мол алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.

Не қасиет бар дейсің, осы күзде-

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет майымен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынан таңды асыра,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына

Қараңыз өзі бастап кеткен жоқ па,

Отанның берекелі қамбасына, — деп ақын ағамыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі ертеңгілігімізде күз туралы, күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салайық. «Дәстүр» ересек тобының балаларын ортамызға шақырайық. (Балалар музыка ырғағымен кіреді).

Амир:

Көңіл шіркін күңіренген күзбенен,

Бірақ жаным содан жылу іздеген,

Ақ параққа қара сия төгіліп,

Жазылады жүректегі ізгі өлең.

 

Еніп кеттім құшағыңа еріксіз,

Болсаң да сен жапырақсыз көріксіз.

Ақын жаны күңіренген өзіңдей,

Күз келбеті біз өзіңе серікпіз,

 

Жанға жара бір жапырақ үзілген,

Келем әлі сол баяғы ізіммен.

Уақыт – жүйрік, ұстатпайды ешкімге,

Қош келіпсің, қауышайын күзіммен!

Ән: хор «Алтын күз»

Балалар отырады.

Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы, біреудің дауысы естіледі ме? (Ортаға жылап Бидай келеді)

Бидай: Балалар, менің сарғайып, қурағым келмейді. Мен әлі жап-жасыл болып жайнап өсіп тұрғым келеді. Күн неге салқындап барады, құстар да ұшып кетті.

Жүргізуші: Қазір күз мезгілі, барлық жеміс-жидектер жемісін беріп сарғайып жатыр. Құстар жылы жаққа ұшып кетті.

Бидай: Жоқ, менің жемісімді ешкімге бермеймін, мен мәңгі өсіп тұрамын.

Мен жаз мезгілін сағындым: күннің көзінің жылуын, ыстық күндерді.

Жүргізуші: Жоқ, бидай, сен уайымдама, керісінше сенің қуануың керек. Өйткені сен өз жемісіңмен балаларды қуантасың, елімізде қамбалар астыққа толып, нанымыз көп болады.

Бидай: Рас па? Олар маған риза болады ма?

Балалар: (хормен ) Әрине, бидай, рахмет саған. Біз саған арнап би билеп береміз.

Би: «Қырманда»

Бидай: Рахмет, сендерге балалар, менің көңілім көтерілді. Ал сендер күз туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?

Амирали:

Я люблю гулять по лесу,

В лес хожу я каждый день.

Все в лесу мне интересно.

Каждый куст и каждый пень.

Айбек:

Дәнге толып қызыл арман,

Қырман басы қызыл думан.

Мөлдіретіп жүзімдерін

Келді алтын күзім менің.

Молшылық күз – береке күз,

Береке күз – мерекеміз.

 

Шерхан:

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап.

Ерхан:

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен,

Бәрін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.

Талант:

Жыршы құстар көп келді,

Гүлдер жапты бөктерді.

Кел, балалар, әнменен

Қарсы алайық көктемді

Дина:

Қоңыр салқын тарады,

Қойнаулар мен сайлардан

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.

(Қыздар шығып биге дайындалады).

Шегіртке: (қыздардың алдынан шығады): Қыздар, сендер бидайды көрдіңдер ме? А, әне отыр екен ғой, мен сені қырдан іздеп жүрсем. Қарным ашып барады, дәндеріңді жеймін.

Жүргізуші: Жоқ, шегіртке, сен тоқтай тұр, сен одан да бізбен бір ойын ойнап, көңіліңді көтер.

Ойын: «Қолшатыр»

Ойын барысы: Балалар әуен ырғағымен би билеп тұрады. Ортаға қолшатыр қойылып, әуен тоқталғанда кім жылдам қолшатырды алады.

Жүргізуші: Ал енді шегіртке қыздардың биін тамашалайық.

Би: «Листопад»

Жүргізуші: Ендігі кезекте балалардың жаттаулары.

Али:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған Алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Нұрсұлтан:

Булттар төніп,

Ызғар сеуіп,

Дымқыл тұман басады,

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұргылт тартады.

Амира:

Алақай, алақай!

Шаттанды балақай,

Күз түсті, дән пісті,

Айтамыз алғысты.

Жер берді жемісті

Күз келді, келісті,

күз – байлық, береке

Алтын күз – мереке!

Ясмина:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бузық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау!

Жүргізуші: Ән хор «Күз »

Жүргізуші:   Енді бір бойымызды жазып Ата — аналармен бір ойын ойнап шынығып алайық.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ойын барысы: Ағаштың суреті ілініп тұрады, жапырағын тауып жапсыру. Уақытына неше жапырақ жабыстырады.

Шегіртке: Мына жерде расымен көңілді екен.Тағы қандай өнерлерің бар, балалар? Менің енді ән тыңдағым келіп тұр.

Ән: Дина мен Ясмина.

Айбике:

Дала сары киінді.

Самал соқты салқындау.

Қырмандарға үйілді,

Алтын астық, алтын тау.

Дамир:

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам,

Дариядай шалқып жүр.

 

 

Серік:

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.

Ерсұлтан:

Гүл қададың кеудемізге,

Еркелейді жел де бізге.

Қарсы аламын алғыс айтып

Қоңырау соғып келген күз.

Алана:

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке.

Алтын күзді тойлаймыз.

Адия:

Сап-сары маңай, сап-сары тоғай,

Жапырақ жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен тізеді.

Қара бұлт қабағын түйеді.

Байсерке:

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер.

Сары көйлегің желбіреп.

Жүргізуші: Хор «Күз тамаша».

Бидай: Қандай жақсы болды, менің сендерді кездестіргенім. Сендермен өте көңілді уақыт өткіздім. Ал енді сендер менімен жүріңдер, балалар, мен сендерді қамбаға алып барайын, нанды қайдан алатынын көрсетейін.

Шегіртке: Иә, балалар, жүріңдер, мен де сендерге өз үйімді көрсетейін.

(балалар тұрып шығып кетеді).

Жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңынан ерген,  Жылауық бұлттары бар қанат керген.  Күз келді мезгілінде арқаланып,  Күн бар ма байлығын ол тегін берген.  Біз оны күтіп жүр-ек әуел баста-ақ,  Кеттік те қызу істі дереу бастап.  Астық, жеміс, мақтасын, бар байлығын,  Алып қалдық еңбекпен айырбастап, — деп ақындарымыз жырлағандай, осы күз мезгіліне еш өкпе-ренішіміз жоқ. Әр атқан таңымыз бен батқан күніміз тек жақсылыққа толы болып, осы бүлдіршіндеріміздің қызығын тамашалауға жазсын. Осымен алтын күз мерекесі аяқталды.

Есілбай Баян Сайлауқызы,

96 разъезд «Күншуақ» балабақшасы МҚКК, тәрбиеші,

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.