Home » Ашық сабақтар » Кітап пен ғаламтор

Кітап пен ғаламтор

 «Тәрбие басы – тал бесік» апталығының сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны және кітап туралы мағлұмат бере отырып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге үйрету;
  2. Дамытушылық:Оқушыларға кітап және интернет туралы толық мәлімет беру, ой-өрісін дамыту;
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын ашық, нақты, тиянақты жеткізе білуге тәрбиелеу;

Қатысатын топтар: ТҰРАТ-181,САД-9-181

Сабақтың түрі: дебат /пікір — талас/

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру

Сабаққа қажетті материалдар: слайд, қанатты сөздер, интернет, видеосюжеттер

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 

  1. Кіріспе сөз
  2. Негізгі бөлім (пікір – талас, ой бөлісу):
    1. Кітап және ғаламтордың пайда болуы жайлы.(топ басшылары 3 — 6 минут).
  3. Кітаптың пайдасы мен зияны ( 1 — жақтаушы, 1 — даттаушы) 3 — 6 минут.
  4. Ғаламтордың пайдасы мен зияны. Ғаламтор досымыз ба, әлде жауымыз ба? ( 2 — жақтаушы, 2 — даттаушы) 3 — 6 минут.
    4. Спикерлердің қорытынды сөзі. (3 — жақтаушы, 3- даттаушы) 5 — 10 минут.
    5. Қорытынды сөз. (мұғалім)
    6. Көрермендер пікірі, тілегі.

 

    Кіріспе сөз.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Кітап және ғаламтор» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Сайысымызды бастамастан бұрын «Кітап дегеніміз не?» және ғаламтордың біздің өмірімізде алатын орны туралы кішкене әңгіме қозғасақ. Кітап дегеніміз не?

Кітап дегеніміз – білімнің бас құралы. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан дүниені оятып, ақылшы серік болып табылатын құрал.

Кітап – дегеніміз тілсіз тәрбиешіміз, адамға бала кезінен бастап,өмірінің соңына дейін жан азығы,сырласушы досы бола алады. Кітап — ең керемет ғажайып зат. Сендер қолдарыңа кітап алсаңдар, әппақ қағазға жазылған түрлі белгілерді көресіңдер, сендер ол құпияны ашуға асығасыңдар.

Кітапты оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар, көз алдарыңа әртүрлі оқиғалар елестейді.Сендер білмейтін адамдар өзі туралы айтып, кітап тілімен сөйлеседі.

Ал енді ғаламторға келетін болсақ, ақпараттық –коммуникациялық технологиялардың дамыған уақытында біз қаласақ та, қаламасақ та баланы компьютерсіз, ұялы телефонсыз, iPad-сыз елестесу қиын болса, бүгінгі тіршілікті ғаламторсыз елестету тіптен де мүмкін емес.
ХХІ ғасыр –компьютер заманы. Сондықтан өскелең ұрпақты виртуалды әлемді жан-жақты меңгергеніне қуанамыз. Ғаламтордың арқасында қазіргі ел орталығы мен шет аймақтар арасына алшақтық жойыла түсуде. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» да ғылыми-танымдық ізденістеріңізге көмекші болатын да осылар.
Алайда таяқтың екі ұшы болады дегендей, ғаламтордың да пайдасы мен қатар зияны да жетерлік. Алайда ғаламторды жақсы немесе жаман болуы оны қалай қолдануымызға байланысты екенін ұмытпайық. Енді осы кітап және ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы пікірлеспес бұрын біз
видеосюжеттер қарасақ. (видео көрсетіледі)
Сонымен «Кітап және ғаламтор» туралы алдымен сөз қозғайық.
Жоғарыда көрсетілген видеосюжеттен көптеген мәлімет көрдіңіздер. Енді өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
Міне, біздің бүгінгі дебат сайысымыз бүгінгі күнде қарқындап дамып келе жатқан компьютердің, қоғам арасында кеңінен қанат жайып кеткен ғаламтор төңірегінде және де адам баласының жан азығы ерте заманнан адамды білімге жетелеген кітап болмақ. Алдымен осы кітап және ғаламтордың пайда болуы жайлы топ басшыларына сөз берейік.

 

1.«Кітап» тобының спикері

Сәлеметсіздерме құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біздің ұстанып отырған позициямыз «Кітап — білім бұлағы» Біз осы жерде кітаптың қаншалықты маңызды екенін ашып көрсеткіміз келеді.

«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Осы сынды кітап туралы бірнеше құнды пікірлерді сізде жақсы білесіз. Расында да қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашанда жарық. Біз бүгін сіздерге кітап оқудың 7 пайдасы жөнінде айтып көрейік.

  1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
  2. Кітап оқу — жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
  3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
  4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
  5. Кітап оқу- адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
  6. Кітап оқу- сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
  7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілетерді дамытады.

Кітап – адамзат баласына ағарту хәм білім сыйлай береді және беттерінде адамзат тіршілігінің сан құпия сырлары сақталған.

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Ең сабырлы ұстаз-кітап.Тек кітап қана қайрымдылық пен қатыгездіктің, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді.

2.«Ғаламтор» тобының спикері

Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет» Ғаламтордың пайдасы өте зор. Алдымен Ғаламторға анықтама берейік. Ол бүкіл ғаламдық тор, бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір — бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай — ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес. Кез келген адам күніне 6 -7 сағат уақытын компьютер алдында өткізеді. Қалаңыз, қаламаңыз, бірақ компьютерсіз жұмыс бітіру әсте қиын. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып — ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады.
Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Ғаламтор деп санар едім. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ — тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір — бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады. Содан соң ARPANET дамып — жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Ғаламтор» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Ғаламтормен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық — талшықтық желілер және электр желілері арқылы да байланысуға болады. Бұл күнде Ғаламтор тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

3.«Кітап » тобының спикері

Сәлеметсіздерме құрметті қауым! Біздің қарсыластарымыз «Ғаламтор керек, ол біздің өмірімізге қажет. Ғаламтор пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда Ғаламтор әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық — коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Жаңа сен бір сөзіңде «компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады деп айтып кеттің. Мүмкін дұрыс та шығар. Алайда, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, «ақылды машинаның алдында көп отыратын ересек адамдардың 92 пайызы жұмыс соңында өзін нашар сезініп, шаршап — шалдығады екен. Дәрігер мамандардың айтуынша, олардың денсаулығына зор нұқсан келеді. Дәрігерлер «адамзаттың басына түскен дерт пен қауіп — қатердің түп — төркіні компьютерде жатыр» деген тоқтамға келген. Рас, бүгінде жас та, кәрі де монитордан көз алмайды. Біріншіден, компьютерден зардап шегетін адам ағзасының бір мүшесі – көз. Себебі, әрқилы түске еніп, жалт — жұлт жанатын монитор көзге үлкен күш салады. Екіншіден бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Бұрындары көбінесе монитор өте зиянды дейтін. Мамандар клавиатураның одан да қауіптірек екенін айтады. Себебі, клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды. Және де компьютердің алдында көп отырғандар саусақ ауруларына да шалдығады.

Мұғалім: Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата — аналар тәулік бойы балаларының тыныс — тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.

