«Үй құстарының пайдасы»
Пән атауы: «Жазу, оқу және тіл дамыту».
Сынып: 1
“Мұғалім әдіс-тәсілдерді көп білу керек және әдіс- тәсілдерді өзіне сүйеніш ретінде қолғабыс ретінде қолдану керек. Сонда ғана мұғалім нәтижелі сабақ бере алады” — деп А. Байтұрсынов айтқандай ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың деңгейіне сай білім беру кез- келген мұғалімнің басты міндеті. Сабақты қызықты етіп өткізу мұғалімнің тәжірибесіне, ойлау қабілеті мен шеберлігіне байланысты. Мұғалім сабақ барысында тосын идеялар мен проблемалық ой тудырып отырса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.
Мақсаты: 1. Үй құстары туралы түсінік қалыптастыру және олардың пайдасы туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
1. Үй құстарының пайдасы туралы білімдерін толықтыру. Сөздерді анық, дұрыс айта білуге үйрету.
2. Есту, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. Ойын тапмсырмалары арқылы ойлау қабілетін, ой -өрісін, байқампаздығын , сабаққа қызығушылығын арттыру.
3.Үй құстарына қамқор болуға, мейірімділікке, әдептілікке баулу.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу т.б.
Көрнекіліктер: Үй құстарының суреттері, жұмыртқа, тауықтың еті, тауықтың жүні, жастық, үй құстарының дауыстарын үнтаспадан тыңдау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері: Біз бақытты баламыз,
Құстай қанат қағамыз,
Дүниені аралап
Оқып білім аламыз.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа- райы қандай болады?
-Бүгін аптаның қай күні?
Сенсорикалық қабілетін дамытуға тапсырма:
Балаларға құрастырғыштар (пазл) тарату. Құрастырғыштардан (пазлдан) «Тауықты» құрастыру.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Үй құстарының пайдасы».
Үй құстарының суреттерін тақтаға іле отырып олармен таныстыру.
Әтеш — Әтештің түсі қызыл. Әтештің айдары болады, екі көзі, екі қанаты, екі аяғы және құйрығы болады. Әтештің қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? (үнтаспадан әтештің дыбысын тыңдату, балаларға қайталату. Ку-ка -ре -ку).
– Тауық. Бұл да үй құсына жатады. Олар жем жеп, су ішеді. Түсі ақ. Тауықтың баласын балапан деп атайды. Тауық қалай дыбыстайды? Білесіңдер ме? (Қыт-қыт -қыт) Ендеше тауықтың дыбысын үнтаспадан тыңдап көрейік. (Үнтаспадан тауықтың дыбысын тыңдату).
— Қаз! Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Қаз тауықа қарағанда үлкендеу болады. Жұмыртқасы да тауықтікінен үлкенірек болады. Қаздың балапанын – мамыр деп атайды. (Үнтаспадан қаздың дыбысын тыңдату, балалармен дыбысын қайталау).
–Үйрек! Үйректің түсі көк екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады. Үйректің де жұмыртқасы болады. Оның да жұмыртқасы тауықтікіне қарағанда үлкендеу болады. Үйректің балапанын – шүрегей деп атайды. Үйрек былай дыбыстайды. (үнтаспадан тыңдату).
Үй құстарының пайдасы: Үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан басып шығарады. Үй құстарының пайдасы көп. Жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады. Жүнінен жастық , көрпе жасайды. Сол себепті адамдар үй құстарына қамқорлық көрсетіп асырайды. Ұя салады, жем береді. Ұя маңын тазалайды. Балапандарына да қорек беріп көмек көрсетеді.
Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау:
Күнделікті өмірде үй құстарынан алынатын өнімдерді алдын — ала тазалауды үйрету.
Сергіту сәті: «Топ-топ балақай».
Есік қағылып тауық кіреді. Тауық жылап тұрады.
Мұғалім: «Тауық сен неге жылап тұрсың?»
Тауық: Мен балапанымды жоғалтып алдым. Сендер маған балапандарымды тауып бересіңдер ме?
Мұғалім: Балалар, ендеше, мына пішіндерден тездетіп балапан құрастыра қояйық.
Мынау қандай пішін? (дөңгелек).
Ал мынау қандай пішін? (Үшбұрыш).
Ұсақ саусақ мототикасын дамыту және ой өрісін дамытуға арналған тапсырма: Пішіндерден балапанның бейнесін құрастыру.
Дәптермен жұмыс: Үйректің шүрегейін анасына жеткіз.
Бекіту: «Артығын тап» ойын.
Ойынның шарты: Берілген суреттерден артық затты қоршап сызу.
Сабаққа жақсы ат салысқан оқушыларға жұлдызшалар тарату. Мадақтау.
Курманкулова А.С.
Астана қаласы әкімдігінің
«№1 Арнайы мектеп – интернаты» КММ
бастауыш сынып мұғалімі