Home » Ашық сабақтар » «Кім мықты» интеллектуалды ойын-сауық шоуы

«Кім мықты» интеллектуалды ойын-сауық шоуы

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі тілдер апталығына арналған «Кім мықты» деп аталатын интеллектуалды ойын-сауық шоуына қош келдіңіздер.

Өздеріңізге белгілі біздің зияткерлік мектебімізде түрлі ұлт өкілдері оқып білім алады, қызмет етеді. Олай болса, қонақтарымыздың құттықтау сөздеріне  кезек берейік.

(Әр түрлі тілдердегі құттықтаулар)

Ал енді, сайысқа түскелі тұрған топтарды ортаға шақырып алсақ.

Ұстаздар өкілдері….   келіңіздер. Сіздерге қарсылас болып, жеңеміз деп отырған жастарды көргілеріңіз келе ме?

Олай болса,

Оқушылар тобы….   ортаға келіңіздер.

(Ұстаздар мен оқушылар түрлі тілде амандасып, өздерін таныстыру қажет. )

 

Құрметті ойыншылар біздің бүгінгі ойынымыздың ережелерін түсіндіріп өтейік. Біздің интеллектуалды шоуымыз төрт айналымнан тұрады. Ол:

1) Сұрақ –жауап.

2) Kөрейік-тыңдайық.

3) Pас пен жалған.

4) Жанды дауыста ән шырқау, яғни караоке .

 

1 айналым. Сұрақ-Жауап. Алдымен, осы айналымның шартын түсіндіріп өтсек. Әр топқа 8 сұрақ қойылатын болады, әр сұраққа ойлануға 15 секунд уақыт беріледі, яғни топ мүшелерінің ақылдасуына. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.Ұстаздар сіздерге қазіргі жастардың қолданатын терминдеріне байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек, ал жастар сіздерге өткен кезең туралы сұрақтарды қоямыз. Соған жауап берсеңіздер 10 ұпайды қанжығаға ілесіздер.  Егерде бір топ қойылған сұраққа дұрыс жауап бермесе, сұрақ автоматты түрде екінші топқа өтеді. Егер ол топ сұраққа дұрыс жауап берсе 5 ұпайға ие болады.

Ойын шарты түсінікті ме? Онда біз бастаймыз….

Мұғалімдерге арналған сұрақтар:

  • Бот дегенді қалай түсінесіздер?

Жауабы: Бот дегеніміз белгілі бір әрекеттерді автоматты түрде орындайтын ғаламтордың арнайы бағдарламасы.

  • Бро дегеніміз не?

Жауабы:Brother яғни бауырым деген ағылшын сөзінің қысқартылған түрі.

  • Демотиватор дегеніміз не деп ойлайсыздар?

Жауабы: Белгілі бір өзекті мәселеге байланысты жасалатын астарлы суреттер.

  • Хештег дегеніміз не?

Жауабы: Инстаграм т.б. ғаламтор желілерінде адамдарға таңдаулы тақырыпқа қатысты ақпараттарды тез табу үшін қолданылатын сөз.

  • Сири/Siri дегеніміз не?-

Жауабы: (IOS) Ғаламтор жүйесіндегі дауыстық көмекші

  • Кавер дегеніміз не?

Жауабы: Белгілі бір әншінің бұрын соңды орындаған әнін өзгешелеп орындау.

  • Тектоник дегеніміз не?

Жауабы: Бидің бір түрі. Джампстайл, хип-хоп, техно және т.б. би элементтерінің жиынтығы.

  • Хайп дегеніміз не?-

Жауабы: Шоу бизнесте көп қолданылатын ұғым. Танымалдылығын арттыру үшін жасайтын әрекет.

 

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Саба дегеніміз не?

Жауабы: Мал терісінен жасалатын қымыз құятын ыдыс.

  • Қырықтық дегеніміз не?

Жауабы: Қойдың жүнін қырқуға арналған құрал.

  • Қанжыға дегеніміз не?

Жауабы: Ер тоқымның бір бөлшегі. Салт атқа бөктерген затты байлайтын жіңішке қайыс таспа.

  • Күзеу дегеніміз не?

Жауабы: Күздік қоныс. (Өзімізге белгілі жыл мезгілдеріне байланысты қазақтың малшы ауылдары жазда жайлау, күзде күзеу, қыста қыстау, көктемде көктеу секілді қоныстарға көшіп-қонып отырған)

  • Киіт дегеніміз не?

Жауабы: Жас шаңырақ көтеріліп, екі жақ бір-бірімен құда болған кезде, құдалар арасында жасалатын дәстүрлі кәденің түрі.

  • Әмеңгерлік деп нені айтамыз?

