Мақсаты: білімдік –кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру; дамытушылық — кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын артыру, сөйлеу мәнерін дамыту; тәрбиелік-оқушыларды кітапты сүюге балу кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Түрі:әдеби кеш
Әдісі:түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі:балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегіле әлеміне саяхат.
Барысы: Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Оқушыларды сабақ түрімен жаңа мақсатымен таныстыру.
Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айырықша күн. Бүгін сендер, яғни мектеп кітапханасына жазылмаған болалар оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа хош келдіңіздер! Китапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді! Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.
Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесін мұнда, өмірге азық жиясын.
Оқып білім, зерттеп көріп санаңа,
Терең білім, ой маржанын құясын.
Дейді ойшылдар» Кітап –білім бұлағы,».
Кітапхана – сол сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп, көп оқыған баланың,
Анық тағы білімпаз боп шығары.
Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды,олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады. Сондықтан «Олардың іші пыспасын » десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады. Кітап – ол жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.
1-Оқушы: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.
Кел, оқырман,тойын тойла кітаптың,
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
О, кітап, бас иемін мәртебеңе,
Игілік қазынасың бар адмға.
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?
2-оқушы: Адамның досы кітап- өмір кіліті
Тең емес оған барша жиған мүлкі.
Ақылшы, жанға серік,
Ақыл-ой қазынасы, өмір көркі.
Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?
Жүргізуші: Оны казір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әртүрлі ойын түрлері арқылы кітап кейіпкерлерін табамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз (Суреттермен таныстыру) Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?
Кебіс кімдікі? (Ханшайымдікі)
Себеттегі самса (Қызыл телпек)
Жыртық шапан (Алдар көсе)
Кіліт (Буратино)
Хат (Хат тасушы Печкин)
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар! Біз қонақ шақырғанбыз, олар неге келме жатыр екен?
(Есік қағылды)
- Ол кім екен?
Хат тасушы: Олай болса оқиық, кімнен екен?
Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер.
- Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табыуым керек. (Андерсін ертегісіндегі Герда)
- Мерекеге сондай барғым келді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын.(Айболит)
- Келгім – ақ келеді,бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)
Жүргізуші: Олрдың келе алмағаны өкінішті. Ал енді ертегілерді анықтауға қалайсыңдар?
- Орман жанынада
Үшеуі бір үйде тұрады,
Үш төсек, үш жақта.
Қане, олар кімдер? (Үш аю)
- Ұшып келіп батпаққа түсті,
Батпақта оны ұстап алды.
Кім жасыл қабыршақты шешіп,
Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды? ( Патшайым бақа)
- Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап-сары домаланған. (Бауырсақ)
- Жерден аспанға ұшу үшін
Оған үлкен сыпырытқы керек. (Мыстан кемпір)
Жүргізуші: Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіндер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?
Жол алыс,
Ал себет ауыр,
Отырмын түбірде самсаны жеп (Маша мен аю)
Шал кепірге оралды;
Кемпірде жаңа астау. (Балықшы мен алтын балық)
Тартамын,тартамын,
Тіпті де жұла алмаймын. (Шалқан)
Жүргізуші: Сендер кітап оқу үшін келдіңдер.кітапты не үшін оқиды?
3-оқушы: Кітапхана –кітаптардың ордасы.
Білсең,кітап –нағыз жолбасшы.
Ал білімнің –кітап нағыз,
Қуанып ішсең сусыныңды қандырады.
Кітап –ұстаз,
Кітап –үйретуші,
Кітап –нағыз дос, жолдас,
Ақылы –бұлақ бұлақ көзіндей еш азаймас.
Жүргізуші: Сендердің қолдарыңда кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейік.( Оқулықтар )
4-оқушы : Ал олар қандай күйде?
Жыл бойы кітап иесі
Оқиды, өзіне бірдеңе белгілейді.
Көктемде кітап өткізерде
Ол бәрін айтып қояды.
Оның не жазып қойғанын.
1-кітап : Қалің қалай, кітабым?
2-кітап: Ой,мен сыныптың алдында ұяттымын!
Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды.онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық ,ұшақ жасады. Ал сен бүтінсің бе?
1-кітап: Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқ, тап-таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.
2-кітап: Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді,тіпті екілік те алады.Ой,мен сынып алдында ұяттымын!
Екі кітап қосылып;
Кітап та алма ағашы
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Жүргізуші: Балалар ,қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді? Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жаксы көретінін білулерің керек.
Ойын: «Иә, Жоқ »
Егер келіссеңдер «Иа», келіспесеңдер «Жоқ» дейсіндер.
- Кітап нені сүйеді?
Кітап бауы (Иа).Қар не жаңбыр (Жоқ).Кір қолды (Жоқ). Ұқыптап ұстауды (Иа). Еркелеткенді (Иа).Қуырған жұмыртқаны (Жоқ). Еденде жатқанды (Жоқ). Таза қолды (Иа), Төбелескенді (Жоқ). Кітап сөресінде тұруды(Иа). Білгіш оқушыларды (Иа).
Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтпекші.
- Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
- Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.
- Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды,одан мұқаба бүлінеді.
- Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
- Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
- Кітап бетін қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
Ал, оқушылар, сендер кітаптармен дос болғыларың келеме?
5-оқушы: Ойшылдар мен білімпаздар мекені
Баріне аян кітапхана екені.
Кітаппенен дос болуға баулитын
Кітапханышы мұнда қызымет етеді.
6-оқушы: Өмір мәні өнер менен білімде,
Құштар болсаң көп құмартып білуге.
Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,
Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.
Кітапханышы:
- Кім кітапхананың нағыз досы?
- Кім көп кітап оқыған, бірақештеңе де тоқымаған?
- Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстамаған?
- Достар,кім айтады кітапты жыртып, былғамау керектігін?
- Кітапқа қарап есінеп, тек суретін ғана көретін оқушыны кім дейміз?
- Дұшпанын жерге қаратып, кітаптан білім алатын кім?
- Айтар екен кім тақпақ пен ертек?
Жүргізуші; Жарайсындар,сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар. Кітап – біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз.
7-оқушы: Білім сүйсең, кел күн сайын осында,
Кітап сенің айналады досыңа.
Талаптансаң үйренуге құмартып,
Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.
Темирова Маржан,
Түркістан облысы, Жетісай ауданы,
Атамекен ауылы, №68 «Жібек жолы» жалпы
орта мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің кітапханашысы