Home » Ашық сабақтар » Күз бояуы

Күз бояуы

Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,  күзгі табиғат ерекшеліктерін тани білуге, оларды ажыратып табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері:  Күз суреттері, әртүрлі дидактикалық ойындар, пішіндер.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: — Балалар, бүгін біздің топта ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Қане, келіңдер, біз оларға өзіміздің әдепті, жақсы, білімді балалар екенімізді көрсетейік.

Шаттық шеңбері:

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

  • Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

Тәрбиеші:

— Балалар, айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз мезгілінде неше ай бар?

— Күз мезгілінде қандай табиғат өзгерістері болады?

(балалардың жауаптары)

Күз мезгілі туралы тақпақтар:

1.Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап. 

  1. Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

Осы кезде топқа сиқыршы келеді. Ол өзінің қара бояуларын шаша бастайды.

Тәрбиеші: — Тоқтаңыз, сіз не істеп жатырсыз? Сіз кімсіз?

Сиқыршы: — Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сиқыршымын. Мен әдемі сары түстерді суық түске өзгертіп жатырмын.

Тәрбиеші: — Тоқтаңыз, күздің өз түстері өзінде қалсын.

Сиқыршы: — Олай болса сендер менің тапсырмамды орындаңдар.  Сонда ғана мен күздің өз бояуларын күз мезгілінде қалдырамын.

Тәрбиеші: — Балалар, сиқыршының тапсырмасын бірге орындаймыз ба?

Сиқыршы: -Менің бояу салған құтымда тапсырмаларым бар.

Тәрбиеші құтыны алып тапсырманы оқиды.

Үй жануарлары және олардың төлдерін атаңдар.

Д/о «Кім нені жақсы көреді?»

Көкөністер мен жемістерді ажырату. 

Сергіту сәті:

Торғай торғай торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын  тойып ал

Сонда торғай тоңбайсың 

4.Д/ о «Не артық?»

Сиқыршы: — Балалар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді  мен сендерге күздің сары алтын түсті бояуларын қайтарамын. Бірақ мен жапырақтарды бояп үлгере алмай жатырмын. Маған көмектесіп жіберіңдерші.

 Ұжымдық жұмыс:

«Жапырақтарды бояу»

Сиқыршы: — Балалар, сендер өте өнерлі және ақылды балалар екенсіңдер. Міне мен сендерге күздің сары алтын түсті бояуларын қайтардым. Қош сау болыңдар! Мен енді күз бояуларына тиіспеймін.

Қорытынды: Сұрақ-жауап алмасу арқылы балалардың алған білімін қорытындылайды.

Балаларды мақтап, мадақтайды.

Кетебаева Марьяш Шаудырбаевна,

№5 «Балбөбек» балабақша тәрбиешісі,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.