Жауабы: Ерте замандарда жесір қалған әйел адамды күйеуінің жақын туыстарына тұрмысқа беру салты.

  • Бөле деген нені білдіреді?

Жауабы: Бөле –туыстық атау. Анаңның әпке-сіңлілерінен туған бала.

  • Сықырлауық дегенімізне?

Жауабы: Киіз үйдің есігі.

 

2 айналым. Көрейік-Тыңдайық

Екінші айналымды бастағалы тұрмыз. Ол- көрейік-тыңдайық деп аталады.

Көрейік-тыңдайық айналымында әр топқа бір фильм, бір ән қойылады және жауап нұсқалары, яғни төрт нұсқасы көрсетіледі. Үлкендер тобына қазіргі заманауи фильдерден үзінді және де қазіргі әндер беріледі. Ал, оқушылар ескі фильмдерден үзінді көріп, әуен тыңдайсыздар. Әр дұрыс жауапқа он ұпайдан береміз.

Ұстаздар тобы, фильмге назар аударыңыздар.

Брат или брак

 

Тараз
Рекетир

 

Больше, чем кино

 

Дұрыс жауап: Больше, чем кино.

Оқушылар тобы, сіздерге табуға арналған фильмнен үзіндіге назар аударыңыздар:

Балкон

 

Көзімнің қарасы
Қоштасқым келмейді

 

Даладағы дүбір

Дұрыс жауап: Қоштасқым келмейді.

Осымен фильм айдары аяқталды. Көрейік-тыңдайық айналымның екінші бөліміне көшейік. Енді ұстаздар тобы сіздерге арналған заманауи әнге кезек берейік. Сіздер осы әнді орындаушы әншіні немесе топты  табуларыңыз керек.

Дос

 

Қуандық Рахым
Серік Ибрагимов

 

Ернар Айдар

 

(Дұрыс жауап: Дос. (әннің атауы: Самға)

 

Оқушылар тобы сіздер табуға арналған ескі әуенге назар аударыңыздар:

Майра ИльясоваМадина Ералиева
Айжан НұрмағанбетоваДанагүл Темірсұлтанова

( Мадина Ералиева.  Ән: Нұр жауып тұрған көктемде)

Ұстаздар тобына берілетін келесі әнді тыңдайық:

Ringo тобыОрда тобы
Ninety one тобыBN тобы

 

Дұрыс жауап: ( Ninety One тобы)

 

Оқушыларға берілетін келесі әннен үзіндіге назар аударайық:

 

Backstreet boys

 

Beetles

 

Modern Talking

Abba

 

(Дұрыс жауап: Backstreet boys  Show me the meaning of being lonely)

 

3 Айналым. Рас пен Жалған

Үшінші айналымда екі топқа заманауи немесе ескі заманға қатысты фактілер беріледі. Сіздер сол деректердің рас немесе жалған екенін табуларыңыз керек.

Әр дұрыс жауапқа он ұпай беріледі.

 

Ұстаздарға берілетін сұрақтар:

  • Электронды таразы денедегі су, май, бұлшықетті есептеп шығады.

Жауабы: Рас.

  • Қазіргі таңда кока-кола сусыны арқылы қуат алатын телефон шығарылғаны рас па?

Жауабы: Рас.( Дейзи Дженг есімді дизайнердің туындысы аталмыш сусыннан бөлінетін көмірқышқыл газы мен қант қосындысы арқылы жақсы жұмыс жасайды.)

Оқушыларға берілетін сұрақтар:

  • Ақсүйек ойынын ойнағанда сүйекті тез тапқан адамды «көреген» деп атаған.

Жауабы: Жалған, өйткені көреген сөзінің ақсүйек ойынына ешқандай қатысы жоқ.

  • Арал теңізі 1989 жылы толықтай тартылғанға дейін төрт рет тартылып, қалпына келтірілгені рас па?

Жауабы: Жалған. Ол туралы нақты ақпарат жоқ.

  1. Караоке. Құрметті ойынға қатысушылар, интеллектуалды шоуымыздың төртінші айналымын бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл айналымда жастарға ескі заманның әндері, ұстаздар қауымына заманауи ән ұсынылатын болады. Бұл айналымның бір ерекшелігі сөздердің әнді нақышына келтіріп айтуларыңызға байланысты көрермендер баға беретін болады.

Жастарға .  What is love әні

Ұстаздарға.   Қайда әні.

Қорытынды. Құрметті қатысушылар, «Кім мықты» интеллектуалды шоуымыздың жеңімпаздарын анықтап алайық.

(сайыстың жеңімпаздарын анықтау. )

Какенов Асулан Төлеуханұлы
 Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.