Home » Ашық сабақтар » Кулсара Алпысбаева. Мамандығым-мақтанышым

Кулсара Алпысбаева. Мамандығым-мақтанышым

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Балалар залға көңілді әуенмен қолдарына шар ұстап кіреді. Шарды жүректеріне тұсына апарып, жылулығын сезінеді.
-Ендеше, сол жылулықты әкелерімізге сыйлаймыз.
Бекжан:
Бала үшін күйеді ана жүрек,
Бала үшін қуанар ата тілек.
Бала,бала деуменен шаршадың-ау,
Бір демалшы балаңнан жылу алып.
-Ал,балалар бүгінгі әкелермен бірлесе отырып кешімізді бастаймыз. Ол үшін мамандықтың түрлері жайлы дайындаған өлеңдерімізді оқиық.
Айбек:
Оқу-білім ордасы,
Ұстаз-оның арнасы .
Ұстаздық деген –ұлы іс,
Адамдықтың айнасы Дамир: Көкке ұшамын,
Ұшқыш болар баламын.
Соңынан ерем,
Мұсабаевтай ағаның.
Ақниет:
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім өте сүйемін.
–Міне, балалар, қаншама мамандықтың түрлері бар екен. Осындай әртүрлі мамандыққа жету үшін алдымен біз әдепті, тәрбиелі, оқыған азамат өсуіміз керек.
Ал,енді сендермен «Керек затты тап» ойынын ойнайық.
Шарты: Қоржыннан бір затты алып, тақтадағы қай мамандық иесіне тән екенін анықтау. — Енді көзімізді жұмып, бір сәт демалайық. Осы кезде сыңғырлаған дыбыс естіліп, Жұмбақбай атай кіреді.
Жұмбақбай ата: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Менің сендерге сендерге әзірлеген жұмбақтарым бар. Мына менің сиқырлы сандығым ашылу үшін сендер әкелеріңе жылы сөздер арнауларың керек. Балалар:
«Жан әкешім», «Әкетайым», «Әкешім»,т.б.
1. Шекарада сақ тұрып, Көз ілмей кім шығады? (сақшы) 2.Үстіндегі киімді
2. Кімдер тігіп береді? (тігінші) Жұмбақ жасырып болған соң, ата бәріне гүл шоқтарын үлестіріп береді.
3. — Құрметті әкелер, балалардың қолдарындағы гүл шоқтары сіздерге арналған. Бірақ оны алу сіздерге оңайға түспейді. Мына кедергілердің арасынан сүрінбей өтіп, балаларға жетіп, гүл шоқтарын аласыздар. (көздері байлаулы)
4. — Міне, құрметті әкелер! Бос уақыттарыңызды балаларыңызбен өткізіп, бірге жұмыс жасаңыздар деген кеңес бергіміз келіп отыр. Бізбен бірге болғандарыңызға көп рахмет, осымен әкелерге арналған кешіміз аяқталды.

 

Кулсара Алпысбаева,
«Балдәурен» балалар бақшасының тәрбиешісі
Алматы облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.