Қазіргі ғылыми – техникалық прогресс заманындағы нарықтық қатынастардың талабына сай бизнес пен комерцияның, кооператив пен жеке кәсіпорынның әр түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ кадрлардан жаңаша ойлауға бейімділікті, тақырыптық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік, терең және нақты білім болуын талап етеді.
Физика – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілетінің көзін ашу және оның үздіксіз дамуы мен жетілуін қамтамасыз ететің пәндердің бірі.
Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Осыған байланысты Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді физика пәнін таңдайтын оқушылардың саны көбейді. Оқушылардың көбінде физикадан азды-көпті білімі болғанымен, оның жүйелілігі жетіспей жатады. Сондықтан, ҰБТ-ға дайындықты оқушылардың алған білімін жүйелеуден бастаған тиімді.
Бұл ұсынып отырған баяндама оқушыларды ҰБТ-ға дайындау тәсілдерінің ерекшіліктері:
-Оқушының белсенділігі өзіндік әрекеті болады.
-іздендіру, зерттеушілік қабілеттері дамиды.
-кез келген мәтіннен ең қажетті ой-түйіндерін теріп алатындай, ақпарат көзін қолдана алады.
-өздігінен білім жинақтап меншіктей біледі.
-шының коммуникативтік мәдениеті жоғарлайды.
-нәтижесінде ізденімпаз, ойшыл, еңбекқор, ұйымдастырушы тұлға қалыптасады.
Проблема: Оқушыларды фактыларды жинап, талдап, қорыта білуді үйрету. Оқушыларды Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсыруға дайындау.
Актуалділігі: Соңғы жылдарадағы экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты.
Негізгі бөлім.
Біз ҰБТ-ға дайындықты 10–шы сыныптан бастап жүргіземіз, себебі, 9-шы сыныпты аяқтай отырып, оқушылар физика курсын негізінен өтіп болады. Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке теориялық шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктерді кестелерге немесе сызба-нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды әрі олар өз қолымен түсініп отырып, сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады. Ең маңыздысы, оқушы осы әдіспен кез келген қосымша кітаптарды, анықтамалық кітапшаларды еркін түсініп оқуға мүмкіндік алады. Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана алулары өз алдында бір мәселе. Мысалы, төменде кестеде көрсетілгендей, қозғалыс түрлерін жеке бағандарға бөліп, тиісті формулаларын оның астына жазып алса, әсіресе білім деңгейі төмен оқушылар үшін ол формулалар бір-бірімен ауыспай есте онай сақталады. Есеп шығару барысында бір-екі рет тиісті бағаннан алып пайдаланған формуласын қозғалыстың басқа түрлерімен шатастырмайды.
Динамика негіздерін қарастырғанда кестені оқушылармен бірге толтырған дұрыс. Оқушылардың ұсыныстары бойынша кестелерге ұсыныс та енгізуге болады. Мұндай әдіс олардың белсенділігін арттыра түседі.
Сол сияқты тербелмелі жүйелер үшін мынадай кестені пайдалану да тиімді. Мәліметтердің барлығын бір кестеге жинақтау арқылы тербелмелі жүйелер жайлы толық мағлұмат алып әрі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата алады. Газ заңдарымен танысқанда оқушылардың көбі изопроцестердің айырмашылығын білмейді және қаңдай процесс кезінде қаңдай шама тұрақты екенің естерінде сақтай алалмайды (әсіресе білімдері төмен деңгейдегі оқушылар). Осындайда кесте құру арқылы оқушылар аз уақыттын ішінде барлық процестерді сипаттайтын теңдеулер мен графиктерін жатқа біле алады. Параллель және тізбектей қосу тақырыбына келетін есептерді шығару барысында оқушылар конденсаторлар мен серіппелер жүйесін қосу резисторлардың жалпы кедергісін есептеуден қателер жіберіп жатады. №5 кесте арқылы әртүрлі резисторлар мен конденсаторлардың, серіппелердің параллель және тізбектей жалғанғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтарын бір жерден көре отырып жеңіл есте сақтай алады. Сол сияқты тербелмелі жүйелер үшін де кестені пайдаланған жөн.
Электр және магнит өрістерінің қасиеттерін салыстыру, айырмашылықтарын көру үшін кесте құрастырып, оны үй тапсырмасы ретінде де беруге болады. Сонда, оқушылар оқулықпен жұмыс істей отыра, екі өрістің қасиеттері де, күш сызықтарының бағыты да, оларды сипаттайтын шамалар да, бірдей болмайтындарына көздері жетеді.
Қорытынды. Жалпы, осындай көптеген тақырыптарға арналған кестелер оқушылардың есте сақтау қабілеттерін артады. Дәл осындай кестелерді әртүрлі тақырыптарға жасауға болады, мысалы:қатты денелердін қасиеттері, жылу мөлшері, электромагниттік толқындар, әртүрлі ортадағы электр тогы, жартылай өткізгішті құралдар, жартылай өткізгіштердің қасиеттері, тұрақты және айнымалы электр тогы, жарық, жарық көздері, сәуле шығару және спектрлер, элементар бөлшектер тақырыбтарға тиімді кестелерді құрастыруға болады. Мұндай кестелерді мұғалім оқушылар мен бірге отырып, қолдан сызып жазған анағұрлым тиімдірек. Біраз тест есептерін шығарып жатыққаннан кейін дәптердегі кестелердің барлығы оқушының есінде тұрады. Кестелерге енетін материалдардың көлемін кеңейтіп, күрделірек етіп те жасауға болады. Бір тақырыптың өзіне бірнеше түрлі кестенің нұсқасын дайындап пайдалануға болады. Ол негізінен оқушының қабылдау және есте сақтау қабілетін ескерумен түсіндіріледі. Бұл – білім деңгейіне байланысты сараланған топтармен, жеке-дара оқушылармен жұмыс жасағанда тиімді, себебі мұғалім оқушының қабілетін ескере отырып, диагностикалық жұмысты да қатар алып жүреді. Осындай жұмысты мұғалім оқушылармен жүйелі түрде өткізіп отырса, оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерімен бірге бақылау, салыстыру қабілеттері де дамиды, оқушылардың білім деңгейлерінің сапасы өсіп, жалпы оқушылар ҰБТ тапсыруға нақты білім жинайды.
РАМАЗАНОВА Жанат Джамсаловна,
Екібастұз қаласы
№ 25 қазақ қыздар гимназиясының
физика пәні мұғалімі