Бүгінгі күндегі жаһандану заманына сәйкес әлемде үлкен өзгерістер еніп жатқаны баршаға аян. Осы негізде білім беру жүйесінде де кең өзгерістер кіріп, ХХІ ғасырдағы оқыту жаңаша қарқын алып, оқыту жүйесіне өзгеше рең кіріп отыр. «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» деп Елбасымыз айтқандай, осы орайда, Республика көлемінде барлық педагог қызметкерлерді заман ағымына сай төсілтіп, өз біліктіліктерін дамытуға жұмылдыруда. Өйткені ел болашағы- өскелең білімді ұрпақта.
Міне, жалпы мектептер мен мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру үшін дайындалған деңгейлік курс бағдарламалары Павлодар облысында да құлашын кең жаюда. 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап біздің топ арнайы бірінші деңгейлік оқыту курсына келген болатынбыз.
Оқушылардың нәтижесін жақсартуға ынталандыру үшін мұғалімдердің тапсырысы мен білім әлеуетін құрайтын циклынан тұратын бұл бағдарламаның да алға қойған мақсаты айқын, әлі белгілі. Өйткені екі ай аралығында жан-жақты дамыту курсынан оқығандарымызды өз әріптестерімізбен бөлісіп, оларға үйрету – біздің басты міндетіміз болып отыр.
«Коучинг — бұл, басқа адамды оқытатын, дамытатын, нәтижені арттыруға әрекет ететін өнер»,деп- шетелдік ойшыл Майз Даунидің айтқанындай, сапалы өткен коучинг мұғалімнің жұмысын жақсартады. Алған білім-білігі оқушылардың ойларын кеңейтіп, олардың метокогнитивті болуға ыңғайластырады. Бұл дегеніміз – оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, оны өмірде, іс-тәжірибеде орынды, әрі тиімді қолдануға үйретеді.
Қараша айында Баянауыл ауданы, Лекер негізгі мектебінің ұстаздарымен өткізген коучинг- осы мақсатты көздеді. Мұндағы басты мәселе алдында отырған білім алушылардың ішкі уәждерін туғызу. Ең бастысы, коучингке қатысқан мұғалімдер берілген уақыттарын тиімді пайдаланулары арқылы оқушының оқуын барынша даралап, оны тұлға ретінде қалыптастыратындай икемділік таныту болды. Бұл жерде бағдарлама дәріс берушіден үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан да, аз уақыттың ішінде көп дүние беріп, жаңа технологяның тиімді әдіс-элементтерімен мұғалімдерді қаруландыруымыз шарт.
Коучингте қатысқан мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға сала отырып, тиімді әдістерді бір-бірімен тәжірибе алмастыра отырып, сабақтың тиімділігі мен қызығушылығын арттырды деген ойға келдім. Олар бір-бірлерінің ойларымен санасып, нәтижелі тұстарын алып саралады. Бұл коучингтен алған әдіс-тәсілдерді болашақта әріптестерім өз тәжірибелерінде қолданады деген үміттемін.
Гульмира Сабданбекова,
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.