Мақсаты: Балалардың дене бітімін, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, баланың елжандылық, азаматтық және бейбітшілік сезімдерге тәрбиелеу, сонымен қатар дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Спорттық ойындар ойнату арқылы балаларды ептілікке, кішіпейілділікке, достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру..
Би: «Достық» биі
Жүру барысы: Балалар «марш» екпінімен залға кіреді.
Нұсқаушы: — Балалар, ең алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.
( Осы кезде қолында хаты бар аю келеді. Өзі көңілсіз).
Нұсқаушы: — Сәлеметсің бе, аю, қайдан келесің? Қолыңдағы хатты Күз Ханшайымынан әкеле жатырсың ба?
Аю: (жыламсырап), Күз Ханшайымы бәрімізді өз орманына қонаққа шақырып еді. Бірақ, Мыстан кемпір жолға кедергілер қойып кеткен. Мен сол кедергілерден өте алмай, балалардан көмек сұрауға келдім.
Нұсқаушы: — Аюжан, сен мұңайма! Әрине, балалар көмек беруден аянбайды. Солай емес пе , балалар?!
Балалар: Әрине, көмектесеміз.
Нұсқаушы: — Олай болса, жолға шықпас бұрын, ең алдымен бойымызды сергітіп, әртүрлі жаттығулар орындап жіберейік. (жүріс түрлері)
Нұсқаушы: — Балалар, біз орманға сапар шеккелі тұрмыз. Балалар, орманда нелер мекендейді?
Балалар: — Аңдар!
Нұсқаушы: — Қандай аңдар?
Балалар: — Жабайы аңдар.
Нұсқаушы: — Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
Балалар: — Арыстан, түлкі, қасқыр, қоян, аю, т.б.
(Балалар орманға әндетіп барады).
(Орманның дыбысы)
Нұсқаушы: — Ой балалар, бұл томар ғой, қане, томардан өту үшін ирелеңдеп жүрейік. Енді алдымыздағы үлкен ағаштан бізге өту қиын, олай болса, гимнастикалық орындық үстімен қолымызды белімізге қойып, оң аяғымызды сол аяғымызбен ауыстырып жанымызбен жүрейік. Соңында қос аяқпен жерге секірейік. Балалар, алдымызда тағы да кедергі кездескен сияқты және де ол ағаштың бұтағы екен. Олардан секіріп өтуіміз керек. (Балалар ара – қашықтығы 25 см орналасқан гимнастикалық таяқшалардан қолдарын белдеріне қойып, қосаяқпен секіреді.) Ал, енді, балалар, бұл аюдың үңгіріне өте қатты ұқсайды екен. Қане, одан төрттағандап еңбектеп өтейік. (Доғаның астымен төрттағандап еңбектеп өтеді). (Соңында үңгірге кездеседі.)
Мыстан кемпір: — Әй, балалар, қайдан келе жатырсыңдар? Сендер менің кедергілерімнен қалай өттіңдер?
Балалар: Біз дені сау, мықтымыз! Біз үнемі спортпен айналысамыз!
Мыстан кемпір: — Қалайша? Ал мен күнде ауырып қаламын. Бұл қалай болғаны? Тоқта, тоқта, онда мен сендерге вирус жіберемін. (Вирус келеді)
Вирус: — Ооо… Балалар, мен вируспын. Мен сендерді аурушаң қыламын.
Балалар: — Жо – жоқ. Оған жол жоқ. Біз мықтымыз! Біз күнделікті таңғы жаттығу жасап, денемізді шынықтырамыз. Ағзамыз дәруменге бай. Біз ауырмаймыз!
Мыстан кемпір: — Мен түсінбедім. Сонда күнделікті денемізді шынықтырсақ , ауырмаймыз ба?
Нұсқаушы: — Әрине , ауырмайсыз. Сіз тек адамдардың көңілін түсіруді ғана білесіз. Ал, спортпен мүлде шұғылданбайсыз.
Мыстан кемпір: — Жарайды, менде байқап көрейін. Балалар, мені топтарыңа аласыңдар ма?
Балалар: — Әрине бірақ, сіз алдымен Күз ханшайымын босатыңыз.
Мыстан кемпір: — Жарайды.
Күз Ханшайымы: -Ой, балалар сәлеметсіздер ме? Мен сендерді ұзақ күттім ғой. (Балалармен бірге аю да, мыстан кемпір де амандасады).
Нұсқаушы: — Сәлеметсіз бе? Күз Ханшайымы, біздің жолымызда көптеген кедергілер кездесті. Сол кедергілерден балалар еш қиындықсыз өтіп шықты. Сондықтан біздер кешігіп қалдық. Енді балалар сізбен бірге ойын ойнап, би билеп, көңіл көтергісі келіп тұр.
Аю: — Балалар , сендерге көп рахмет. Сендердің арқаларыңда мен Күз Ханшайымымен жүздестім.
Мыстан кемпір: Рахмет, балалар, мен енді үнемі спортпен айналысамын. Мен өз қателігімді түсіндім.
Күз Ханшайымы: — Балалар, менің сендерге жинап қойған күзгі сыйым бар, соны қабыл алыңдар! (Корзинамен жеміс – жидек, дәрумендерін береді)
Ән: «Менің Қазақстаным»
Нұсқаушы: — Ал, балалар біздің қайтатын уақытымыз болған сияқты, балабақшамызға қайтайық. Күз Ханшайымы , сау болыңыз , сізге көп – көп рахмет. Сіздің арқаңызда балалардың көңілдері көтеріліп қалды. Келесі кездескенше.
Күз Ханшайымы: — Рахмет, балалар, сау болыңдар!
(Балалар маршпен жүріп, залдан шығып кетеді).
Рахиля Ахметова Жуминовна,
№21 «Кәусар бұлақ» мектепке дейінгі гимназия,
Дене шынықтыру жетекшісі