Home » Балабақша » Күзгі орманға саяхат

Күзгі орманға саяхат

Бейсекеева Нагима Жетписбаевна,
Түлкібас ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Балдырған» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
тәрбиеші
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рыскұлов ауылы

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Көрнекілігі: слайд, күз мезгіліндегі орман көрінісі.
Барысы:

Балалар, бүгінгі біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп қалыпты.

Нұрын шашқан күнімізбен, ашық көк аспанымызбен, нәрін берген жер анамызбен, келген қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбер :

Сәлем саған – алтын күн!

Сәлем саған – көк аспан!

Сәлем саған – жер ана!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар?!

Сұрақ –жауап :

Тәрбиеші: балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз.

Тәрбиеші: Күз мезгілі неше айдан тұрады?

-Үш айдан тұрады.

-Тәрбиеші: Күз мезгілінің ай аттары қалай аталады?

-Қыркүйек, қазан, қараша.

-Тәрбиеші: Күз мезгілінің ерекшелігі қандай ?

-Күзде күн суытып, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

-Тәрбиеші: иә, дұрыс айтасындар.

(слайдтан күз көрінісіндегі суреттерді көрсету)

Осы күзгі орманға саяхатқа барғыларың келе ме?

-Иә

-Ендеше сергіп алайық.

Сергіту сәті

Бала, бала, балақан.

Қане қайсы алақан,

Саусақтарын әйбат

Былай, былай ойнап.

Топ, топ, топ басайық

Жалаудан күн жасайық,

Жаса, жаса – Алтын  күн!

Жаса, жаса – Жарқын күн!

-Тәрбиеші: Балалар біз орманға саяхатқа сиқырлы кілемге отырып барамыз. Қане бәріміз кілемге отырып, 1-3 дейін санайықшы.

-1, 2, 3.

(Топтың іші безендірілген орман )

Міне орманға да келіп жеттік. Қандай неткен көркем тамаша табиғат .

(Осы уақытта жел соғылған әуеннің даусы естіледі )

Күз ханшайым : Менің орманыма қош келдіңдер!

Тәрбиеші : Сәлеметсіз бе? Күз ханшайым, біз орманның тыныс-тіршілігін тамашалауға келіп едік.

Күз ханшайым: Менің орманыма келіп қалған екенсіңдер, күз туралы не білесіңдер!

Тәрбиеші: Күз ханшайым, біздің балалар күз мезгіліне байланысты тақпақтар біледі.

— Кім  айтады  балалар ?

(балалардың тақпағы)

Күз ханшайым :Жарайсыңдар! Тақпақты жақсы айтады екенсіндер. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.

Тәрбиеші: Балалар күз ханшайымның жұмбағын шешіп береміз ба ?

Жұмбақтар:

Жер астында темір қазық.

(Сәбіз)

Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар.

(Қырыққабат)

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты

(Алма)

(жұмбақты шеше отырып, көкеніске немесе жеміске жататының сұрайды, түстерін ажыратады)

 

Күз ханшайым: Жарайсыңдар балалар ! Менің қатты қуантып, көңіл күйімді көтердіңдер. Мен енді кетейін, қош сау болыңдар!

-Сау болыңыз!

Осы кезде жылаған дауыс естіледі.

-Ой балалар ағаш түбінде кірпі жылап отыр екен, барып жұбатайық.

-Сәлеметсізбе, кірпі?

-Неге жылап отырсыз?

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мен достарымнан адасып қалдым, қарнымда аш, маған көмектесесіңдер ме?

-Тәрбиеші: балалар кірпіге достарын табуға көмектесеміз бе?

-Иә

-Тәрбиеші: Ендеше, кірпіні өзімізбен бірге алып, балабақшамызға оралайық.

-Тәрбиеші: Кірпінің қарны аш екен, оның сүйікті жемісі қандай?

-Балалар: Алма, саңырауқұлақ

-Кірпі: дұрыс айтасыңдар. Менің сүйікті жемістерімді біледі екенсіңдер. Рахмет, сендерге балалар.

Ендеше , үш орталыққа бөлініп, бірінші орталық кірпінің достарын мүсіндейік, ал екенші орталық кірпінің сүйікті жемісі алманы жырту әдісімен желімдейді, үшінші орталық кірпінің сүйікті жемісі саңырауқұлақты құрастырып желімдейді.

(жасаған жұмыстарын кірпіге сыйлайды)

Қорытынды:

Оқу қызметінен алған әсерлерін баяндайды. Балалар мадақталады.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.