Бұл сапарды басыннан бастап баяндағым келіп отыр. Олай деуімнің де себебі бар. Мысалыға тәңертең жаз, түсте қыс болды дегендей.
№ 67 «Шұғыла» балабақшасы. Есіктен кіреген бетте лед экаранға өз аты жөніңді жазып, келгеніңді балабақша акімдігіне көрсетуден басталды. Жыл басынан басталған Нұр-Сұлтан қаласындағы білім басқармасының ұйымдастыруымен балабақшалар арасында тәжірибе алмасу мақсатында біріккен кластерлік жұмыстар ұйымдастырылған болатын. Бұл кластер жетекшісі: №54 «Нұр — Ай» балабақшасының меңгерушісі – Зариякуль Мусабайқызы Иманбаева бастаған «Мектеп жасына дейінгі балалардың креативтілігі» «Креативті балаға – креативті педагог» деп аталады. Жыл бастамаларының бүгін міне шешуші, яғни, аяқтау кезеңдерінің куәсі болып отырмын. № 67 «Шұғыла» балабақшасы Нұр — Сұлтан қаласының К.Әзірбаев көшесі, 2/1 ғимараты болап орналасқан. 2015 жылдан бастап Даримова Фарида Аманкельдіқызы меңгеруші қызметін атқарып келеді. 12 бүлдіршіндер және 4 шағын орталық топтары бар білім орыны.
Бүгінгі күнге тоқталсам Баланың креативтілігін, сыни ойлауын, коммуникативтілігін, командада жұмыс жасай білу қабілетін озық педагогикалық тәжірибелер арқылы дамытуда мақсат еткен білім ошағы. Жұмыстарын жолға мықтап қойған. Оны істерінен де көру қиын емес.
Кластер жетекшісі: №54 «Нұр-Ай» балабақшасының меңгерушісі – Зариякуль Мусабайқызы, №75 «Балалық шақ» б/б меңгерушісі Айман Нурсейтқызы, № 56 «Береке» б/б меңгерушісі Гульсум Азимжанқызы, №86 «Зияткер» б/б меңгерушісі Алмагуль Жеткергенқызы, №59 «Аққанат» б/б меңгерушісі Гульмаржан Қуанышқызы сондай-ақ серіктес балабақша әдіскерлері, педагогтары келіп, ұйымдастырған ойындары мен іс — тәжірбие алмасуға бағытталған жұмыстарына куә болдық.
Тәрбиешілердің «От шашу» биімен басталған. Келесі кезекті Балабақша меңгерушісі Фарида Амангелдіқызы «Креативті педагог шеберханасы» тақырыбында ұстаздарға әдісдемелік құралдарды қалай жасау, оны құжаттандыру мәселелері жайын баяндап кеңес берді. Сонымен қоса өздерінің ұжыммен бірлесіп жасаған бірнеше жұмыстарын көрсетті.
Керкимбаева Елмира Эмлсқызы «Эконом-бала», «Ашық аспан, бейбітшілік сыйлаймын!», тәжірибелік жұмысын, 2. Ата-анамен жұмыс тәжірибесін Есмағанбет Айқын Қазыбекқызы «Шұғылалы шаттық көңіл-күйі», «Креативті балаға-креативті ата — ана», 3. «4К моделіндегі педагог» шеберлік сағаты Жолымбетова Назира Аккобановна «Таза судай, саф алтындай пәк, көңіл-күй сыйлаймын!» 4. әдіскер Жолымбетова ханым «Өз ойым мені алға жетелейді…»
рефлексия жасады. Осы тұста қонақтардың ағынан жарылып айтқан ақ тілектері мен өздеріне алған ойлары іс шара иелеріне ризашылық білдіргендерін байқатты.
PS. Менің білуімше бұл алғашқы балабақша болу керек семинарға қатысушыларды QR — код арқылы тіркеген. Бұл жерде аталмыш оқу орнының қазіргі заманға сай технологияны қолдану үдерісінің барын байқатқандай. Олай дейтінім тайм-менеджмент — уақытты үнемдеу пайдаланып отыр. Семинар соңында жаңағы рефлекция жасау кезінде өздерінің ойлап шығарған заңдылықтары 4Қ (қолданамын, қиын, қызықты, қолдануға қиын) арқылы электронды түрде дауыс беру арқылы есептелінді. Қатысушылардың белсенділігі, жауап беру уақыты шкала түрінде көрсетіліп экранда нәтижесі қорытындыланды.
Құтты бір мұражайға кіргендей болдық.
Қуантай Амантайұлы
Білім айнасы
Нұр-Сұлтан қаласы