2017-2018 оқу жылында 1, 2, 5, 7 сыныптар критериалды бағалау жүйесіне көшті. Қыркүйек айының 15 күні Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ ата-аналарға критериалды бағалауға қатысты жиналыс өткізді. Жиналысқа 5,7 сынып ата-аналары қатысты. Ата-аналарға биылғы оқу жылындағы жаңартылған оқу бағдарламасы туралы баяндалды. Күнделікті сабақта қалыптастырушы бағалау тапсырмалары беріліп, оқушылар кері байланыстар арқылы бағаланып отыратыны айтылды. Мектептегі 5 күндік оқуға көшу және үй тапсырмасының көлемін қысқартылуы айтылып өтті. Жиналыста бір сабаққа ата-аналармен бірге талдау жасалды. Онда жиынтық бағалау үдерісінің қалай жүзеге асатыны, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, жоспарлау мен ұйымдастыру кезеңдері баяндап берілді. Жиналыс барысында ата-аналар түсінуге тырысып, жасалған тапсырмаларды орындады. Жиналыстан көрініс:
Жиынтық бағалауды ата-аналарға слайд, кестелер, сызбалар, суреттер, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы түсіндірме жұмыстары жасалды. Жиынтық бағалау тоқсан барысында (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау) тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, және жалпы орта), сонымен бірге мұғалімге әр
білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектесетіні туралы сөз болды. Әрбір жиынтық бағалау тапсырмаларынан кейін ата-аналарға арналған рубрика жүйесінің тиімділігіне тоқталып өттік. Әр ата-ана өзінің баласының оқу деңгейін бақылап отыратындығына тоқталды. Тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйініне тоқталсам, критериалды бағалау – бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әр нәтижеге жетуге үлкен талпыныс болатынын уақыт байқатып отырады. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
Жусупова Алия Болатовна
Рудный қаласы әкімдігінің «№19 орта мектебі» КММ
физика пәнінің мұғалімі