Мақсаты: Студенттердің ой – өрісін дамыту, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: макетттер, белгілер, слайдтар
Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
I тур «Таныстыру» әр топ өзінің атын, топ мүшелерін таныстырады.
II тур. «Бәйге » сайысқа қатысушыларға бағдаршамдар жайлы сұрақтар қойылады.
ІІI тур. «Термин» сөздер
ІV тур. «Дода» Бұл кезеңде 2 топқа 10 сұрақтан қойылады.
Сайысты қорытындылау, марапаттау.
Сайыс барысында жауап беретін топ қолын көтеру керек. Бірінші көтерген студенттің жауабы тыңдалады.
Сонымен, Құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық.
І-тур.«Таныстыру» әр топ өзінің атын, топ мүшелерін таныстырады.
ІI – тур. «Бәйге» Бұл тур бойынша сайысқа қатысушыларға бағдаршамдар жайлы сұрақтар қойылады.Жауабын макет бойынша түсіндіру. Жауап нақты, тез болу керек. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай беріледі.
1 топ
1) Екі сары шам, олардың үстіңгісі жыпылықтаған — “поездға станцияға төмендетілген жылдамдықпен бүйірлік жолға жүруге рұқсат береді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық”
2) Бір жасыл жыпылықтаған және бір сары шамдар және бір жарқыраған жасыл жолақ — “поездға станцияға 80 км/сағаспайтын жылдамдықпен бүйірлік жолға жүруге рұқсат береді: келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оны 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді”
3) бір жасыл жыпылықтаған шамның сигналы қолданыла алады — “поездға станцияға белгіленген жылдамдықпен басты жолмен жүруіне рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оны 60 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуін талап етеді”
4) Бір қызыл шам — “Тоқта! Сигналдан өтуге тыйым салынады”
2 топ
1) Екі сары шам — “поездға станцияға төмендетілген жылдамдықпен бүйірлік жолға және тоқтауға әзірлікпен жүруге рұқсат беріледі; келесі бағдаршам жабық”
2) Екі сары шам, олардың үстіңгісі жыпылықтаған және бір жарқыраған жасыл жолақ — “поездға станцияға 80 км/сағ аспайтын жылдамдықпен бүйірлік жолға жүріп өтуіне рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және азайтылған жылдамдықпен жүріп өтуді талап етеді”
3) Бір сары шам —“поездға станцияға басты жолмен тоқтауға, әзірлікпен жүруге рұқсат береді; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу ) жабық”
4) Бір жасыл шам — “поездға белгіленген жылдамдықпен станцияға басты жолмен жүріп өтуге рұқсат береді; келесі бағдаршам (маршруттық және шығу бағдаршамы) ашық”
Сайысымыздың келесі бөлімі «Термин» сөздер . Термин (лат. terminus — шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты, айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.
- Вагон(франц. wagon, ағылш. waggon — арба) — релiсті жолмен қозғалатын көліктің құрамдас бөлігі. Әдетте, локомотивке тіркеледі.
- Рельс(ағылш. ‘raіls, raіl — рельс, лат. ‘regular — түзу таяқ, білеу, қада) — белгілі бір пішіні (профилі) бар болат білеуден жасалған прокаттық бұйым
- Контeйнер(англ. container, от англ. Contain- автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты көп айналымды ыдыс (тара).
- Сигнал(лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
- Локомотив– релісті жолдармен пойызды немесе жеке вагондарды қозғалтуға арналған машина. Локомотив латынның loco moveo – орнынан қозғалтамын деген сөзінен шыққан. Оның жылулық және электрлік түрлері бар
- Шпал(голл. spalk – тірек, тиянақ) – реліс астына тиянақ ретінде көлденең төселетін тақта бөренелер. Ол арнаулы хим. зат сіңдірілген ағаштан (ұзындығы 275, 280 және 300 см), темір-бетоннан (ұзындығы 270 см), кейде металдан дайындалады
- Габари́т(фр. gabarit) — аттардың[1], құрылғылар[2] мен қондырғылардың шектік сыртқы сүлбелері (сызықтары).
