Әрбір халықтың кемелдікке келгендігін ертеден келе жатқан өзіне тән өркениеттің нышаны бар екендігін көрсететін қасиетті бір орындары болады. Кітапханалар – сондай орындардың бірі. Мұндағы қызу еңбек қарқыны таңнан кешке дейін бір толастамайды. Кітапхананы мектептегі «қара шаңыраққа» ұқсатамын. Қай сыныптың оқушысы болмасын, қоңырау арасында болсын, үйлерінен әдейілеп сабағына дайындалуға кітапханаға келеді. Кітапханаға бас сұқпай өтетін оқушы аз десе болады. Оқушымен жұмыс жасау жауапкершілікті талап етеді. Оқушылармен етене сойлесе отырып, кітап оқуға құмар, ынталы етуге баулу кітапханашылардың міндеті деп санаймын. Кітапханашы мамандығы қиындығымен әрі қызықшылығымен ерекшеленеді. Саналы да зияткерлік қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеуде кітапханада жыл басынан бері жоспарланған іс-шаралар өтуде. Кітапханамызда жылдық жоспарға сәйкес көптеген іс-шаралар өткізіліп, тәрбиелік мәні бар шаралардың ордасына айналды. Кітап оқушылардың жаман әдеттерден арылуына, болашақта қоғам үшін лайықты тұлға болып қалыптасуына игі әсерін тигізіп келеді. Кітап жас балаларды жақсы әдеттер жасауға, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Күн сайын «Кітаптар мұңы», «Кітап емханасы», «Кітап – білім бұлағы», тағы басқа тәрбиелік мәні бар шаралардың қалай өтіп жатқанына куә болып отырамын.
Ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізілген «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» поэзия кешінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Жақсылыққызы мен мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Ақынның «Үш бақытым», «Қара өлең», «Елім барда», «Поэзия», т.б. өлеңдері арқылы Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін аңғардық. Ал оқушалар ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ұға білді деген ойдамын. Поэзия кешінен соң оқушылардың поэзиялық кітаптарға деген қызығушылықтарының артқанын аңғардым. Оқырмандар саны артты. Кітапхананы оқушылардың құтты мекені, білім алатын қасиетті ұясы деп айта аламын.
Ноғайбаева Ақалтын Батырханқызы
Қ.Мұхамеджанов атындағы
№1 мектеп-гимназияның кітапхана меңгерушісі