Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жастар — біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты» деген еді. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелей отырып, дәстүрімізді сақтап, халықтың тұрмыс-салтын, мәдениетін көтеріп, әдет-ғұрпымызды, рухани тіршілігімізді дамытамыз дегені.
Еліміздің экономикалық тұғыры бекіген сайын сана жаңғырып, білімді жастардың қатары арта бастады. Қаламыздағы №10 орта мектебінің тұсауын Қостанайға келген сәтінде Елбасының өзі кескен болатын. Президенттің оқушыларға деген ыстық ілтипаты ақ жол болды. Бүгінде мектеп көркейіп келеді. Л.Т. Садвакасова осы білім ошағындағы кітапханашы ретінде әр баланың рухани байып, толыса түскенін қадағалап отырады. Кітапханамызда 40 мыңға жуык кітап қоры бар, соның ішінде 20 мыңдай дана көркем әдебиет пен басқа салаға сай. Жаңа буын мектеп оқулықтары, әдістемелік нұсқаулар, электрондық оқулықтар да бар. Кітап қоры сұранысқа сай жаңа кітаптармен толықтырылып тұрады. Мерзімдік басылымдар қорды толықтырудың негізгі қайнар көзі болып табылатындықтан республикалық, облыстық газеттер мен журналдарды жаздырып аламыз.
Бала тәрбиесі жолында өзгелермен қатар кітапханашылар қауымының қосқан үлесі мейілінше зор деп ойлаймын. Кітапхана қызметінің бағыты — балаларға арналған газет-журнал, кітап коллекцияларын сақтау және дамыту, балалардың білім алуына, бос уақытын тиімді өткізуіне көмек көрсету. Әр кітапханада оқырмандарға арналған оқу залы бар. Мектеп оқушылары мен мүғалімдеріне қажетті әдебиеттерді алуына толық жағдай жасалған. «Кітап — білім кілті» демекші, мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар жүмысы зор. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылықпен айналысуларына көп ықпалын тигізеді.
Соңғы жылдарда кітапхана балаларға арналған ертегілер, өңгімелер, энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, «Қазақ мәдениеті», «Сұрақ-жауап», «Ежелгі Қазақстан» сияқты жаңа кітаптар мен толыға түсуде. Жаңа түскен кітаптарды насихаттап, кітап көрмесі, ұсыныс тізімі, библиографиялық шолу ұйымдастырылады. Оқушыларды, оқырмандарды қызықтыру үшін сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен көптеген іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, әр сенбіде 1-4 сыныптар арасында «Мектеп оқушыларына оқуға ұсынылатын 10 кітап» жобасының аудиохрестоматиясы сайысы ұйымдастырылады.
Бастауыш сынып оқушылары кейбір ата-аналармен келіп, әдеби кітаптарды алады. Республикалық олимпиаданың II кезеңіне жолдама алған оқушылармен қосымша сабақ өткізуге арналған жұмыстар өткізіледі. Қазір мектеп оқушылары бүрынғыға қарағанда кітапханаға көп келеді. Себебі жаңа, қызықты кітаптар көп. Бұл баланы қызықтыратыны сөзсіз.
Кітапханашы үйретуші ұстаз іспетті. Демек, көркем өдебиет арқылы оқушылардың рухани дүниесі байып, халық өсиеттерінен нәр алып, кітапқа деген ынтасы артады. Оқушыларды еліміздің тарихын, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз маржандарын, сөз өнерін жан-жақты игеру арқылы адамгершілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді.
Біздің міндетіміз балаларды жаңашылдыққа жетелей отырып, өткенді бағалауға баулу. Болашаққа сеніммен қарайтын азаматтарды тәрбиелеу. Сондықтан оқу-тәрбие жүмыстарын ұйымдастыруда кітапханашылардың да үлесі бар. Қорыта айтқанда, мектеп кітапханасының рөлі жылдан жылға артып келеді. Олай болса, жақсы кітаптың бар қазынасын оқырман жүрегіне жеткізіп, рухани керегімізге айналдыра білейік.
Лязат Тұрсынқызы Садуакасова
Қостанай қаласы,
№10 орта мектептің
кітапхана меңгерушісі