- Балласт(голл. ballast )темір жолдарда шпалды бекітуге жұмсалатын үсақ тас, топырақ үйінділері;
- Вокзал — Vauxhall сөзі ағылшын тілінен енген,
- Рефрижератор(от лат. refrigeratus — охлаждённый, refrigero — охлаждаю)- тез бұзйлатын заттарды тасымалдайтын вагон түрі
Сайыстың шешуші кезеңі
«Дода» бөлімі.
Бұл кезеңде 2 топқа 10 сұрақтан қойылады. Осы сұрақтарға 1 минуттың ішінде шапшаңдылықпен жауап беру керек. Студент 1 минутта қанша сұраққа жауап берсе, сол жинаған ұпайы болып есептеледі.
1ші-топ «Алғырлар»
- Темір жолкөлігі аялдайтын, темір жол көлігіне және жолаушыларға түрлі қызметтер: жүктерді қабылдайтын, жүк тиеу-түсіру тб операциялар жүргізілетін орын
Ж) Станса
2.ТРА неше бөлімнен тұрады? Ж) 4
3.Шегіндіру, бір топ итеру кезінде қандай жұмыс орындалады?
ж) маневр жұмысы
4).Бірнеше темір жол бағытының желілері түйіскен пунк
Ж) Теміржол торабы
- Көзге көрінетін немесе дыбыс арқылы белгілі бұйрық берілетін шартты белгі ж) сигнал
- Р50, Р65, Р75- дегеніміз? Ж) рельс
- Құрама пойызға қандай номер беріледі?
Ж) 3401-3498
8) Кәсіпорындарға, қоймалар мен карьерлерге баратын кірме жолдар мен түрлі жол тарамдары?
Ж) арнайы жолдар
- Басқа бөлімшелерге берілетін таратылатын және осы бөлімше стансаларында түсірілетін ол-
Ж) жергілікті вагондар
- Тоннельдерде қандай сигналдар қолданылады?
Ж) түнгі немесе тәуліктік
2-ші топ «Қыран»
Іске қосулы бір немесе бірнеше локомотиві немесе моторлы вагоны бар және белгілі сигналмен жабдықталған вагондар құрамын айтады
Ж) пойыз
- Негізгі қажеттілігіне және жасалатын жұмыс түріне қарай стансалар неше түрге бөлінеді?
Ж) 5
- Пойыздармен вагондарды өңдеуге және басқа операцияларды орындауға арналған қозғалыс
Ж) маневр қозғалыс
- Қабылдау тәсілі бойынша сигналдар нешеге бөлінеді?
Ж) көрінетін- дыбыстық
5) Пойыздарды қабылдау, сұрыптау, құрастыру және жөнелту жұмыстарына тікелей басшылық етуді кім жүзеге асырады?
Ж) станса кезекшісі (ДСП)
- Цилиндр түрлі, арнайы дәнекерленген темір ыдыс
Ж) цистерна
- Жүйрік жолаушылар пойызына қандай номер беріледі?
Ж) 1-99
- Пойыздар автоблокировкамен жабдықталған телімдегі аралықтарда бағыттас жүргендегі өзара шектелуінің ең аз уақыты
Ж) Пойыз аралық интервал
- Петардалардың жарылысы нені талап етеді?
Ж) дереу тоқтатуды
- Дыбыстық сигналдардың күндіз және түндегі мәндері
Ж) өзгеріссіз
Сайыстың қорытынды сөзі әділ қазылар алқасына беріледі.
Бадрахова Нұргүл Амандыққызы
И. Әбдiкәрімов атындағы Қызылорда
аграрлық техникалық жоғары колледжiнің
«Теміржол көлік мамандықтары» бөлімшесінің арнаулы пәндер оқытушысы