Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Күз- қырман басы тазаланып, бау-бақша жиналып,құс базары тарқайтын кез. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, жерге түсіп, жер алтын-сары кілем төсеп қойғандай. Еңбектің көзі, ел ырысын құрметтеу және адам еңбегін бағалай білу мақсатында, Целиноград ауданындағы «Сұлу-Ай» балабақшасында «Күз берекесі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктері туралы мағлұмат беріліп, табиғат сұлулығы жақынырақ таныстыруды көздеген . ертеңгілікте балалар әсем ән, мың бұрылған би жемістер мен көкөністер туралы тақпақ жырларымен көрерменді қуантты.
Ертеңгіліктің басты қонақтары -«Күз ханшайымы» мерекеге сый-сияпатпен келді. Балаларға қызықты жұмбақтар жасырылып, танымды, қызықты ойындар ойнатылды. Мерекенің ажары, сұлу қыздарымыздың « Күз ғажабы» атты сәндік киім үлгілерін көрсетуі керемет қошеметке ие болды. «Күз берекесі» атты ата-аналармен балалардың шығармашылық өнерлері табиғи материалдардан жасалған, шебер қолөнер бұйымдары, әдемі макеттер көздің жауын алады. Ертеңгілігіміз ерекше көңіл-күйде мәресіне жетті. Көптен күткен ұлы тойымыз жалғасып, қамбамыз бидайға толы болсын! Берекелі мерекенің жақсылығы арта беретіне сенеміз.
С.С Байболат, А.Ж Искакова, тәрбиешілер: