«100 кітап» жобасы – М.Жұмабаев атындағы гимназияның төлтума жобасы. Бұл жобаның мақсаты оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттыру, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген
қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеті шыңдалған жеке тұлға тәрбиелеу.
2015-2016 оқу жылының жазғы демалысынан 2016-2017 оқу жылының қаңтар аралығында жобаның гимназияішілік кезеңі өтті.
Гимназияішілік жобаға төмендегідей талаптар қойылды:
Өткізілген іс-шаралар нәтижесін шығарып, рейтинг жариялау;
Байқаудың өтілу барысын бірінші қабат стендісінде, мектепішілік газеттерде, гимназия сайтында міндетті түрде жариялап отыру;
Жеңімпаздарды қалалық жобаға жіберу.
Әр айдың жетістіктері бойынша кітапханашы қорытынды рейтингіні, яғни баллдық жүйеде шығарып отырды.
«100 кітап» жобасы аясында мектепте жүргізілетін жұмыс түрлері мен жауапты мұғалімдер төмендегідей топтасты:
Бастауыш сынып /Байкенжина Д.С./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
- Интелектуалды сайыс
- «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
- «Ертегілер әлемінде» сахналық қойылым
5-сыныптар /Сыздықова Э.К./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
- Интелектуалды сайыс
- «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
- «Қасиетіңнен қара өлең, айналайын» атты мәнерлеп оқу сайысы
6-сыныптар /Адамова Б.К./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
- Интелектуалды сайыс
- «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
- «Менің сүйікті кітабым», «Менің сүйікті кейіпкерім»
7-сыныптар /Жакишева Ж.К./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
- Интелектуалды сайыс
- «Оқығанға жүгіну» есеп жазу
- «Жыр күмбірі» жыр, миф, аңыз-әңгімелерден үзінді оқу.
8-сыныптар / Ермек Е.С./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы
- Интелектуалды сайыс
- «Театрлар әлемінде» үш тілде сахналық қойылым
9-сыныптар /Рахметуллаева Д.Б./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
- Интелектуалды сайыс
- «Ең үздік оқырман»
10-сыныптар /Ақбаева Б.К./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы /
- Интелектуалды сайыс
- «Әдебиеттің асыл мұрасы» аудиожазба сайысы
11-сыныптар /Абенова А.Е./
- «Оқырман қаламынан» /мақала, эссе конкурсы/
- Интелектуалды сайыс
- «Менің жарқын болашағым»
/үш тілде эссе жазу байқауы/
Мектепішілік жоба қорытындысы 2016 жылы желтоқсанда шығарылды. Барлық талаптар бойынша жалпы ұпай сандары есептеліп, жоғары балл жинаған жеңімпаздар марапатталып, қалалық сайысқа жіберілді.
Гимназиямыздың төрінде ақпан айының 17-і күні
қалалық мектептер арасында «100 кітап» жобасының
онлайн режимінде қорытынды кеші болып өтті.
Білім алып жатқан оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының, жалпы түркітілдес халықтар әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту мен үйретуді қолға алып отырған бұл жоба – өз деңгейінде өрбіді. Жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыруды, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білген, рухани дүниемен сусындаған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды мақсат тұтқан іс-шарада М.Жұмабаев атындағы №39 гимназиясы 100 кітап тізімін әзірледі.
Аталған тізімде 50 қазақ әдебиетінің, 50 әлем әдебиетінің классикасы, оның ішінде 20 — ағылшын тілінде, 30 — орыс тілінде таңдалды.
Онлайн режимінде «100 кітап» жобасының қорытынды кеші әдеби-сазды кеш ретінде әрі марапаттау салтанаты түрінде жүргізілді.
Қорытынды кештің тізгінін Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері Жаркеева Гүлназ Бекетовна алып, №39 гимназия директоры Базыл Жанкелді Сағынтайұлы келген қонақтарға ақжарма тілегін білдірді. Осы жоба аясында мектепішілік деңгейден сүрінбей өткен алғыр оқушылар қалалық сайыста бағын сынады. Бекітілген тізім бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы, интелектуалдық ойын, сахналық қойылым, электрондық кітапша, эссе жазу сияқты байқауларда сынға түсті. Жобаға қала бойынша 15 мектеп өтініш білдіріп, баршасы өз деңгейінде барын салды. Жобаның қорытындысы бойынша оқушыларға диплом, сыйлықтар және үздік деп танылған мектептерге алғыс хаттар берілді. 5-сыныптар арасында І орынды иеленген №92 гимназияның оқушысы Қабижан Фатима. 6-сыныптар бойынша І орын №82 мектептің оқушысы Несіпбай Аруана. 7-сыныптардан №39 гимназияның оқушысы Айтуған Нұрдәулет. 8-сыныптарда «Театр әлемінде» үш тілде сахналық қойылым бойынша №53 мектеп ұжымы І орын. 9-сыныптар бойынша «Ең үздік оқырман» №39 гимназияның оқушысы Молдабаева Мадина болды.
10-сыныптарда Мәди Бәпиұлы жайлы жасаған электрондық кітапшасы үздік деп танылған №39 гимназия оқушысы Салина Аружан І орынды жеңіп алды. 11-сынып бойынша үздік эссе №92 гимназияның оқушысы Жұмажанова
Сабинанікі деп танылды.
Альжанова Мөлдір Жаксыбаевна
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,
М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі