Home » Білім және өнер » Күз сыйы

Күз сыйы

Күз келіп, жер алтын түсті кілемге оранып жатыр. Күн шуағы мен сап-сары жапырақ түсі жер-көкті ерекше нұрға бөлеп, әсемдік сыйлап тұр. Жаз бойы жасалған еңбегінің жемісін жиып, сабан тойын жасаған дихандармен бірге «Берекелі Алтын күз» мерекесін Аққу бөбекжай бүлдіршіндері ағымдағы айдың соңында атап өтті. Бөбекжайдың көрнекі орынында тәрбиеленушілер мен ата-аналары бірігіп жасаған қолөнерлер туындыларынан «Күз сыйы» көрмесі өтіліп, қорытынды кезеңінде ұйымдастырылып өткізілген іс-шарада әр топ өз өнерлерін көрермен алдына салды.

Ертеңгілікке қонаққа келген ертегі кейіпкерлері мен Ару Күз ханшайымы балалардың өнерлеріне риза болып, өз «тосын сыйын» таратты. «Ең үздік топ», «Ең үздік өнер туындысы» және «Ең үздік ертеңгілік» номинациялары бойынша орындар белгіленіп, мақтау қағаздары тапсырылды. Өз бүлдіршіндерінің өнерлеріне тәнті болған ата-аналар бөбекжай ұжымына ризашылықтарын білдіріп тарқады.

   

  

 

                               Толегенова Бигуль Сансызбаевна

                                                         Турхаева Сауле Рымбаевна

«Аққу бөбекжай» КМҚК тәрбиешілері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.