Home » Мақалалар » Құрманғалиева Айнұр. Айрықша туған азамат

Құрманғалиева Айнұр. Айрықша туған азамат

 

Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №10 жалпы білім беретін орта мектеп мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 31 қаңтар күні «Айрықша туған азамат» Жыр алыбы Ж.Жабаевқа арналған кеші ұйымдастырылып өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары арасында «Айрықша туған азамат» Жыр алыбы Ж.Жабаевқа арналған кеші ұйымдастырылып өтті.
Ұйымдастырушылар: Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Курмангалиева Айнур Мукашевна және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Мақсаты: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мен түсіндіру жұмыстары аясында халық арасында Қазақстандық мемлекеттік пен отансүйгіштікті нығайту мақсатында өткізілді
Іс-шараның өту барысы: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін іске асыру мақсатында 2017 жылдың 31 қаңтар күні 5-7 сынып оқушыларымен айтыс өнері бойынша байқау ұйымдастырылды. №10 орта мектепте Елбасының көтерген  бағдарламасы бойынша жеткіншек жастарды болашаққа бағдарлау мақсатта, ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа өсиет болып келе жатқан өз тілін жетік меңгеруге, айналамызда, отбасымызда, туған жерде болып жатқан әр түрлі жаһандық өзгерістерге бағыт-бағдар беру мақсатында үлкен байқау ұйымдастырылып өткізілді. Сайыс барысында оқушылар туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін өз ойларын жеткізе білді, сонымен қатар оқушылардың патриоттық сезімдері де анық байқалып тұрды.

                        

Бұл сайысқа мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Ф.Т.Егембердиева мен Ұ.Н.Манапова өз шәкірттерін баптап, айтыс өнерінің қыр-сырымен таныстырып, сонымен қатар ата-бабамыздың ұлттық аспабы қара домбыраның құлағында ойнауды да үйрете отырып, жүзден жүйрік, мыңнан оза шыққан шыққан, суырып салма ақындығымен, шешен көрегендігімен көзге түскен мектебіміздің өнерлі, әрі әнші жас талантты оқушыларымызды ортаға шығарып өз ұстаздары мен келген қонақтарды тан-тамаша еткен оқушылармыз қатысып ата-баба дәстүрін бір жаңғыртып, тәнті етті. Осындай қазақтың өнерін дәріптеп жүрген, қадір-қасиетін бағалайтын ұл –қыздарымыз көбейсе екен деген ниетпен ұйымдастырылған іс-шарамыз, өнерлі суырып- салма ақындарымызды марапаттаумен аяқталды. Мектеп директоры Катранова Айман Камшигерқызының зор алғысына ие болып, оқуышыларымыз марапатталып, кеш соңы құттықтаулар мен жақсы ізгі ниет тілектермен аяқталды. Халқымыздың дәстүрін жалғастырушы ұл-қыздармыз, өскелең ұрпақ міне бүгін осындай!

Құрманғалиева Айнұр Мұқашқызы,
Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы,
№10 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.