Home » Сценарийлер » Куляйша Жандарбекова

Куляйша Жандарбекова

Куляйша Жандарбекова,
\№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп гимназиясының мектепалды
даярлық топ тәрбиешіс

Ертегілер әлемі

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту.Қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту. Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке,
мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Кіріктірілген бөлімі: қарапайым математика, сауат ашу, драма, сөйлеуді дамыту.
Көрнекілігі: слайд, дидактикалық материалдар.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сахналау.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Балалар бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп апайды қарашы.
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз!
Сәлеметсіздер ме
Балалар, бүгін біз « Ертегілер әлеміне» саяхаттаймыз.
СЛАИДТАҒЫ СУРЕТТЕР.
Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қалай?
Жақсы болса бәріміз қосылып, Ертегілер әлемі әнін айтайық.
Ертегілер әлемі әні айтылады.
Әнді орындайтындар:
Алиназ, Мансур, Анель, Бекарыс, Алина.
Балалар, ертегілер әлемін қалай деп ойлайсыңдар?
Ертегілер әлемінде кімдер тұрады?
Қандай жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер?
Ертегілер бізді неге үйретеді?
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАУАБЫ
ХАНШАЙЫМНЫҢ СӨЗІ
Балалар сиқырлы қобдишаны тауып, ішінен ертегі кейіпкерлерін көреді.
Қобдишаның ішінен түлкінің суреті шыгады.
СЛАИД. Түлкінің іні.
Балалар, мынау қандай аңның іні?
Қандай ертегілерде кездеседі?
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАУАБЫ
Осы кезде қу түлкі шығады
Түлкі айтады
Балалар сендер не істеп жүрсіңдер орманда?
Ертегілер әлемін саяхаттап жүрміз
Мен сендерді жібермеймін. Ары қарай саяхаттау үшін менің тапсырмамды орындайсындар.
СЛАИДТАН МАТЕМАТИКА ТАПСЫРМАЛАРЫ.
Сандарды салыстыру
8 алма 5 алмұрт
7 құлпынай 4 алма
6 сары гүл 6 көк гүл
Сандарды қосу және азайту
8+2= 10 – 3=
4+6= 10 – 9=
Тақтада орындау
Түлкінің сөзі
Жарайсындар балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
Саяхаттарыңды жалғастыра беріңдер.
СЛАИДТАН ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК КӨРІНЕДІ
Қызылтелпектің сөзі
Ой балалар қайда шықтыңдар? Мен де әжеме бара жатыр едім, сендермен бірге барайыншы?
Қасқыр:
Қайда барасыңдар? Менің берер тапсырмамды орындасаңдар ғана Қызылтелпек сендермен бірге кетеді
ЖҰМБАҚТАР, МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Айдалада ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау.
Қабат қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
Мен ақ қалам, ақ қалам,
Жазған сайын жоқ болам.
Қасқыр
Жарайсыңдар балалар! Сендер оте алғыр, білімді балалар екенсіңдер Менде сендермен саяхаттайыншы
Балалар! Біз тапсырмаларды жақсы орындап келе жатырмыз
Осының бәрі білімнің, бірліктің арқасы ғой!
Ал енді балалар тіл ұстарту жаттығуын орындап жіберейік
Ян-ян-ян секіреді қоян,
Ю-ю-ю қорбаңдайды аю.
Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр,
Кі-кі-кі бұлаңдайды түлкі.
СЛАЙДТАН БАУЫРСАҚТЫҢ ӘНІ
Осы кезде жүгіріп Бауырсақ келеді
Кімнен қашып жүрсің?- дейді балалар
Аюдан
Сол кезде ентігіп аю да келеді.
Балалар Бауырсақты көрмедіңдер ме?
Көрген жоқпыз
Әәә білсеңдер де айтпай тұрсындар ғой.
Жарайды орманға кеп қалған екенсіңдер, менің тапсырмамды орындасаңдар Бауырсаққа тиіспеймін.
Сауат ашудан текшемен сөздер жазу, дыбыстық талдау жасау.
Рахмет сендерге балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Барлығымыз бірге Бауырсақты атасы мен әжесіне шығарып салайық.
Үштілділік компонент
Ертегі – сказка — f
Орман — лес — forest
Саяхат – путешествие – travel
Балалар! Достық деген жақсы ма?
Қараңдаршы аңдармен де дос болдық.
Достық туралы кім не біледі?
ДОСТЫҚ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР
Алиназ
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір-біріне
Сенімді боламыз.
Арнат
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне, біздер қандаймыз!
М. Інжу
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгілік достармыз
Біз әрқашан біргеміз!
Әмірхан
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық – туымыз,
Достық – әніміз!
СЛАИДТАН ХАНШАЙЫМ КӨРІНЕДІ
Сендердің сырттарыңнан карап риза болып тұрмын.
Қандай білімді, алғыр, мейірімді, жақсы балалар екенсіңдер.
Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.
Мен сендерді келесі жолы ертегілер қалашығына шақырамын.
Ұсақ ойыншықтармен ертегі қалашығын жасайсыңдар.
Сау болыңдар!
Ал балалар Ертегілер әлеміндегі ғажайып саяхатымыз аяқталды.
Балаларды мадақтау.
БИ.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.