Home » Мақалалар » «Күзгі қалпақтар» атты алтын күз байқауы

«Күзгі қалпақтар» атты алтын күз байқауы

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді – деп алтын күз туралы балабақша балалары өлең шумақтарын сахнада орындады.  Иә, балабақшадағы әрбір ертеңгілік мерекелері балаларды болшаққа тәрбиелеуге ынталандаратын кішігірім сахна екендігі аян.  Ал, Жамбыл облысы, Тараз қаласының мектепке дейінгі мекемелері бұл мерекеге әрдайым жан-жақты ат салысуда.  Солардың бірі Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне қарасты №11  балалар бақшасында өткен мерекесі дәлел.

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 балабақшасы» МКҚК-да «Таңшолпан» ересектер тобында «Күзгі қалпақтар» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл іс-шараның музыка жетекшісі әрі балалар арасындағы байқау түріндегі жобаның авторы Айгүл Бақытқызы Жолымбетова, ал байқаудың жүргізушісі аталмыш топтың тәрбиешісі Күлия Көнейқызы Жайнақова. Қолдарына бидай ұстап келген бүлдіршіндер әдемі әуенмен музыка бөлмесіне  билеп кіріп, ата-налар мен педагогтарды таң қалдырды. Өйткені балалардың киім үлгілері мен сайысқа дайындығы әсте жоғары болды. Аңсар, Виталий, Ағаділ, Жасур, Жақсылық, Бағдәулет, Диас сынды жас өрендер өздерінің күзге арналған өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, бір-бірінен қалыспады. Әдемі жарыстың ашылу салтанытында балабақша меңгерушісі Ибрагимова Гүлнәр Құдайбергенқызы балаларды мерекемен құттықтап, ағынан жарылды. Күзгі мереке кішкентай қыздар арасындағы «Күзгі бал аруы» байқауымен жалғасын тапты. Күзгі бейнеде жасанып келген қыздар үй жұмысына берілген өздерінің күздік тағам түрлерінің құрамында қандай көкөністерден әзірленгендігін айтып берді. Сонымен қатар, би билеп, ойын ойнап, әсем әндерін жұртшылыққа паш етті. Іс-шарада ата-аналар да психологиялық тренингпен балаларға демеу көрсетті. «Қырманшылар» мен «Тиындар» биі және жалпылама «флешмоп» арқылы мерекеге қатысқан меймандар көңілді отырды. Ең бастысы, балалар бұл байқауға жан-жақты атсалысып, өз өнерлерімен ата-аналардың көзайымына айналды. Мерекелік ертеңгіліктің соңында әділ-қазы алқасының мүшелері балаларды құттықтап сөз сөйлеп, мақтау қағаздарымен марапаттады.

Жансая Құрманғалиқызы,
«Білім айнасы»,
Тараз қаласы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.