Қазіргі таңдағы психология ғылымында кіші жас балаларының психологиялық механизмдер пайда болатыны анықталған. Бұл механизмдер тұтастай психиканың тұлғалық негізі болып, анықтаушы роль атқарады. Осы жас кезеңіне байланысты үлкен мән берілуі керек. Кіші мектеп балалық кезеңі — бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әрі қарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі.
Бұл кезеңге тән:
- баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
- әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
- отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі.
Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.
Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден «сен мүлдем тырыспайсың?» деген сөз естиді. Бірақ ол «тырысу» деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі – бастауыш оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:
- Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
- Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
- Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.
Әл-Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: -қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің, кейбіреулерін ұғыну ған жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлау күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі баланың зейінінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.
К.Д.Ушинский: «…ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек… Әрбір жыл сайын бүл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс» , -деп жазған. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Ол даму оқушының танымдық әрекеті арқылы жүреді, яғни, оқушы өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырады.
И.П.Подласый, 6 жастан бастап 12 жас аралығы танымдық әрекетті қалыптастыруға және дамытуға өте қолайлы кез деп есептейді. Әр жастағы, оның ішінде бірінші сынып жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше, бұл ерекшеліктер баланың бұдан 18 бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге даярлап отырады, Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі бастауыш сынып оқушысының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарамайды және бұдан былайғы даму перспиктиваларын көрмей тұра алмайды. Дамудың өзі денелердің кеңестікпен уақытта жай өзгеруі ғана емес, ол өзінің үдемелілігімен, төменнен жоғарғыға, азырақ ұйымдасқаннан неғұрлым үйымдасқанға, қарапайымнан күрделіге ауысымен көзге түсетін жаңадан кері айналмайтын үрдіс. Даму үздіксіз жүреді, ойлау, қорытынды шығару үрдістері қалыптастырады. Мектепте оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамсыз етеді және ол бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С.Выготский дамудың өзекті және іргелі деп екіге бөлді. Өзекті дамуда оқушы мүғалімнің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастырып меңгерсе,іргелі дамуда оқушы өз бетімен білімді меңгере алмайды.
Бастауыш саты -оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі «арнамен жүруін» қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады.
Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:
- Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет;
- Қоршаған дүние жайлы үғымдар қажет;
- Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;
- Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.
Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс. Бастауыш мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы танымдық әрекеті қалыптасады.
Медицина, биология, психологияда және басқа ғылымдарда адам миының сол жарты жары доминантты балалар ақпаратты бір мәнді логиканың заңдарына сәйкес үздіксіз, вербальды түрде, жалқыдан жалпыға көшу ұстанымына сәйкес қабылдайды, ал оң жақ жарты жары доминантты балаларды ақпаратты көп мәнді логиканың заңдарына сәйкес жалпыдан жалқыға көшу ұстанымы бойынша дискретті қабылдайды. Бұдан, мидың оң жақ жарты жары доминантты балалар ақпаратты қабылдау кезеңінде оқу үрдісімен тұйықталады, ал екінші топтағы балаларға оқу үрдісіне негізделіп құрылады. Сондықтан бірінші топтағы балалар мектепте оқу жылдарында оқулықтағы материалдың берілу стилі мен мұғалімнің түсіндіру логикасына сүйенуіне тура келеді. Бұдан дидактогендік тұрғыдағы проблема туады: балалардың мектептегі дискомфортты олардың физикалық және психикалық денсаулықтарының төмендеуіне әкеліп соғады. Сонымен, білім мазмұны мен оқыту жағдайының бала генотипі ерекшеліктеріне сәйкес келуіне қамтамасыз ету оқу ақпаратын қабылдау сипаттамасын анықтайды, оқыту тиімділігін күшейтудің қажетті жағдайы, жалпыға арналған мектептердегі валеологиялық параметрлердің жақсаруы болып табылады.
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін аса маңызды, құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді.
Бастауыш мектептің алдында үнемі оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, қоғам және табиғат туралы бастауыш білім беру, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуге бағдарланған, басқаша айтқанда, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру, оның жеке қабілетін қалыптастыру міндеті тұрады.
Бастауыш білім алу үрдісінде оқушылар дұрыс, еркін, тез әрі түсінікті оқуға, өз ойларын ауызша, жазбаша дұрыс қорытуға, мазмұндауға, арифметикалық есептер шығаруға бауланады, оларға табиғат жөнінде кейбір түсініктер беріледі. Оқу барысында балалардың көркем өнерге деген ынтасы, өнерге деген ықылысы, сүйіспеншілігі артады, шығармашылық қабілеті, музыкалық сезімі, эстетиканы (көркемдікті) сезіне білу қабілеті дамиды. Баланың ғылыми мәліметтерді ұғып алуға ынталануы, ойлану операцияларын игеруі оның ойлау қабілетінің басты ерекшеліктеріне айналады да, ол қажетті білімдерді меңгере бастайды. Бастауыш білім алу үрдісінде жасөспірімнің одан әрі білімін жетілдіре беруіне негіз салынады.
Жоғарыдағы педагог-психолог ғалымдардың еңбектерінен бастауыш мектеп жасында бала зейінінің дамуы, ұшқыр да, шапшаң қабылдау, ашық ойлау, есте сақтау жолымен оқу-танымдық әрекетті қалыптастыру қажетті және маңызды екенін байқауға болады. Бұл жерде бірдей жастағы балалардың жалпы ортақ қасиеттері туралы айтылғанмен, оның өзі оқушыны сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас арқылы сипатталатын тұлға екеніне сүйенуден шығады.
Жеті жастан он жасқа дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі белгі мынада: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Бұл бала өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді.
Бастауыш сынып оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне тоқталсақ. Бұл жаста дененің барлық органдары мен тканьдарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы, омыртканың барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтсе де скелеттің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі мен ширақтылығы да осыдан, бул дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын жихаздар көлемінің сай болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу- бала денесінің, оның тұлғасының қалыпты дамуының аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттілігінің шарты екендігі осыдан. Бастауыш сынып окушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті, алайда олар-ға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырак соғады. Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз-он бір, ал білек сүйектерінің қатаюы он- он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу (ұстамдылықтың және өзін-өзі бақылаудың негізі) мектеп жасьша дейінгі балаларға қарағанда неғұрлым елеулі болады. Алайда қозуға бейім болу әлі де аса күшті; бастауыш сынып оқушыларыньщ қолды-аяққа тұрмайтындығы осыдан. Саналы да дұрыс тәртіп, үлкендердің жүйелі талап қойып отыруы — балалардың қозу және тежелу процестерінің қалыпты, өзара қатынасының қалыптасуына кажетті сыртқы шарттар. Сонымен катар жеті жасқа қарай олардың жалпы байланысы тәртіпке, орнықтылыққа, төзімділікке қойылатын жаңа, мектеп талаптарына сай болады.
Таласбаева Гаухар Барақбайқызы
«Өрлеу» БАҰО АҚ Қызылорда филиалы
МКДППҚЕ кафедрасының аға оқытушысы