Home » Ашық сабақтар » Күз сыйы

Күз сыйы

Дина Залучуд
Тәрбиеші
«Құралай» ясли-балабақшасы
Қызылорда обл., Жаңақорған ауд., Келінтөбе ауылы

 

Білім беру саласы:  «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу  қызыметіЖаратылыстану. «Аппликация»

Тақырыбы: Күз сыйы

Мақсаты: көкөністер мен жемістердің айырмашылығы мен пайдасын тануды қалыптастыру. Қызылша мен картоптың пайдасын түсіндіру.

Көрнекілігі: Көкөністермен жемістердің суреті бейне таспа интер белсенді тақта.

Қолданылатын әдіс тәсілдер: шаттық, шеңбері әңгімелеу, сұрақ-жауап,  дидактикалық ойын, сергіту сәті.

Билингвалды компонент: көкөністер – овощи, жемістер – фрукты.

Іс-әрекет кезеңдеріТәрбиешінің  іс-әрекетіБаланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Өйткені бізге көп қонақтар келіпті. Ендеше сол  қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Шаттық шеңбері

Сәлем деймін күнге мен

Сәлем деймін саған мен,

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға , баршаға.

Сәлем, сәлем, сәлем!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің неше айы бар?

-Ал, балалар, аптада неше күн бар?

-Балалар, күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Құстар қай жаққа ұшып кетеді?

Балалар шаттық шеңбері арқылы қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Күз

3 айы бар

7 күн бар

Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшады.

 

Ұйымдастыру-ізденістікСол кезде есік қағылады.

-Балалар, кім екен келген?

Топқа күз ханшайымы келеді.

Күз  ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін сендерде ерекше күн екен, бүгінгі оқу іс-әрекеттеріңе қатысуға келдім.

-Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді  күз тақырыбына арнайық.

-Күзде қандай ерекшеліктер бар?

-Ендеше  интербелсенді  тақтаға қарайық.

Слайд арқылы  жемістер мен көкөністер туралы түсінік беріледі.

Жемістер  мен көкөністерді қарайтын адамды  бағбан дейміз.

-Балалар, жемістер бақта, ағашта өседі, ал көкөністер бақшада өседі.

Көкөністерді  тұқым себу арқылы өсіреміз, күз айында оларды жинап аламыз.

Жемістерге: алма, алмұрт, жүзім, өрік, шие, шабдалы, лимон, анар жатады.

Көкөністерге: картоп, пияз, қызылша, сәбіз, қызанақ, қияр жатады.

Жұмбақ:

Жер астында жер қазық

                                   Сәбіз

Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

                              Жеміс

Бақшада өседі,

Көп өнімдерін береді

                            Көкөніс

Дидактикалық ойын:

«Алма теріп жейміз»

-Балалар, талдан алма алып, онда жасырылған суретке қарап әңгіме құрастырады.

Күз ханшайымы:

-Балалар, осы жемістер мен көкөністерден  қандай тағам жасауға болады?

Оны кім жасайды?

Аспазшы апайлар бізге салат жасап береді.

«Жемістерді тереміз» ойыны

Балалар аппликациялық тақтаға жемістерді көкөністерден ажыратып, жапсырады.

Сергіту сәті

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма,

Теріп, теріп алайық

Қалтамызға салайық.

Күз  ханшайымы:

-Балалар, сендер жемістер мен көкөністердің пішіндері мен көлемін ажырата аласыңдар ма?

Ойын: «Үлкен және кіші»

Үлкен жемістер мен кіші жемістерді ажырата білу.

-Балалар, сендер Күз ханшайымына тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

 

Мен ұялшақ картоппын,

Мен емеспін мақтанар,

Мені жақсы көреді

Үлкендер мен балалар.

 

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған алтын күз,

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

 

Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып, тізілдім.

 

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін.

 

Мен шиемін, шиемін

Күннің көзін сүйемін.

 

Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың

 

Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім.

-Балалар, Күз ханшайымымен қоштасайық.

Күз ханшайы:

-Мен сендерге рахмет айтамын, сендерге өзімнің арнайы жемістерімді сыйлыққа әкелдім. Сау болыңдар, балалар!

 

 

 

 

Күз ханшайымен амандасады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды алма, алмұрт, т/б

 

 

Қайталайды

картоп, қызылша, қияр, т/б

 

Жұмбақты шешеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрастырады

 

 

 

 

 

Жемістермен көкеністерді аппликацялық тақтаға ажыратып жапсырады.

Қимыл-қозғалыспен қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

Үлкен және кіші жемістер мен көкеністерді  ажырата біледі.

 

Балалар тақпақты жатқа айтады.

 

 

Балауса

 

 

Кәусар

 

 

 

 

Досымжан

 

 

Мирас

 

 

Гүлназерке

 

 

Нұрислам

 

 

Ақмаржан

Рефлексиялық-түзетушілік-Балалар, біз бүгін немен таныстық?

-Көкөністер қайда өседі?

-Ал жемістер ше?

-Олардың қандай айырмашылықтары бар?

-Олардан қандай дәрумендер аламыз.

Тәрбиеші оқу іс-әрекетіне қатысқан баларға күз ханшайымының әкелген сыйлықтарын үлестіріп береді. Балаларды мақтап, мадақтайды.

 

Көкеністер мен жемістер

Бақшада,

ал жемістер бақта өседі.

 

 

 

Балаларға күз ханшайымының сыйлығын үлестіріп береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: көкөністер атауын.

Түсінеді: көкөністердің жемістерден айырмашылығын.

Қолданады : көкөністерді сипаттауды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.