Home » Ашық сабақтар » Күз аруы -2018

Күз аруы -2018

Бейсенбаева Әлия
М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, сыйын ұғындыра отырып балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Әр адамның бойындағы қасиеттерін ойлау, әртүрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар! Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен, мол астығымен келеді. Міне осы жемістері мен көкөністеріне бай күз мезгіліндегі «Күз аруы-2018» сайысына қош келдіңіздер!

Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арнаған ақ тілекті.
Сынға түсер достары арасында
Міне ылғи өнерлі қыздар кепті.
Қарсы алайық құрметпен қыздарымызды
Жансын деп лайым бәрінің жұлдыздары, — дей келе ханшайымдарымызды қарсы алайық! Бақытжан Балым, Жолдас Айзере, Үрлібай Шолпанайым,Төленбай Аруназ, Мыңшарипова Айша, Бекжан Қорлан, Бақыт Іңкәр.

Жүргізуші: Кім жүйрік өнерпазды білейікші
«Ханшайым» деп атап жүрейікші.
Әділқазы алқасынан әділдікті,
Ал қыздарға тек сәттілік тілейікші, — деп сайысымызға әділ баға беретін әділқазы алқасымен таныстырайық:

Мектеп директоры: Т.Меңдібаева
Тәрбие ісі орынбасары: Ф.Мұхамеджанова
Оқу ісі орынбасары: А.Раймбетова
Шағын орталық әдіскері: Г.Жумадуллаева
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!-деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың бөлімдерімен таныстыра кетейін.

1-бөлім: «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру
2-бөлім: Өнер сайысы
3-бөлім: «Күзгі салат» үй тапсырмасы

4-бөлім: Күзгі сән үлгісі

Сайысымызды бастамас бұрын «Гүлдер» тобының әнін тыңдайық «Тәуелсіз Қазақтың қызымын».Ендеше сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық .

Ақыл-көркі бойларына жетеді
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршаңызға өзімен
Тез арада таныстырап өтеді.
(сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді)

Жүргізуші: «Өнерлі бала елдің көркі»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты.

Би-билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Сайыскерлер аянбай жан салыпты, — өнер сайысына кезек берейік.

Сайыскерлеріміз дайын болғанша балалардың күз мезгіліне арнаған тақпақтарын  тыңдайық.
Нуриддин: Алтын дәнін сары дала
Құйып жатыр қамбаға.
Күз еңкейе береді
Жер жемісін тереді.

Алдияр: Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Марғұлан: Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсіріп.

Інжу: Если на деревьях

Листья пожелтели.

Это время года

Осенью завется.

Айша:Ходит осень

В нашем парке.

Дарит осень

Всем подарки.

Мирас: Осень наступила

Высохли цветы.

И глядят уныло

Голые кусты.

Айзере: Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз.

Қырдан кепті қыдырып,

Алтын күз бізге нұр төгіп.

Жүргізуші: Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз.

Жиыптеріп болған соң

Той жасайды халқымыз.

Балаларымыздың ата-аналарымен бірігіп жасаған күзгі салаттары, қабыл алыңыздар. Ендеше балалардың жемістер мен көкөністерге арналған тақпақтарын тыңдайық:

Алуа: Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Марал: Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Лағыл: Мен де бір сөз айтайын,

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды,

Винегред те үстелде.

Жансая: Асханадан шыкпаймын

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығартып

Тұмаудан да сақтаймын.

Ақнұр: Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса оған салғырт кім.

Жүргізуші: Би «Қолшатыр»

Бүгінгі күн өтіп жатыр өз мәнімен

Әр сұлу әсем болар өз сәнімен.

Күз сәні өнерімен ортаға шығып

Сән көрсетер сайыскерлер сәніменен, — деп сайысымыздың 4-бөлімін бастаймыз.

Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші.
Жеңіп шыққан аруға
Құттықтап тек сәттілік тілейікші.
Келесі сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Жүзден жүйрік күшімен

Мыңнан тұлпар мықты шың.

Құттықтаймыз ал енді

Бүгінгі біздің ханымды.

Өрге жүзіп өнері

Тауға өрлесін талабы.

Шоқтай болып жанады

Қуаныштан жанары, — деп «Күз аруы-2018» шын жүректен құттықтаймыз. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын!

Қорытынды: «Күз аруы-2018» байқауында өзінің өнерімен, сұлулығымен басжүлдені иеленген мектеп алды даярлық тобының тәрбиеленушісі – Үрлібай Шолпанай.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.