  1. «Ғаламтор » тобының спикері

Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор. Кітап оқығанда тұрған қандай зиян бар деп ойлаймыз. Тек дұрыс оқымаған жағдайда көзге зиян тиюі мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ кітапта әр түрлі болып келеді. Кітаптың жақсы және жаманы болады. Сонымен қатар әдеби, ғылыми, арнайы әдебиет түрлері, детектив не комикстер, махаббат туралы романдар, әлемдік деңгейдегі классикалар бар ия оны мойындау қажет. Бірақ, кітапты да дұрыс таңдай білу қажет. Біріншіден нашар жазылған туынды адамның талғамын бұзады. Кітап таңдамай оқитын адам кітап сөресінде тұрған барлық кітапты оқиды. Ол тікелей ол адамның жақсы не жаман жазылған автор жұмысын ажырата білмеуіне әкеп соғады. Екіншіден тек бір үлгідегі жанрды таңдау, адам психологиясына әсерін тигізеді. Жан жақты ойлау, елестету қабілетін жоғалтады. Ендігі жерде біз қалай оқимыз кітапты? Автобуста, тұрып, жатып, больницада, парта астында, түнде. Сіздер білетіндей мектеп таблдырығынан бізге айтылады: жатып оқуға болмайды, қараңғыда, жүріп бара жатып, машинада, метрода кітап оқуға болмайды, өйткені тікелей көз жанарымызға әсер етеді. Ең дұрысы орындықа отырып, жарық көзі сол жақтан түскені дұрыс. Кітап 30см алшақтықта тұру қажет, жарты сағат сайын көзге жаттығу жасап тұру қажет. Сол кезде ғана көзге зиян келмейді. Сондай ақ тез оқу, ортасынан ашып, немесе үзіп оқу логиканы,сонымен қатар автор ойының негізгі түйінін түсінбеуге әкеп соғады. Біз не үшін оқимыз? Бұл жерде дұрыс жауап біреу: адамның жан дүниесін дұрыс тәрбиелеуге бағытталады. Оқу немесе оқымау? қиын емес сұрақ. Ал бірақ қалай және не үшін оқу ол сіздің еншіңіз!.  Назарларыңызға рахмет.

 

  1. «Кітап» тобының спикері:

«Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей»,- деп Цицерон айтқандай, кітапсыз — адам өмірі бос, барлық білім – кітапта. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық та, жаңа технологиялар да кітаптың орнын баса алмайды. Техника қанша дамығанымен компьютер уақытымызды үнемдейтін құрал. Көп жасаған білмейді, көп оқыған біледі. Ал енді ғаламтордың денсаулыққа зияны туралы айтқым келіп отыр: Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып — ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алынған термин емес. Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады. Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс әсер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді. Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды. Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.

  6 «Ғаламтор» тобының спикері

Сәлеметсіздер ме. Сонымен бізге бала кезден кітап оқудың қажеттілігін айтады және оқытуға тырысады. Менің ойымша оқу ол бір айтарлықтай бағалы дүние деп айта алмаймын, ол құрал. Баланы алдымен үйретуге тырысады, болмаған жағдайда күштеп үйретеді. Ол дұрыс емес алдымен оның ойлау және өз ойын жеткізе білуге үйрету қажет. Әр бір нәрсенің дұрыс және бұрысы болады. Сонымен кітап оқудың зияны туралы айтсақ:

  1. Оқу ол адамды айналасындағы болып жатқан жайттардан айырады, адам өзінің ішінде қамалып қалады. Бәрін білуге тырысады, бірақ өзін ұмытады.
  2. Кітап оқу арқылы өзіңді өзгелерден жоғары санап, адам менсінбеушілік пайда болады.
  3. Оқу арқылы керекте керек емес материалдарды жинап соның ішінде жоғалу, яғни өмірмен көзқарас тура келмей қалады.
  4. Автор секілді ойлай бастау. Ол дұрыс емес. Сондықтан кітапқа үңіле бермей ғаламторға көбірек көңіл бөлейік достар .

Қорытынды сөз: ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан информациялық ерекшеленеді. Осыған байланысты информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделекті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты сақтау мен жақсартудағы оқу орындарының ролі жоғары екені ешқашан да талас тудырмайды. Сондықтан да кіші жастан балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты міндетіміз. Сонымен қатар кітап оқуға талпыну қажет. Кітап ең керемет ғажайып зат.Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын, табиғат ғажаптарын кітаптан табуға болады. Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап – сыр сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп те таңданасыңдар.Өзінің биік,таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауға теңдесі жоқ қару болып табылады.

 Кулабекова Динара Кабланбековна,
Жол-көлік колледжінің
информатика пәні оқытушысы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Интернет материалдары
  2. Газет журнал мақалалары

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.