Home » Ашық сабақтар » Күз береке, күз мереке

Күз береке, күз мереке

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы түсіндіру, ерекшеліктерімен таныстыру. Күз айларының адамға молшылық әкелетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Балалардың өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту. Балабақшамен ата-ана арасындағы тығыз байланысты жалғастыру.
Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, күз жәрмеңкесі, яғни жемістер мен көкөністер салынған себеттер.
Әдемі сазды әуен ойналып тұрады, балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы! Бүгін біздің балалардың «Күз береке, күз мереке» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші:
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Күз)
— Күз мезгілінде қанша ай бар ? (3ай)
— Күзде ауа-райы қандай болады?
Балалар: Күн суытады, жаңбыр жауады, жел соғады.
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Ендеше күзді ортаға шақырайық
Балалар: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіңдерме,балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе,Алтын күз!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын жаз.
Сары алтынға малынған,
Алтынкүз деген мен болам
Армысыздар, құрметті қонақтар,кішкентай бүлдіршіндер.
Мен мерекеге кешігіп қалдым ба ?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не ?
Балалар: Жапырақ.
Жазда інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.(сәбіз)
Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат- қабат тоным бар.
Қалай оны шешемін.(орамжапырақ)
Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады.(пияз)
Күз: Дұрыс таптыңдар, жарайсындар !
Жүргізуші: Алтын күз,біздің балалар күз туралы өлең,тақпақтар біледі. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Дарын: Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап
Ерқанат: Алтын сары, қызыл, көк.
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Сырым: Жатқандай жапырпағы сіздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді.
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы, сары алтын күз келеді.
Баймұрат: Көктемде ерте гүлдеймін,
Кешігуді білмеймін.
Піспей тұрған кезімде
«Менен аулақ жүр»- деймін
Уылжыған өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Жазылбек:Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауып іздерді
Құс біткен керуен келеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
Маруа:Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді
Осы ма, осы ма күз деген
Бақшаға баратын бізбеннен
Жәудір: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ-сары алтын,
Айналаның бәрі алтын
Нұрқабыл: Күздің қазан айында
Алма алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр-сыбдыр түседі
Ернұр: Торсиған бал ауызға
Кіп-кішкентай қарақат.
Салып қояр ауызға,
Болса егер бала тапАяла: Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен.
Жания: Шиемін, мен шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Байсұлтан:Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Серік Сап-сары маңай
Сап-сары тоғай
Шұғыла: Алтын сары қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады адырап
Жұлдыз: Піскен кезде құлпынай
Кандай әсем,шіркін-ай
Қарай бергім келеді
Дүркін,дүркін,дүркін-ай
Ақарыс Қара деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге
Кейде менің хақым бар.
Берік: Ой, балалар, балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін орыпты.
Айару: Бара жатыр сәуле сеуіп,
Ақ жалаулар, ақ тулар
Аман есен көрісейік
Айналайын аққулар
Алтын күзде нұр жатыр.
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі.
Жұлдыз: Піскен кезде құлпынай
Қандай әсем, шіркін-ай!
Қарай бергің келеді,
Дүркін, дүркін, дүркін-ай.
Ақарыс: Қара деген атым бар,
Менен де дәм татыңдар.
Дәрі орнына жүруге
Кейде менің хақым бар.
Сара: Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндерді киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Қандай өзі береген,
Алмасын-ай, алмасын.
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.
Біздің балалардың сіздерге арналған кішігірім көрінісін тамашалаңыздар.
Көрініс: «Шалқан» ертегісі.
Би: Айгөлек тобы «Жапырақтар»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы менің қолымда алуан түсті жапырақтар. Қандай керемет! Енді біз осы жапырақтармен ойын ойнайық. Мен жапырақтарды шашып жіберемін, ал сендер жинайсыңдар.Кімде- кім көп жинаса, сол бала жеңіске жетеді. Ойын «Кім тез жинайды?» деп аталады.
Екінші ойынымыз «Жемістердің түсін анықта.»
Ән: Әбіш Баймұрат «Қолшатыр»
Би: Балапан тобы «Алақай»

Ән: Мейрамбек Шұғыла «Анажан»
Би: Қыздардың орындауында «Қуыршақ барби».

Ән: Абдыкадир Маруа «Таңғы жауын»
Би: Ортаңғы топ «Вальс»
Ән: Ұлдана, Көркем «Балдырған»
Хор: «Алтын күз»
Тәрбиеші:Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға.
Шақырады біздерді.
Балалар сендерге арнап Алтын күз өз бақшасынан жемістерін ала келіпті. (балаларға таратып береді)
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар ұжымдастар біздің іс-шарамызды келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Күз айы бізге өз молшылығымен берекесімен келе берсін. Біз табиғатты аялай, қорғай білейік .осымен іс-шарамыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

 

Жаркымбекова Нургуль Байбосыновна,
меңгеруші
Алиева Кыдыркул Абылаевна,
әдіскер
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы,
Мәдениет ауылы «Балауса» бөбекжай-балабақшасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.