Home » Балабақша » Кіріктірілген ашық сабақ. Жумабекова Торгын Кихметовна

Кіріктірілген ашық сабақ. Жумабекова Торгын Кихметовна

Мақсаты: жыл бойы өткен материалдарды болжамдау және бекіту.

Міндеттері:

а) білімділік:

Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау;

— Геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру;

— Қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру;

— Апта күндерін ажырата білуге үйрету.

ә) тәрбиелік:

Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу;

— Дербестікті тәрбиелеу.

Дамытушылық:

— Балалардың сөздік қоры мен диалогтік сөйлеу көлемін көбейту;

— Логикалық ойлауды дамыту.

Сабақтың барысы:

  • Мотивациялық-қозғаушылық.

 

     Балалар музыкамен залға кіреді. Жарты шеңберге тұрады.

Тәрбиеші:

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Біз – әдепті баламыз,       

Алдыменен қонақпен 

Амандасып аламыз.  

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәнекей бәріміз.      

— Сәлеметсіздер ме? Здраствуйте! Hello!

— Қайырлы таң, балалар! (тәрбиеші қасында тұрған балаға «Қайырлы таң» деп оның алақандарына салады, ал ол басқа балаға береді т.с.с.). Ал енді «Қайырлы таңды» біздің тобымызға шығарайық!

Бүкіл балалар алақандарын ашып шығарады.

— Қайырлы таң!

Тәрбиеші:

  • Балалар, мен сендерге әдемі сурет салып, соны сендерге алып келдім. Міне ол, қараңыздар!

(Көктем суреті).

  • Балалар, мен кемпірқосақты салайын дегенмін, бірақ оның түстерінің салу ретін ұмытып кеттім.

Мөлдіреп моншақ шашылды, Аспан шайдай ашылды. Көкте қызыл, жасылды Кемпірқосақ асылды.

  • Балалар, сендер маған кемпірқосақтың түстерінің жолдарын еске түсіруге көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: — Менің қолымда сендерге арналған түрлі-түсті хаттар бар. Әр хатта арнайы тапсырма бар. Ол тапсырмаларды орындап біз кемпірқосақтың керекті түсін сала аламыз. Сендер дайынсындар ма, кемпірқосақтың жолдарынан өтуге? Біз сендермен жыл бойы үйреніп-білгендерімізді тексерейік?

Балалар: — Иә!

Тәрбиеші: — Бірақ тапсырмаларды бастамас бұрын кемпірқосақтың қанша түстері бар екенін еске түсірейік? (7). Ол түстерді атап шығындар. (Қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін).

Тәрбиеші: — Балалар, бірінші хатты ашайық! Ой, бірақ мен қандай түсті ашу керектігін білмеймін. Балалар, көмектесіндерші маған, қандай хатты ашу керек?

Балалар: Қызыл!

(қызыл хатты, ашады).

Тапсырманы оқиды: «Жыл мезгілдерін ата»

Қар мұз еріп, су көбейіп, Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады.

Балалар: (Көктем)

Слайд 1                                                                       

(көктем туралы сурет көрсету).

Тәрбиеші: — Көктем мезгілінің айларын ата?

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Көктем қандай болады?

Слайд 2

(жаз мезгілін көрсету).

Тәрбиеші: — Ал бұл қандай мезгіл?

Жаз қандай болады?

Жаз мезгілінің айларын ата.

Слайд 3

(күз мезгілінің суреті)

Тәрбиеші: — Бұл қандай мезгіл?

Күз мезгілінің айларын атандар.

Слайд 4

(қыс мезгілінің суреті)

Тәрбиеші: — Бұл қандай жыл мезгілі?

Қыс мезгілінің неше айы бар?

Оларды атап шығындар.

Қыс қандай болады?

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы орындадық. Енді кемпірқосақтың бірінші жолын салуға болады.

Тәрбиеші: — Балалар, кемпірқосақтың келесі жолының түсі қандай?

(Қызғылт сары хатты таңдайды).

Келесі жолды салу үшін келесі тапсырманы орындау керек.

Тапсырма: «Сиқырлы пішіндер»

  • Балалар, сендер екі топқа бөлініп алдарында жатқан геометриялық пішіндерден көліктердің түрлерін құрастырып қоюларын керек.

1-топ – машина

2-топ – зымыран

Тәрбиеші: — Жарайсындар, балалар, қызғылт сары жолды салайық. Балалар, қараңдаршы үстелде тағы түрлі конвертттер жатыр – сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Келесі қандай конверт таңдаймын?

Балалар: сары.

«Шатасып қалған сандар» тапсырмасы.

 

Тәрбиеші: — Балалар, сендердің алдарында 1 ден 10-ға дейін сандар жатыр. Оларды рет-ретімен қойып шығындар.

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

  • Омар, енді сандарды тура санап шық. Диас, ал сен оларды кері санап шық.
  • 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
  • Балалар, енді тексеріп шығайықшы.                                                                                     1 мен 3 арасында қандай сан тұр?         (2)
  • 5 пен 7 арасына қандай сан қойдындар? (6)
  • 3 пен 5 арасына қандай сан қойдындар?     (4)

Адасқан сандарға байланысты тақпақтар айтайық.  

  1. Жіңішке жалғыз таяқша — Бір саны ол айрықша.

 

  1. Екі саны байыпты, Аққуға ұқсап қалыпты. Ұзын мойын, құйрықты, Қазды да қатар қойыпты.

 

  1. Екіліктен кейін қараңдар, Үш саны шықты, жараңдар Үшінші орын тұрағы, Үш ілмекті қосып тұрады.

 

  1. Сүйір шынтақ шығарып, Төрт  тұр алға үшті алып.
  2. Басталады саусағым бас бармақтан, Балан үйрек келеді санағанда. Ортан терек, билігі тұрып қалған Шылдыр шүмек келеді кезегім деп

Кішкентай бөбек таласпай болған екен.

Тәрбиеші: — Тапсырманы дұрыс орындадындар. Енді кемпірқосақтың келесі түсін салайық. Келесі қандай түсті тандаймыз?

(Балалар жасыл конвертті тандайды).

Алма ағашта бес алма Қандай тәтті жесе алма, Бесеуінде жеп қойсаң Қалады онда неше алма.                              Жауабы: 0 алма.

Төрт қонжық орманда Келе жатты қорбандап Біреуі шаршады Әрмен қарай бармады.                      Жауабы:3 Жарайсыңдар!

 

Тәрбиеші: — Жарайсыңдар.

Бізде күлгін түсті конверт қалды.

Келесі тапсырманы қарайық.

«Үйшіктер»                                                                                                   Үш бала ортаға шығады. Сендер санды үйшікке адамдарды қойып орналастыруларын керек. Ал қанша кісіні қоюға болатынын сендерге мына үйдің төбесіндегі сан айтып көрсетеді. Егер біз, балалар, бәрін дұрыс орындасақ, мыстан мейрімді сиқыршыға айналады

Тәрбиеші: — Міне, енді кемпірқосақтың соңғы жолын саламыз. Біздің кемпірқосағымыз шықты.

  • Балалар, енді сендер осы кемпірқосақтың суретін өздерін салып көріндер. Сендердің алдарында көктемнің бейнеленген суреті мен бояу, қылқалам және су тұр. Сендер кемпірқосақты осы параққа саласындар. (Балалар кемпірқосақтың суретін дайын көктем бейнесі салынған параққа салады).
  • Жарайсыңдар, балалар. Сендер бүкіл тапсырмаларды орындадыңдар. Кемпірқосақтың түстерін еске түсіріп бірге суретін салдық.
  • Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Бүгін барлықтарын сабаққа жақсы қатыстындар.
  • Кемпірқосақтың жолдарын дұрыс салып бүкіл тапсырмаларымызды орындадық. Балалар мен сендерге медальдар сыйлаймын. Өйткені бүгін сабаққа жақсы қатысып отырдыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: тіктөртбұрыш, шаршы, сопақша сияқты фигуралардың атауларын; Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді білу керек.

Нені игереді: төртбұрыш пен оның түрлері туралы түсінікті; зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері, дамып игеріледі.

Нені біледі: сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды.

Жумабекова Торгын Кихметовна

«Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы, тәрбиеші

Степногорск қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.