Home » Білім және тұлға » Конструктивті оқыту: Қазіргі және болашағы

Конструктивті оқыту: Қазіргі және болашағы

«Ең оңайы — еліктеу, Ең ащысы — тәжірибе, Ең мәртебелісі – ойлау»

Конфуций

Жоғарыда айтылған Конфуцийдің сөзін сілтеме ретінде ала отырып, оқушыларға орта білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған айта келе оқушылардың ойлауын дамыту бұрынғы алған білімен қазіргі сындарлы конструктивті ұштастыру арқылы білім дәрежелерін көтеруге септігін тигізетініне көз жеткіздім. 3 айлық курстан өтіп жаңа форматтағы жаңаша көзқарас пен оқу мен оқытудағы жаңа әдіс — тәсілдерді меңгеру арқылы білім беру үдерісін өзгертуді жөн көрдім. Мұнда менің іс — тәжірибемде және жұмыс барысымда көптеген қиындықтар болғаны анық. Себебі оқушылар дәстүрлі стильге қалыптасып қалғаны анық. Сондықтан да оқушылармен көп жұмыс жасау арқылы оқу үдерісіндегі жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану және оқушылардың ойлау қабілеттерін жаңа көзқарас қалыптасыруға ықпал ете отырып, оқушыларды жаттанды дәстүрлі стилден өзгертуге бар күш жігерімді салдым. Оқушылар мен осы 3 айлық курстан өтпей тұрып дәстүрлі стиль бойынша сабақ беріп келдім. Ал қазіргі таңда дәстүрлі стилмен сындарлы конструктивті салыстыра отырып сараптама жасадым. Сол кезде байқағаным оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға өзін – өзі оқытуға пікірлерін айтуға, бағалауға, талдауға, талқылауға мүмкіндік бермегенімді байқадым. Қазіргі уақытта оқушылар және ұстаздар арасында сындарлы конструктивті оқытудың тиімді жолдарын қарастыра отырып, оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілді тиімді пайдалану 7 модулді ұштастыру арқылы білім беріп келеміз. Білім беретін ұстаздар мен оқушылардың ойлау қабілеттері және білімге деген көзқарастары мүлдем өзгерді. Мұнда: топпен, жұппен, талдау, талқылау, өзін –өзі оқыту, достармен бірге оқу ата –ана және ұстаздың көмегіне жүгіне келе өзін – өзі жетілдіруге мүмкіндік беру барысында оқушылардың өз ойын еркін жеткізіп пікірлерін ортаға сала әркімнің пікірі құнды екенін түсіндіру арқыл білім беріп келеміз. Қазіргі таңда көптеген әріптестермен кочингі, мастер класс т.б. өтікізу әріптестердің жаңа әдіс – тәсілдерді жетілдіру барысындағы іс — шаралары жүрекке қонымды және барлық әріптестерде жаңа форматтағы ұстаздар деп анық айтуға болады. Тек қана мектепішілік әріптестер емес сонымен қатар магниттік мектептегі әріптестермен де және жаңа курс өту барысында да сонымен қатар АКТ тиімді пайдалану арқылы қашықтан оқуды да Республикалық, облыстық, аудандық көптеген іс – шараларға қатысып, мақалалар жариялап, сабақтарды видео сабақтар, презентациялау сабақтарына қатысып келемін. Облыс бойынша видео презентациялау сабақтарынан І — орын иелендім. Бұл осы сындарлы конструктивті оқытудың нәтижесі екенін айта кетуді жөн көрдім. Оқушылар облыстық, аудандық дәрежедегі шығармашылық сабақтарға қатысып, өздерінің жетістіктерін көрсете келе Қарағанды облысы Білім басқармасы Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан — менің алтын

