Ауылымызда бір ғана кәсіптік білім беру колледжі бар. Колледж кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар жұмысы үлкен. Кітапханаға білім алушылар жиі келіп қажетті әдебиеттерді, оқулықтарды жазғызып алып және оқу залында уақытты баспаларды, брошюраларды, электронды (диск) оқулықтарды пайдаланып білімдерін толықтырады. Бұл орын білім алушының да, білім берушінің де ой-өрістерін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне көп ықпалын тигізеді. Кітапханашы-әрі ұстаз,әрі үйретуші. Қиындығы мен қызығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үлкен бе, кіші ме , жақсы оқушы ма, орташа ма кітапханашыға оқырманның барлығы бірдей . «Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ » деген дана халқымыз. Оқушының ойы жүйрік, болашақ қоғам қайраткері, озат мамандық иесі болуы үшін біз – кітапханашылар барлық жақсы істерге өз үлесімізді қосып отырамыз. Сонымен қатар колледж кітапханасының қызметін нақты жолға қойып , өсіп келе жатқан жас ұрпаққа мейлінше көмек береміз. Мектеп кітапханаларында оқушылардың барлығына бірдей кітап таратылып, қамтамасыз етіледі, бізде керісінше әрбір білім алушы өзіне керекті әдебиетті, оқулықты таңдайды, кез келген уақытта кітап алу мүмкіндігі мол .
Сапалы білімнің негізі және қайнар көзі -осы кітапханадан басталады. Кітапханамыз жыл сайын облыстық білім басқармасы тарапынан жаңа оқулықтар, электронды оқулықтар, ғылыми және техникалық анықтамалық әдебиеттермен қамтылады. Оқырманның сұранысын зерттеу, олардың кітапханамен байланысын, ақпараттық сұранысын білу, кітапханаға келешекте оқырман көзқарасын қалыптастыру, оқырманның ынтасын арттырудағы мәселелерді анықтау мақсатында сауалнамалар, кітапхана қорын пайдалана білудің тәсілдері, дөңгелек үстелдер, сұхбат және әңгімелер, музыкалы кештер,ақын , жазушылардың шығармаларына шолу, атақты адамдар өмірі мен еңбегін насихаттау , т.б кештер өткізіледі.Өлен жазуға құмарлығы мол білім алушылармен мүшәйралар ұйымдастырамыз, жетістіктерін уақытты баспаларда жариялауға көмектесемыз. Уақытты баспаларды агитация жұмыстарымен айналысамыз. Кітапхана оқырмандармен жұмыс істеу барысында: І, ІІ курс білім алушылармен «Тапқыр достар» сайысы, «Қазақстан-ата мекенім», «Қазақ хандығы», «Отанды сүю, отбасынан басталады », «Конституция негізгі заң», «Қоршаған ортаны сақтайық» кітап көрмеларі жыл барысында жұмыс істейді. «Қазақстан-ұлы дала елі» жаңа уақытты баспалар картотекасыда орын алған. Бүгінгі таңда колледж кітапханасында жаңа технологиялық бағытта жұмыс істелінуде, оқу залында 17 компьютер интернет желісі қосылған. Оқырманды кітапханада көбірек көрсек – бұл біздің жақсы жұмыс істеуіміздің нәтижесі деп ойлаймын.
Абдирайимова Шаира,
Д.Қонаев атындағы №25 колледж Сайрам ауданы кітапханашысы