Home » Мақалалар » КОРЕЯ ЕЛІНІҢ SMART ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

КОРЕЯ ЕЛІНІҢ SMART ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

 

Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады.
Smart оқыту – білім берудің жаңа парадигмасы. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер, сонымен қатар Қазақстанда Smart білімін дамытуға назар аударуда.
Smart – қоғамның моделі  бұл заманауи ақпараттық және ұйымдық жүйелер арқылы адамның интеллектуалдық, жоғары технологиялық ортасын құру.
Заманауи білім жүйесінің дүниежүзілік жетекшісі, Оңтүстік Корея Республикасындағы Smart-оқыту ұйымы, Smart-оқыту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру және инновациялық тәжірибесімен таныстыру мақсатында, «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік Оңтүстік Кореядағы Суншил Кибер Университетінде (Korea Soongsil Cyber university) «Қазақстан Республикасының  мамандарына арналған Smart оқыту» («Smart Learning Programme for Specialists of the Republic of Kazakhstan») бағдарламасы бойынша «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалдарынан қызметкерлерге  арналған тағылымдама ұйымдастырды.
«Қазақстан Республикасы мамандарына арналған Смарт оқыту бағдарламасы» тақырыбындағы шетелдік тағылымдама екі бағытта жүргізілді:

1.«Сандық технологияларды қолдану негізінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзіреттілігін арттыру»

2.«Электронды оқыту жүйесі негізінде педагогтардың біліктілігін арттыру»

Тағылымдама мақсаты: Smart оқыту негізінде Қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру.

Тағылымдаманың негізгі бағыты:

-Корей елінің білім беру жүйесіндегі даму тенденциясына шолу;

-Smart оқыту жүйесіндегі педагогтарды жұмысқа дайындау тәжірибесін үйрену;

-Smart оқыту жүйесіндегі контент дайындау барысында технологиялар және құрылғылармен қамтамасыз етуді үйрену.

Тағылымдамадағы жұмыс түрлері дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды, білім беру ұйымдарының  тәжірибесімен алмасуды қамтыды. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мұражайы және Smart оқыту жүйесінде контент дайындау студиялық орталығын көру сынды үдерісінен құрылған.
Тағылымдама бағдарламасы бойынша жоғары оқу орны Суншил Кибер Университеті, шет тілдер мектебі DaeWon, Бастауыш мектеп EunSeok, Чамсэм, және инклюзивті білім беру мекемесі KyungWoon атты жалпы білім беру ұйымдарының жүйелі жұмыстарының бағыттарына шолу жүргізілді.
Сеул университетінің профессорлары сабақ үдерісіне қажетті бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, Smart-оқытуға арналған контент мазмұнын өңдеу,оқушылар мен оқытушыларға арналған электрондық қорларының қолжетімділігі, білім контентінің әзірлеуші ұжымының құрамы туралы ақпарат ұсынды.
Білім беру ұйымдарының бірі Чамсэм мектебінің Smart-оқытудың теориялық негіздері  туралы және оқытудың интеллектуалдық жүйесі арқылы мұғалімдердің біліктілігін  арттыру әдістемесімен таныстырды.
Білім беру ұйымдарында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз оқу аймағы жасақталған. Аудиториялар сабақты топтық әдіспен өткізу үшін жылжымалы, қозғалм тебінде 720 бала білім алады және 41 мұғалім оқыту үдерісін қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектеп EunSeok, шет тілдер мектебі DaeWon және инклюзивті білім беру мекемесі KyungWoon атты білім беру ұйымдарының  Smart-технологиялар мен Smart-құрылғыларды оқу үдерісінде қалай қолдану керек екенін көрсетті.

— Білім алушыларға онлайн кеңес беру.
— Контент даярламаларын жасақтауға көмек.

Қыз балаларға арналған жоғарғы Ewha мектебінде болған кезде тыңдаушылар жоғарғы мектептегі бейінді оқыту іс-тәжірибесі таныстырылды.
Бейіндік технологияны жүзеге асыруға бағытталған Ewha мектебінде материалдық-техникалық база жасақталған: бейнестудия, бейнемонтаж студиясы,бейнедизайн студиясы,314 жеке компьютер,лицензиялы бағдарламамен қамтылып, пайдаланылуда. АҚШ, жапон және тайваньдық мектептермен ынтымақтастық келісім жасақталған.
Оңтүстік Кореяда кадрларды дайындаумен педагогикалық университеттер және педагогтарды оқыту орталықтары айналысады, сонымен қатар педагогтарды  оқыту, кеңес беру арнайы құрылған порталдар арқылы жүргізіледі.
Оқудың нәтижесі бойынша ұсыныстар
Оқудың нәтижесі бойынша Корей және Қазақстан Республикаларында смарт оқыту тәжірибесін салыстырып, талдау жасау негізінде отандық тәжірибесін басым жақтарын атап көрсетуге болады:
1. Қазақстан Республикасында смарт оқытуды енгізу жағдайында  әлемдік тенденцияға сәйкес дамуда.
2. Мектептерде АКТ- инфрақұрылым қалыптасуда.
3. Контенттер жасақталуда, сандық білім ресурстары құрылуда (СБР).
4. Отандық «Бiлiм» телеканалы жұмыс істеуде.
5. Білім медиа груп ЖШС білім ресурстарын жасақтауда

Қазақстандық тәжірибенің әлсіз жақтарын атап көрсетуге болады:
1) мобильді (Smartphone, iPOd, PC tablet) заманауи технологиялық базасын қолдану бағыты жеткіліксіз;
2) Білім беру ұйымдарының Интернетке қосылу жылдамдығы төмен;
3) Білім сапасын қамтамасыз етуде педагог кадрлардың сандық білім ресурстарын қолдану деңгейлері әлі де болса төмен;
4) контентін жасақтауда бәсекеге қабілетті ортаның болмауы.

Индира Юсупова Төлегенқызы
 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
Инновациялық дамуды әдістемелік
қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы,
химия магистрі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.