бесігім» атты сырттай облыстық байқауында «Компьютерлік презентация және видео сабақ» номинациясы бойынша І орын иеленгені үшін 10 «А» сынып оқушысы Ерсін Саулет жетекшісі Мухатай Марта Дипломмен марапатталды. Қарағанды облысы білім Басқарамасы «Сарыарқа дарын» аймақтық ғылыми – практикалық орталығы. Информатикадан 27 Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру шеңберінде өзкізілген ауыл олимпиадасында информатика пәні бойынша ІІІ орын дипломдармен марапатталды. Абай ауданы Қарабас кентінің №15 ЖББМ 10 «А», 11 «А» сынып оқушылары Багзат Наурызбай , Ерсін Сәулет т.б. Сондықтан да оқушы сабақта визуалды айғақтар арқылы көзбен көргенде 81% пайыз, ал естуде 10% ақпараттарды есте сақтай алады. Бұл дегеніміз оқушы көзбен көріп қолмен істеген жұмысын, келешекте кез — келген жерде тиімді пайдалануға септігін тигізетіні анық. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Конструктивті оқыту: оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім — біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. «Білім алуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. «Метатану» деп индивидті қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін білу, түсіну, реттеуін айтамыз. Өзін –өзі оқытуды жетілдіруде ұстаз да, оқушы да өз — өзіне сенімді болады. Егер өз бойында сенімділік болмаған жағдайда білімге күмәнмен қарау нәтижесі туындайды, сенім болмаған жерде нәтиже болмайды. Мұғалім оқушылардың іс – әрекетіне қарай жұмыс жасау бағыт — бағдар беру және ой, пікір қосу керек. «Өзгеріс — өткінші оқиға емес, ол уақытты керек етеді» деген жаңа жобаның өзгерісі уақыт өте келе нәтиже беретініне сенімді болдым. «Диалог негізінде оқыту және оқу» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» ретінде қолданылады. Себебі олар әлеуметтік – сындарлы конструктивті көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой — пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Мұнда ең бастысы оқушылар сыни тұрғыда ойлай білу және сын көзбен қарау өз пікірін ашық айту, өзгенің пікірне құлақ асу арқылы талдау, талқылауға қалыптасады. Әрбір оқушы сыни ойлау көзқарастарын қалыптастыру барысында білімге деген сенімділігі пайда бола бастайды. Топпен жұмыс жасау барысында сол топтағы дарынды баланы мойындап көшбасшы ретінде сайлап алады. Көшбасшы болған оқушы өзінің іс – әркетін дұрыс меңгеру арқылы бірін –бірі оқытуға үнемі ықпал етіп бақылап отырады. Өзімнің күнделікті оқу барысымда Қуат Тілеугүл, Каримова Аяулым, Хытайхан Мөлдір, Аманбек Гүлжан, Бесжанова Айгул, Ержанұлы Санжар,Дәлелхан Әйгерім, Самырық Данагүл,Маули Жасұлан, Алдығамыш Марғұлан т.б деген оқушылар көшбасшы ретінде сабақтың тақырыбын өздіктерімен аша отырып, бірін – бірі бақылау, қадағалау арқылы оқыта бастады. Мен жаңа форматтағы

мұғалім болғандықтан сабақта аз сөйлеп, оқушыларды әр түрлі әдістермен көп сөйлетуге, өздіктерімен шешім қабылдауға бағыт – бағдар беру арқылы оқу үдерісінде оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы мұғаліммен тең дәрежеде әрекеттеседі. Сол кезде оқушылар мұғалім функциясын өздері атқара бастайды. Оқушыларды тек сындарлы конструктивті оқыту ғана емес оқушылардың функцияналдық сауттылығына да баса назар аудара отырып, оқушылардың мотиватциясын көтеру.

КОНСТРУКТИВТІ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КЕЛЕСІ ІС – ӘРЕКЕТТЕРГЕ БАСА НАЗАР АУДАРҒАН ЖӨН:

* бұрыннан жинақтаған білімі мен сындарлы конструктивті;

* қызығушылықтары;

* қажеттіліктері;

* пікірі, көзқарасы;

* бақылау, бағалауы;

* талдау, талқылау;

* сын тұрғысынан ойлау;

* тәжірибеден нақты нәтиже шығару т.б сол сияқты.

Мұғалім деңгейлерін анықтап алғаннан кейін оқушыларға не қажет екенін, өзінің ойына алғаны дұрыс. Негізінен қажеттіліктер бұрынғы алған білімінің жеткіліксіздігіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың қажеттіліктерін екіге бөлуге болады:

1) жеке қажеттіліктер — өзін — өзі оқыту топпен, жұппен, т.б.

2) жалпыға ортақ қажеттіліктер — талдау, талқылау, бақылау, бағалау, пікірін ойын еркін жетізу сын тұрғысынан ойлау, зерттеу өзін – өзі жетілдіруге оқуға үйрену.

Мен жаңа форматтағы ұстаз болғандықтан осы жоғарыда айтылған қажеттіліктерді ескере отырып, жаңа білім беру үдерісіне көштім. Қазіргі таңда оқушылар сын тұрғысынан ойлай алады, өз пікірлерін ойын еркін жеткізеді, сыныпта өздерін кең ұстап жақсы атмосфера қалыптасыру және өз бетерімен білім алуға ықпал етуде бірден — бір күш ол жаңа әдіс – тәсілдің тиімділігі екен айтқан жөн. Білім беру үдерісінің болашағын ойлайтын болсақ қазірден бастаған істің жемісін нәтижелі екенін айтқан жөн. Болашақта жақсы нәтижелерге жету үшін осы бағытта жұмыс жасап терең мән бере келе оқушылар нені қалайды?, қалай оқыту керектігіне баса назар аударған дұрыс. Сонда ғана болашақта жемісін береді жалпы барлық ұстаздар әріптестер өз білім беру үдерісіне жақсы жаңалықтар енгізе отырып іздену барысында жұмыс жүргіземіз. Тынбай еңбектену қажеттілігі туындайды. Сол себепті, ұстаз деген ұлы түлға үнемі ізденіс үстінде қажымай ,талмай еңбек ету керек екенін естен шығармаған абзал. Тәжірибеден нақты нәтиже шығару арқылы жетістікке жетуге қазірден бастап болашаққа ұмтылу қажет.

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің

№15 ЖББМ Информатика пәні мұғалімі Мухатай Марта

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.