Сонымен қатар Институт басшысы осы конкурсқа шәкірттерін дайындаған ұстаздарға, байқауды өткізуге қолдау көрсеткен білім беру жүйесінің қызметкерлеріне алғыс айтып, жүректері лүпіл қаққан, көздерінен үміт оты жарқылдаған еліміздің ең жас зерттеушілеріне білім жолында Өрлей беруіне тілектестігін білдірді.
Мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламсының аясында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік қабілетін дамытып, жобамен жұмыс жасау, жеке-дара іс-әрекеттерін дұрыс қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға аудандық байқаудан өткен 40-тан астам зерттеу жобалары ұсынылды.
Бастауыш сынып оқушыларын осындай жарыстарға қатыстырып шынықтыруды, білімін шыңдауды көздеген бұл сайыстың әділқазылар алқасын білім саласының тәжірибелі мамандары, әйгілі ғалымдар топтастырды.
Көздерінен үміт оты жарқылдаған жас зерттеушілер үлкен кісілердей әділқазылардың алдында сынақ тапсыруда. Сүйсінесің. Өз тақырыптары бойынша көрнекі құралдары, зерттеу жұмыстары, нәтижені айқындайтын нақты дәлелдері бар оқушылардың арасынан жеңімпазды таңдау әділқазыларға да оңай болған жоқ. Балалығы бойынан кетпеген балдырғандарымыздың зерттеушілікке басқан қадамы үлкен үміт күттіреді.
Бастауыш сынып қабырғасындағы жас жеткіншектердің зерттеушілік әлеміне басқан алғашқы қадамдарын құптап, қанаттандыруды көздеген конкурстың марапаттау салтанатында әділқазылар алқасы анықтаған жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен марапатталды.
Әділқазылар шешімімен «Тірі табиғат» номинациясы бойынша І орынды № 196 ЖББМ» КММ 3 сынып оқушысы Ханаева Лияна және «№ 89 ЖББМ» КММ 2 сынып оқушысы Шиянова Софья, ІІ орынды Қ. Яссауи атындағы № 123 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Жеткерген Әділет пен № 53 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Нұрғазы Бағдат, ІІІ орынды «Достар» Халықаралық мектеп лицейінің 4 сынып оқушысы Ким Вероника, Zerde мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушысы Қайратұлы Әбілмансұр және № 66 ЖББМ КММ 3 сынып оқушысы Володин Данил иеленді. Ал, «Мен және менің әлемім» номинациясы бойынша І орынды № 120 гимназия КММ 4 сынып оқушысы Ізбасар Жанель мен И.Жансүгіров атындағы № 130 гимназия КММ 3 сынып оқушысы Голоскоков Максим бөлісті. Бұл номинация бойынша ІІ орын № 120 гимназия КММ 4 сынып оқушысы Летина Ульянаға, № 149 ЖББМ КММ 3 сынып оқушысы Саятбек Асылайға, ал ІІІ орын № 160 ББМ КММ 2 сынып оқушысы Касилов Дмитрийге, № 70 ББМ КММ 1 сынып оқушысы, Муратов Диас, № 103 ББМ КММ 3 сынып оқушысы Ахмадова Раяна, № 194 ОББМ» КММ 3 сынып оқушысы Кузьмин Богдан мен № 142 ЖББМ 4 сынып оқушысы Қырғызбай Аяжанға берілді.
Сондай-ақ, әділқазылар шешімімен «Математика, ғылым, техника» номинациясы бойынша І орын № 76 ЖББМ 3 сынып оқушысы Омарбай Рамазан мен № 177 ББМ КММ 1 сынып оқушысы Рустамұлы Алиханға берілсе, ІІ орынды № 90 мамандандырылған мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы Руслан Арслан мен № 141 ББМ КММ 2 сынып оқушысы Руслан Батырхан иеленді. ІІІ орынды № 149 ЖББМ КММ 4 сынып оқушысы Тоба Ілияс, И.Жансүгіров атындағы № 130 гимназия КММ 4 сынып оқушысы Маметов Рамиль мен № 77 ББМ КММ 3 сынып оқушысы Кадыров Тимур бөлісті.
Конкурсқа қатысқан оқушыларды дайындаған педагогтардың да еңбегі ескеріліп, жеңімпаз бүлдіршіндердің мұғалімдерін «НұрОтан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ордабаева Найля Алтынбекқызы Құрмет грамотасымен және «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Құрмет грамоталарымен марапаттады. Конкурсқа демеушілік жасаған «Алтын кітап» редакциясының бас редакторы Титенев Вячеслав Захарович жеңімпаздарға дайындаған сыйлығын тарту етті.
П.Асылбек,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімі