Косыбаева Т.Д
қазақ тілі мұғалімі
«№32 «Балдәурен» балабақшасы»
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Мақсаты: білімділік: көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), және өзіне ұнаған көлігі туралы толық сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Қойылған сұрақтарды түсініп, берілген тапсырмаларды орындай білуге дағдылау.
дамытушылық: балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін арттырып, ұсақ моторикасы арқылы тілін дамытып,сөздік қорларын байыту.
тәрбиелік: бірін-бірі тыңдап топпен жұмыс істей білуге, ұқыпты, ұйымшыл болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: көліктер-транспорты, жерде жүретін-наземный, суда жүзетін — водный, әуеде ұшатын-воздушный.
Ресурстар: ойыншық көліктер, құрғақ бассейн, дидактикалық ойындар, үлестірмелі материалдар, интербелсенді тақта, аудио-видео таспалар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I кезең: Ұйымдастырушылық –қозғаушылық
Балалар музыка әуенімен кіріп, шеңбер құрып тұрады.
Шаттық шеңбер: «Сәлем қалың қалай?»
Сәлем,қалың қалай?
Сәлем,дос болайық,
Айналайық бірге, дос болайық бірге
Қайта жаңа достар табайық
Балалар, көңіл — күйлерің қалай?
Жақсы!
Осы кезде интербелсенді тақтадан Карлсон шығады. Аудио жазбадан Карлсон сөйлейді.
Карлсон сөзі: Балалар, бұл зырылдап кетіп бара жатқан не заттар? Өздері не деген көп нәрсе? Мен бұларды білмеймін. Мен тек өзімнің зырылдауығымнан басқа ештеңені білмейді екем. Бұлардың не екенін маған айтып бересіңдер ме? Оларды білгім келіп тұр.
Мұғалім: Карлсон, біздің балалар бұлардың не екенін біледі, саған айтып таныстырып берсін. Сен ренжіме, қазір балалардан бұлар қандай заттар екенін біліп ал.
- Балалар көрдіңдер ме, Карлсон көліктердің түрлерін білмейді екен. Оған көліктерді білуге көмектесесіңдер ме ?
Балалар: Иә, біз көмектесеміз.
II кезең: Ұйымдастырушылық — ізденістік
Мұғалім: Ал, Карлсонға көмектесу үшін саяхатқа шығуымыз қажет. Осы сәтте слайдтан пойыздың суреті шығады.
Мұғалім: Балалар сендер қандай көліктің даусын естіп тұрсыңдар?
Балалар: Пойыздың дауысы естіледі.
Мұғалім: Қалай ойлайсыңдар. Біз саяхатқа немен барады екенбіз?
Балалар пойызға отырып музыка әуенімен ән айтып, топты бір айналып өтіп, аялдамаға келеді.
1.Тапсырма
Мұғалім: Ой, балалар мұнау тұрған не екен, көрейікші. Өзі бассейнге ұқсайды ғой. Бұл онда құрғақ бассейн болды ғой. Қане, ішін қарап көрейікші, ішінде не бар екенін? (педагог балалардың зейінін құрғақ бассейнге аударып, өзі ішіне қолын салып, құрғақ бассейнге салынған ұсақ дәндердің арасында не бар екенін іздейді де, бір көлік түрін алып шығып, балалардан сұрайды).
Мұғалім: Балалар, қараңдар бұл жай бассейн болмады, сиқырлы бассейн бе. Ішінде тағы не бар екен, кім көреді?
(3-4 балалар біртіндеп бассейннен екі қолдарын салып, бірнеше көлік түрлерін алып шығады).
Мұғалім: Балалар біз бассейнің ішінен қандай көлік түрлерін алып шықтық?
(Балалар бассейнге шыққан көліктің түрлерін атайды).
Мұғалім: Балалар бұл жерде қандай көлік түрлерін көріп тұрсыңдар?
- Мынау қандай көлік ол қайда жүреді?
(балалар педагогтің көрсеткен көлік түрлерін атап, қандай көлік түріне жататынын айтады).
Мұғалім: Көліктер жолда жүргенде олардың жүрісін реттеп отыратын ,ол не?
Балалар: Бағдаршам.
Мұғалім: Балабақшаға сендер немен келесіңдер?
Балалар: Біз машинамен, автобуспен, жаяу жүріп келеміз.
Мұғалім: Балалар, сендер құрғақ бассейнге шыққан көліктерді дұрыс таптыңдар. Ендеше, сендерді қызықты ойын күтіп тұр.
Ойын: «Орнын тап»
Шарты: Интерактивті тақтаның төменгі жағына бірнеше көлік түрлері орналасқан. Тақтаның барлық бетіне қоршаған ортаның панносы берілген. Балалар төменде тұрған көліктерді өз орнына қойып, бұл жерге не себепті қойғандарын айтуы керек.
Мысалы: Ұшақты аспанға орналастырып, мынау ұшақ, ол аспанда ұшады.
Мынау автобус, ол жолда жүреді.
Мынау қайық, ол суда жүзеді.
(Мұғалім балалардың жауабын қадағалап тұрады. Егер жауап дұрыс болмаса, басқа балалардан сұрап, қатесін түзетеді).
Мұғалім: — Балалар, сендер өте керемет ойнадыңдар. Жауаптарың дұрыс болды. Олай болса мен сендерге тағы да бір қызықты ойын сыйлайын.
Ойын «Артығын тап»
Балалардың алдына 15х 20 см. Парағында үшеуі бір түрлі және біреуі басқа көлік түріне жататын суреттер берілген.
Шарты: Балалар артық көлік түрін тауып, фломастермен қоршап, не себепті қоршағандарын түсіндіруі керек.
Мұғалім: Олай болса, саяхатымызды одан әрі жалғастырайық. Бұл кезде кеменің дауысы естіледі.
Мұғалім: Балалар сендер қандай көліктің даусын естіп тұрсыңдар?
Балалар: Кеменің дауысын естіп тұрмыз.
Мұғалім: Біз ендеше саяхатқа немен барады екенбіз?
Балалар: Кемемен барамыз.
Балалар кемеге отырып, музыка әуенімен ән айтып, топты бір айналып өтіп, аялдамаға келеді.
Сегіту сәті: «Плыви, лодочка, плыви»
Плыви, лодочка, плыви
По течению
Весело, весело, весело
С наслаждением!
Мұғалім: — Ой, балалар мұнау тұрған не екен, көрейікші.
(Мұғалім үстелдің үстінде жабық тұрған ірі көлік түрлеріне назарларын аударып, оны ашып көруді ұсынады. Осы көліктерді мнемотаблица арқылы сипаттап берулері қажет ).
Балалар ашып көреді.
Мұғалім: Балалар Карлсонға осы көліктерді әңгімелеп, тағы да таныстырып берейік. Өйткені, ол үндемей қалды ғой. Әлі түсінбей жатқан шығар.
(Мұғалім балаларға мнемотехникамен осы көліктерді қалай әңгімелеп беру үлгісін көрсетеді).
2.Тапсырма.
Балалар: Мынау ұшақ. Ұшақтың екі қанаты бар. Ол аспанда ұшады. Түсі ақ.
(Сосын балалар кезекпен сипаттап айтады).
Мұғалім: Керемет, балалар. Сендер бұл тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар.
Ұшақтың даусы естіледі.
Мұғалім: — Балалар сендер қандай көліктің даусын естіп тұрсыңдар?
Балалар: -Ұшақтың дауысын естіп тұрмыз.
Мұғалім: — Біз ендеше саяхатқа немен барады екенбіз?
Балалар: Ұшақпен барамыз.
Балалар ұшаққа отырып музыка әуенімен ән айтып, топты бір айналып ұшып өтіп, аялдамаға келеді.
Сергіту сәті: «Нау лэтс би плэйнс»
Нау лэтс би плэйнс
Плэйнс! Плэйнс!
Флайң сру зэ скай!
Плэйнс! Плэйнс!
Флайң сру зэ скай!
3.Тапсырма:
Ойын: «Сөздік ойын»
Балалар үш топқа бөлінеді. Үстелдің үстінде қоршаған ортаның суреті берілген панно және қиылған ұсақ көліктің суреттері беріледі.
Шарты: Балалар, қазақша айтылған сөйлемді тыңдау арқылы, мағынасын түсініп, суретті тиісті орнына қою қажет.
Мысалы:
- Әуеде екі ұшақ, үш зымыран ұшып барады.
- Жолда екі тактор жүріп барады.
- Суда бір қайық, және екі кеме жүзіп барады.
(Балалар мұғалімнің айтқан сөзін тыңдап, тапсырманы орындайды).
Мұғалім: Бұл тапсырманы да өте тамаша орындадыңдар.
Балалар, Карлсоннан сұрап көрейікші. Көліктер туралы не біліпті?
Карлсон сөйлейді: Балалар сендерге рақмет. Көліктер туралы көп мәлімет алдым. Менің зырылдауығым тік ұшақтікіне ұқсайды екен. Енді біліп жүремін. Келесі кездескенше сау болыңдар!
III кезең: Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар,біз бүгінгі оқу қызметімізде не істедік?
Кімге көмектестік?
Қандай тапсырмаларды орындадық?
Сендерге ұнады ма?
Олай болса,өз көңіл- күйлеріңді қораптағы смайликтерді алып, пойыздың вагондарына қою арқылы білдіріңдер.